615
3) келісімге келген әрбір адам өз қызметін пайдалана отырып пара берушінің мүддесіне белгілі
бір іс-әрекеттерді жасайды;
4) келісімге қатысқан эрбір адам параның тиісті бөлігінен өз үлесін алады.
Қылмыстық топ болып пара алуға қызмет адамдарының осы әрекетпен шұғылдану
үшін тұрақты топқа бірігуі жатады. Қылмыстық топтың түсінігі Қылмыстық кодекстің
3-
бабының 24-тармағында берілген.
Пара алудың аса ауырлататын тағы бір түрі - аса ірі мөлшердегі
пара алу болып табы- лады
(366-баптың 4-тармағы).
Заңға сәйкес үш мыңнан он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі акша сомасы, багалы
қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттагы пайданың құны аса ірі мөлшердегі пара
деп танылады (3-баптың 39-тармағы).
Пара алудың аса ауырлататын түріне - бірнеше рет пара алу жатады (366-бап 3-тармағының «4»
тармақшасы). Бірнеше рет жасалатын қылмыс түсінігі Қылмыстық кодекстің 12-бабында берілген.
Аса ірі мөлшердегі пара алу үшін жауаптылық ҚК-тің 366-бабының 4-тармагында
қарастырылған. Он мың айлык есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге
де мүліктің құны немесе мүліктік сипаттағы пайданың кұны аса
ірі мөлшердегі пара болып
табылады (ҚК-тің 3-бабының 3-тармағы).
Заңға сәйкес пара затының құнын толық белгілеудің де өзіндік маңызы зор. Кей- бір реттерде
сыйлык ретінде пара алу құны іс-әрекетті қылмысқа жатқызуға неме- се жатқызбауга негіз болады.
Осыған орай қылмыстық заңда - егер сыйлыктың кұны екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, кінэлі
адамның бірінші рет сыйлық ретінде мүлік, мүлікке немесе өзге мүліктік пайдаға құқық алуы бұрын
жасалган заңды әрекеті (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз
екендігіне бай- ланысты кылмыс болып табылмайды жэне тэртіптік ретпен қудаланады деп
белгіленген (ҚК-тің 366-бабының ескертуі).
Бұл жерде алдын ала уағдаласпай жүзеге асырылган осы әрекеттер үшін
кызмет адамдары
тәртіптік немесе экімшілік жазаға тартылады, ал ондай уағдаластық бар болған ретте олардың іс-
әрекеті қылмыс қатарына жаткызылып, кінәлі 366-баптың тиісті
тармақтары бойынша жауапка
тартылады.
Пара алудың субъектісі - мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған
теңестірілген адам, лауазымды адам, жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адам. Олардың
түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабында берілген.
Достарыңызбен бөлісу: