703
кылмыс нысанының жасалуы аркылы көрініс табады. Оның біріншісі куэні, жәбірленушіні олардың
жалған жауап беруі мақсатында не сарапшыны оның жалган корыгынды немесе жалган жауап беруі
мақсатында, сол сиякты аудармашыны оның бұрыс аударманы жүзеге асыруы максатында сатып
алу (422-баптың 1-тармағы).
Сатып алу - заңда көрсетілген адамдарға кез
келген материалдык заттарды, игіліктер- ді
кінэлінің өзінің немесе баска адам аркылы беруі, немесе беремін деп уэде беруі болып табылады.
Егер сарапшы немесе аудармашы лауазымды тұлга болса, онда олардың саты- луы пара алу ретінде
сараланады.
Куәні, жәбірленушіні
жалған жауап беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе
аудармашыны бұрыс аударуды жүзеге асыруға мэжбүр ету, сол сияқты аталған адамдарды
бопсалаумен, өлтіремін, денсаулыгына зиян келтіремін деп осы
адамдардың немесе олардың
туыстарының мүлкін жоямын деп корқытумен ұштаскан, жауап беруден жалтаруга мэжбүр ету осы
кылмыстың жасалуының екінші бір көрінісі болып табылады (422-баптың 2-тармағы).
Мэжбүр етуге жәбірленушінің еркіне тікелей эсер ететін оның өзінің калауы бойын- ша, ерікті
түрде әрекет етуіне жол бермейтін эрекеттерді қолдану жатады.
Заңда мұндай мэжбүр етудін тэсілдері: бопсалау, өлтіремін,
денсаулығына зиян кел- тіремін,
осы адамдардың немесе олардың туыстарының мүлкін жоямын деп корқытумен ұштаскан әрекеттер
көрсетілген.
Бопсалау жэне коркыту жәбірленуші үшін накты іске асатын, объективтік ақиқат ретінде
қабылдануы кажет.
Қылмыстық қүкык бүзушылык формальдык кұрамға жатады және ол сатып алу не- месе мәжбүр
ету әрекеттері орын алган сәттен жалған жауап беру немесе
жалған жау- ап беруден жалтару,
жалған корытынды беру не кате аудару болғанына не болмағанына карамастан аяқталған деп
саналады.
Қылмыстық құкык бұзушылык субъективтік жағынан тікелей қасаканалыкпен істе- леді. Кінәлі
адам занда көрсетілген адамдарды сатып алу немесе мәжбүр ету арқылы заңсыз әрекеттер істейтінін
сезеді жэне соны тілейді.
Қылмыстық құқык бүзушылықтың субъективтік жағының тағы бір белгісі қылмыстың мақсаты
жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беру- ге не кате аударуға
қол жеткізу болып табылады.
Қылмыстык күқык бұзушылыктың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам.
ҚК-тің 354-бабының 3 жэне 4-тармақтарында осы кылмыстык кұқық бұзушылықтың
ауырлататын 2 түрі:
1) осы баптың
екінші бөлігінде көзделген, аталған адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін
қауіпсіз күш қолданылып жасалған әрекет;
2) осы баптың бірінші жэне екінші бөліктерінде көзделген,
қылмыстык топпен не аталган
адамдардын өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті күш колданылып, сол сияқты сыбайлас жемқорлык,
ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен байланы- сты жасалған әрекеттер үшін
жауаптылық көзделген.
Адам өмірі мен денсаулыгы үшін күш колданудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 125-бабында
берілген, ал кылмыстық топтың түсінігі Қылмыстык кодекстің 31-бабының 3-тармағында
көрсетілген.
Адам өмірі мен денсаулығына кауіпті күш қолданудан кісі өлімі немесе ауыр дене жаракаты
пайда болса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады (ҚК-тің 99-бабы, 422-
баптың 4-тармагы немесе 106-бап, 422-баптың 4-тармағы).
Достарыңызбен бөлісу: