546
Қылмыстық кұкық бұзушылық субъектісі - жалиы, 16-ға толган тиісті
бағдардагы медициналық
білімі жоқ адамдар.
Қылмыстық кодекстің 319-бабының 3-тармағында тиісті бағдардағы жоғары медициналық
білімі бар адамның заңсыз түсік жасағаны үшін жауаптылық көзделген.
Егер түсік емдеу мекемесінен тыскары жерде жүзеге асырылса (аса қажеттілік жағдайларынан
басқа); түсік жасаған әйел ауру болса немесе медициналық, әлеумеггік көрсеткіштер бойынша оған
түсік жасауға негіз болмаса, бүрынғы жасалған түсіктен соң 6 ай мерзім өтпесе, түсік
заңсыз
жасалған деп танылады.
Қылмыстык құқық бұзушылык заңсыз түсік жасаған уакыттан бастап аяқталған деп табылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналыкпен және эр түрлі ни- еттермен: пайдакүнемдік,
тұрмысқа шықпаган немесе некесіз жағдайда пайда болған жүктіліктен арылуды өтінген әйелге
аяушылық білдіру т.с.с.
Қылмыстық кұкык бұзушылык субъектісі - 16-ға толған тиісті бейіндегі жоғары медициналық
білімі бар заңсыз түсік жасаған адам (хирург-гинеколог, акушер-гинеко- лог). Осы қылмыстык
құқық бұзушылықтың ауырлататын түрі - Қылмыстық кодекстің 319-бабының 4-тармағында
осындай іс-эрекеттерді тиісті бейіндегі жоғары медициналык білімі бар адамның бірнеші рет
заңсыз түсік жасағаны үшін жауаптылық көзделген, Қылмыстык құқық бұзушылықты бірнеше рет
жасау түсінігі ҚК-тің 12-бабында берілген.
Қылмыстык кодекстің 319-бабынын 5-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі
тиісті
багдардағы жоғары медициналык білімі бар адамның сондай-ақ мұндай білімі жок адамның заңсыз
түсік жасауы абайсызда жәбірленушінің өлуіне не оның денсаулыгына ауыр зиян келтіруте экеп
соққаны үшін жауаптылық көзделген.
Қылмыстык кодекстің 319-бабының 5-тармағында көрсетілген қылмыстық құқык бұзушылық
материалдық құрамға жатады. Сондықтан да заңсыз жасалған түсік пен одан арын алған зардаптың
арасындағы себепті байланысты анықтау кажет. Ауыр зиян келтірудің түсінігі Қылмыстық кодестің
109-бабында берілген.
Субъективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 319-бабының 5-тармағында қылмыстык кұқық
бұзушылық кінэнің екі бірдей нысаны арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: