Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз



Pdf көрінісі
бет435/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

300- 
6 а п. Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз 
егіп-өсіру 
1. 
Өсіруге тыйым салынган өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе сораның, көкнәрдің 
немесе қурамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктердің сурыптарын егіп-өсіру - 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Мынадай: 
1) 
адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
2) 
бірнеше рет; 
3) 
ірі мөлшерде жасалган дәл сол іс-әрекеттер - 
уш жылдан сегіз жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстың заты болып құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктер 
саналады. Бұлар апиын, үндістандык, оңтүстік-манчжурия, оңтүстік Шу, оңтүстік архон сорасы, 
кокаин бұтасы, кат, Қазақстан Республикасында өсетін, бірақ өсіру үшін тыйым салынган немесе ол 
үшін арнаулы рұқсатты қажет ететін өсімдіктер: ұйықтататын көкнәр түріндегі өсімдік, сора 
тұқымдас өсімдік. 
Қылмыстың объективтік жагы өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе 
сораны, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктер сорггарын өсіру аркылы 
сипатталады. Егу немесе өсірудің эркайсысы жеке қылмысты іс-әрекет болып табылады. 
Егу дегеніміз кұрамында есірткі заттар бар өсімдіктердің тұқымын, көшеттерін кез келген жер 
учаскесіне (оның ішінде тақыр жерге де) отырғызу болып табылады. 
Өсіру дегеніміз кұрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді күту (суару, арам шөбін тазадау, 
катарын жұмсарту) аркылы оны пісіп-жетілу деңгеміне жеткізу болып табылады. 
Сораны, көкнэрді немесе құрамында есірткі заттар бар баска да өсімдіктерді өсіру деп соларды 
себуді және көбейтуді айтамыз. Қылмыс формальдык кұрамга жатады. Ол заң өсіруге тыйым салған 
құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді егу немесе өсіру әрекеттерінің біреуін істеген уақыттан 
бастап-ақ аяқталған деп табылады. Осындай өсімдіктердің тұқымын жинау есірткі заттарды 
дайындауға оқталгандық деп бағаланады. 
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасаканалықпен істеледі. Қылмысты сара- лау үшін 
тыйым салынған құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді өсіру мақсатының эсері болмайды. Егер 
кінәлі адам өсірілген өсімдіктерден есірткілік заттарды дайындаса, сактаса, тасымалдаса, жөнелтсе 


524
 
немесе өткізсе, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтыгы ҚК-тің 297, 300-баптары бойынша 
сараланады. 
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам. 
Қылмыстык кодекстің 300-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: 
адамдар тобының алдын ала сөз байласып (ҚК-тің 31-бабы); әлденеше рет (ҚК- тің 12-бабы); ірі 
мөлшерде (нақты жағдайларға байланысты өсімдіктің түрі, егістіктің көлемі және т.б. анықталады) 
үшін жауаптылық көзделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет