Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


бес  мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде



Pdf көрінісі
бет453/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

бес 
мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде 
түзеу жұмыстарына не бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол иер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың негізгі тікелей объектісі қоғамдық адамгершілік қосымша 
тікелей объектісі - меншік қатынастары, арагідік азаматтардың денсаулыгы, ұлттық, нәсілдік 
немесе діни өшпенділік болуы мүмкін. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты өлгендердің мәйіттері, жерлеу орындары, құлпытас 
құрылыстары, жерлеуге немесе еске алуға байланысты рэсімдер откізуге арналган зират үйлері 
болады. 
Жерлеу орындары деп - өлгендердің мәйіттерін кометін этикалық, санитарлық жэне 
экологиялық талаптарға сай бөлінген жерлер. 
Құлпытас кұрылыстарына жерленген жердің қоршаулары, ескерткіш тақта, архитектуралық 
құрылыстар, гүл шоқтары және т.б. заттар жатады. 
Жерлеуге немесе еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған үйлерге - шір- кеулер, 
мешіттер, рэсім өткізу залдары жэне т.б. орындар жатады. 
Қылмыс объективтік жағынан өлгендердің мэйіттерін қорлау не олар жерленген жер- лерді, 
құлпытас кұрылыстарын немесе жерлеуге немесе еске алуға байланысты рэсімдер өткізуге 
арналған зират үйлерін жою, бүлдіру немесе аяққа басу арқылы жүзеге асыры- лады. 
Өлгендердің мэйіттерін қорлау - эдет-ғұрып, дэстүрлерге қайшы келетін жағдайда мэйіттерді 
ерекше қорлайтын әрекеттерді жүзеге асыру. Оған мэйіттерді жерленген жер- ден қазып алу, 
оларды кескілеу, дене мүшесінің тінін алу, мэйітті өртеп жіберу немесе оны ашық далада калдыру, 
өлген адамның мәйітімен жыныстық катынас жасау (некро- филия) т.б. әрекеттер жатады. 
Өлгендердің мэйіттерін жерлеу орнынан ашып алып маркұмның киімдерін, тіс қондырғыларын 


540
 
немесе басқадай бағалы заттарын алу әрекеті екі бірдей қылмыстың (өлгендердің мәйітін қорлау 
жэне бөтеннің мүлкін талан-таражға салу) жиынтығын құрайды. 
Жерлеу немесе рэсімдер өткізуге арналған орындарды жою деп олардың қоршауларын
ескерткіштерді, архитектуралық құрылыстарды, мүрделерді қиратып, мүлдем жарам- сыз етіп 
тастауды айтамыз. Жерлеуге немесе еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират 
үйлерін бүлдіру немесе аяққа басу деп ескерткіштерді, құлпытастарды бүлдіру, зират үйлеріне 
балағат сөздерді жазу, суреттер немесе басқа әдепсіз бейнелерді салу, жерлеу орындарындағы гүл 
шоқтарын, веноктарды бүлдіру немесе жою, оларды талан-таражға салу әрекеттерін істеуді 
айтамыз. Талданып отырған қылмыс формальдык - материалдық қүрамға жатады. Жерленген 
жерлерді, қүлпытас қүрылыстарын, рәсімдер өткізуге арналған зират үйлерін жою, бүлдіру 
әрекеттері материалдық, ал өлгендердін мэйітін қорлау формальдық құрамга жатады. 
Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бүзушылық тек кана тікелей 
қасаналыкпен 
жасалады. 
Қылмыстық кұқық бүзушылықтың субъектісі жалпы - 16-ға толған адам. 
Қылмыстык кодекстің 314-бабының 2-тармагында осы қылмыстын ауырлататын мы- надай 
түрлері: 1) әлденеше рет (ҚК-тің 12-бабы); 
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе қылмыстык топ жа- саса (ҚК-
тің 31 -бабы); 
3) ұлттық, нәсілдік немесе діни өштік не араздық уэжі тұрғысында; 
4) күш қолдану немесе оны қолданамын деп қоркыту арқылы жасалған әрекеттер үшін 
жауаптылык белгіленген. 
Егер өлгендердің мэйіті жерленген жерлер тарихи-мэдениет ескерткіштеріне жататын болса
онда оны касакана жойған немесе бүлдіргені үшін адамның әрекеті Қылмыстық кодекстің 202-
бабының 3-тармағының «2» тармакшасы бойынша сараланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет