476
в) өмірге немесе денсаулыкқа қауіпті күш қолдана отырып жасау: жәбірленушінің
денсаулығына қасақана жеңіл,
орташа ауырлықтағы, ауыр зиян келтіру, ұрып-согу, оларды суық
немесе өте ыстык жайларда ұстау,
ұзақ уақытқа қол-аяғын байлап, аузын тығындап тастау, т.б.;
г) қаруды (атылатын немесе суық) немесе кару ретінде пайдаланылатын заттарды (таяқ, балта,
монтировка және т.б.) қолдана отырып жасау;
д) көрінеу кәмелетке (18-ге) толмаған адамға қатысты жасау;
е) айыптыға жүктілік жағдайы
көрінеу мэлім әйелге катысты;
ж) көрінеу дәрменсіз күйдегі адамға (өте жас, кэрі, есалаң, ауру адамдарға) қатысты;
з)
екі немесе одан да көп адамга қатысты. Қылмыстық кодекстің 261-бабының
1-
тармағында адамды ғана кепілге алғандық үшін жауаптылық белгіленген;
и) гіайдакүнемдікпен немесе жалдану арқылы жасалса. Пайда табудың немесе жалданудың
түсінігі ҚК-тің 99-бабының 2-тармағының «а» тармақшасында берілген.
Қылмыстық кодекстің 261-бабының 3-тармағында адамды кепілге алуды кылмыстык топ
(қараңыз: Қылмыстық кодекстің 31-бабының 3-тармағы) жасаған не абайсызда адам өліміне немесе
өзге де ауыр зардаптарға (жәбірленушінің немесе оның туыстарынын ауыр науқасқа душар болуы,
ауыр дене жарақатын алуы немесе оларға едәуір мөлшердегі мүліктік залал келтірілсе жэне т.б.)
әкеп соқканы үшін жауаптылық белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 261-бабының ескертуінде: «Кепілге алынған адамды өз еркі- мен немесе
өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде
өзге қылмыс кұрамы
болмаса, қылмыстық жауаптылыктан босатылады», - делінген. Осыган орай қылмыстык
жауаптылықтан босатылудың шарттары: а) кепілге алынған адамды өз еркімен босату; б) өкіметтің
талап етуі бойынша босату болып табылады. Кепілге алынган адамды өз еркімен босату деп кепілге
алган адамның кепілге алынган адамды ұстап тұруға толык мүмкіндігі бола түра, оны босатуын
айтамыз. Өкіметтің талап етуі бойынша босату да осылай жүзеге асырылады. Кепілге алынган
адамды амалсыздан бо- сату өз еркімен босатуға жатпайды.
Кепілге алынган адамы өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі
бойынша босатқан адамның
әрекетінде басқа кылмыстық қүқық бұзушылық құрамы (мысалы, кепілге алынған адамды зорлау,
оган ауыр, орта, жеңіл дене жаракатын келтіру: адам өлтіру, қару- жарақ, оқ, дэріні ұрлау т.б.) бар
болса, онда ол осы істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: