610
Дара кэсілкерлік немесе ұйымдык-кұкыктык нысандарына немесе меншік нысан- дарына караіі
жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге -
занда белгіленген кэсіпкерлік қызметтің түрін таңдап алуға ке- дергі жасау; кәсіпкерлік қызметтің
түрімен айнапысуға субъектілердің тең құқыгын бұзу, жеке немесе коммерциялык ұйымдардың
кэсіпкерлік қызметін ашык немесе көмескі түрде тіркеуден жалтару, кэсіпкерлік кызметпен
айналысуға лицензия беруден негізсіз бас тарту немесе
лицензия беруден ашық жалтару; жеке
немесе коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін экономикалык, ғылыми-техникалық
немесе құқықтык жагынан негізсіз колдамау, азаматтардың, занды тұлгалардың, мемлекеттік
басқару органдарының заңды кәсіпкерлік кызметке кедергі жасауына
байланысты әрекеттеріне
сотқа шагымдану мүмкіндігін шектеу немесе одан айыру т.б. әрекеттер жатады. Жеке кәсіпкер мен
коммерциялык ұйымның дербестігін шсктеуге не оның қызметіне өзге де заңсыз араласуга -
өндірістік багдарламаларды өз бетімен жасау мүмкіндіктеріне кедергі қою; оз өнімдеріне
тұтынушылар мен өткізушілерді сұрыптап алуды, олардың багасын дербес белгілеуді шектеу; жеке
немесе занды тұлгалардың мүлкін, мүліктік құқыгын, интеллектуалдык меншік объектілерін,
каржысын келісімшарт негізінде пайдалануга тар- туды тежеу; сыртқы экономикалык қызметті
жүзеге асыруга негізсіз араласу эрекеттері жагады.
Занды күшіне енген сот актісін бұза отырып, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауга - жеке
немесе коммерциялык ұйымдардың занды кэсіпкерлік кызметіне кедер- гі
жасалуына байланысты
(Мысалы, мемлекеттік тіркеуден откізбеу, заңсыз лицензия бермеу, эр түрлі кедергілер келтіру т.б.)
кэсіпкерлердің сотқа шагымдануы негізінде анықталып, сот құжатында көрсетілген, занды күшіне
енген талаптарды бұзу эрекеттері жатады.
Ірі залал келтіріле отырылып жасалған заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауға азаматка
айлык есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада келтірілген зиян, не ұйым мен мемлекетке
кылмыс жасалған сәтке Қазакстан Республикасының заңдарында бел- гіленген айлык есептік
көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомада келтірілген зиян жатады (189-баптың ескертуі).
Өзінің
заңдылык құрылысына карай талдап отырылган кылмыс құрамы формальдык-материалдық құрамга
жатады. Қылмыс 189-баптың диспозиция- сында көрсетілген балама эрекеттердің біреуі жасалса
аякталган деп саналады.
Субъективтік жагынан қылмыс тікелей касақаналық арқылы істеледі. Кінэлі адам өзінін іс-
әрекеті аркылы заңсыз кәсіпкерлік қызметке кедергі жасағанын сезеді, біледі жэне соны тілейді.
Қылмыстың субъектісі - арнаулы субъект, кэсіпкерлік қызметті тіркейтін, лицензия беретін
мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
ҚК-тің 365-быбының 2, 3-тармактарында берілген:
1)
лауазымды адам;
2) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) ірі мөлшерде жасалган дәл сол іс-әрекеттер - (365-бап 2-бөлігі) осы құрамның ауырлататын
түріне,
Ал осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) жауапты мемлекеттік лауазымды аткаратын адам жасаған;
2) аса ірі мөлшерде жасалған;
3) қылмыстық топ жасаған не кылмыстық топтың мүддесіне орай жасалган іс- әрекеттер - (365-
бап 3-тармагы) қылмыс құрамының аса ауырлататын түрі болып табы- лады.
Достарыңызбен бөлісу: