584
Белгі
беру кұралдарына - семафорлар, багдаршамдар, шлагбаумдар, маяктар, бакен- дер, белгі
беру кұрылымдары, автотежегіш жүйелері т. с.с. жатады.
Байланыс кұралдарына - ведомстволык телефондар, радиотелефондар және телеграф
линиялары, рациялар, жасанды байланыс аппараттары т.с.с. жатады.
Өзге де көлік жабдыктарына көпірлер, эстакадалар, радиолокаторлар, туннельдер, шлюздер т.с.с
жатады.
Қылмыстық құкық бұзушылық объективтік жагынан: а) көлік құралдарын, қатынас жолдарын,
бслгі беру
немесе байланыс құралдарын, не өзге көлік жабдықтарын сапа- сыз жөндеу, сондай-ак
техникалык акауы бар көлік құралдарын пайдалануга шыгару; б) денсаулыкка ауыр немесе орташа
ауырлықтағы зиян келтіру; в) көрсетілген осы эрекет пен орын алган зардаптың арасын
байланыстырудың себепті байланысы болуы аркылы сипатталады.
Жөнделген бұйымдарды міндетті техникалыкталаптарға сай емес күйде
әзірлеу сапа- сыз
жондеу деп танылады.
Көлік кұралдарының техникалық күйіне жауапты адамның техникалық ақауы бар екені белгілі
көлік құралдарын пайдалануга уақытша, ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат етуі, оларды жолга
шығару деп танылады.
Осы кылмыстык құкық бұзушылықтың зардабы заңда Қылмыстык кодекстің 344-бабындағы
сияқты -денсаулыққаорташа ауырлықтағы зиян (348-баптың 1-тармагы), денсаулыкка ауыр зиян
(344-баптың 2-тармагы), кісі өлімі (348-баптың 3-тармағы), екі немесе одан да көп адамның өлімі
(348-баптың 4-тармагы) деп көрсетілген.
Субъективтік жагынан көрсетілген қылмыстык кұкык бұзушылық құрамы абайсыз- дықпен
істеледі. Егер заңда көрсетілген осы іс-әрекеттер қасақана түрде
жасалган болса, онда кінэлі істің
накты жағдайларына байланысты диверсия: террорлық акт, қасақана кісі өлтіру немесе денеге
жарақат салу, мүлікті касакана жою немесе бүлдіргені үшін жауаптылыққа тартылады.
Көлік құралдарын, катынас жолдарын: белгі беру немесе байланыс
құралдарын не өзге иелік
құралдарын жөндеудің субъектісі көрсетілген механизмдерді жөндеген кез келген 16-ға толган адам
болады, ал көлік құралдарын пайдалануга жіберудің субъектісі норма- тивтік актілер немесе кызмет
борышы бойынша көлік кұралдарының техникалық күйіне жауапты адамдар (механик, диспетчер,
колонна бастығы, жол қауіпсіздігі жөніндегі ин- женер) болады.
Достарыңызбен бөлісу: