535
жазаланады.
Қылмыстык кұкык бұзушылықтың негізгі тікелей объектісі қоғамдық адамгершілік болып
табылады.
Қылмыстык құкық бұзушылықтын заты - жезөкшелікпен айналысуға арналган при- тондар.
Притондар деп ақы алып жезөкшелікпен айналысатын адамдардың кез келген нысандагы
жыныстык катынасты жүзеге асыратын арнайы жабдықталган тұрғын жайла- ры немесе
жабдықталмаган кез келген тұрғын үйге жатпайтын жайларды (автобус сало- ны, күзет үйлері,
кеңсе бөлмелері, казинолар, түнгі сауыктыру орындары т.с.с.) айтамыз.
Көрсетілген қылмыстың объективтік жағы жезөкшелікпен айналысуға арналған при- тондар
ұйымдастыру немесе ұстау; сондай-ақ пайдакүнемдік мақсаттағы
жеңгетайлык арқылы көрініс
табады.
Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру деп оны құруға арналған кез
келген іс-әрекеттерді айтамыз. Оған тұрғын жайды табу оның иесімен шарт жасасу, осы жайларды
жезөкшелікпен айналысуға жабдықтау (мебельдер қою, гигиеналык кұралдар, жамылатын,
басқадай қажетті киімдер алу), жезөкшелікпен айналысуға
бейім клиенттерді табу, күзет және
қауіпсіздік шараларын белгілеу жатады.
Притонды ұстау деп тұргын жайларды жезөкшелікпен айналысу үшін үнемі жалға бере
отырып, сол үшін акы алу, осы жайларды күтіп ұстауды, күзетуді, оған қажетті жабдықтарды
қамтамасыз етіп отыруды жүзеге асыруды айтамыз. Жезөкшелікпен айналысуға пайдакүнемдік
максатта жеңгетайлық жасау деп осындай тәсілмен жыныстық катынастар жасауға бейім
адамдарды
іздестіріп, оны бір-бірімен кездестіруді, притон- ды ұйымдастырушы мен оны
ұстаушыларга осындай клиенттерді тауып беріп, сол үшін тиісті акы алушылықты айтамыз.
Талдау жасалып отырылған қылмыс формальдык құрамга жатады. Ол
Қылмыстық кодекстің
309-бабының 1-тармағының диспозиниясында көрсетілген әрекеттердің бірін істеген уақыттан
бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтікжағынан қылмыс тікелей қасаканалыкпен істеледі. Адам жезөкшелікпен
айналысуға арналған притондар ұйымдастырғанын немесе ұстағанын, соған пайда- күнемдік
мақсатпен жеңгетайлық жасағанын сезеді, біледі және сондай әрекеттер істеуді тілейді.
Қылмыстык кұқык бұзушылык субъектісі - 16-ға толған адам.
Қылмыстық құкық бұзушылық кодекстің 309-бабының 2 және 3-тармағында
осы қылмыстың
ауырлататын түрі:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет жасалған;
3) кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартумен ұштаскан дәл сол іс-
әрекеттер (309-баптың 2-бөлігі).
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген,
кылмыстық топ жасаган іс-
эрекеттер - (309-баптың 3-бөлігі). Осы белгілерге анықтаманы Қылмыстық кодекстің жалпы
бөліміне талдау жасалғанда көрсетіп кеткенбіз.
Достарыңызбен бөлісу: