460-
6 а п. Әскери мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру
Қару-жарақты, оқ-дәрілерді, қозгалыс қуралдарын не әскери техника заттарын ауыр
зардаптарга әкеп соққан абайсызда жою немесе бүлдіру
-
бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде
түзеу жумыстарына не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады.
Бұл кылмыстык құқық бұзушылық құрамының субъективтік жағының белгісінен баска
белгілері бойынша Қылмыстык кодекстің 459-бабының 2-тармағында көрсетілген кылмыс
құрамымен дәлме-дәл сәйкес келеді. Қылмыстық кодекстің 460-бабындағы кылмыс кінәнің
абайсыздық нысаны арқылы жасалады.
461-
6 а п. Әскери мүлікті жоғалту
Қызметте пайдалану үшін сеніп тапсырылган қару-жарақты, оқ-дәрілерді немесе әскери
техника заттарын сақтау қагидаларын бузу, егер бул оларды жогалтуга акеп соқса
-
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде
түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер-
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады.
Қылмыстык кұкык бұзушылык объективтік жағынан қызметте пайдалану үшін сеніп берілген
кару-жаракты, оқ-дәріні немесе әскери техника заттарын сақтау қағидаларын бұзуы, егер бұл
олардың жоғалуына әкеп соғу аркылы сипатталады.
Қылмыстык құкық бұзушылық әрекет немесе эрекетсіздік арқылы істелуі мүмкін. Жоғалту
мүлікті карамай тастаудан, оның сақталу ережелерін бұзудан, ұрлатып немесе басқадай жолдармен
иеліктен шығарып алу аркылы болуы мүмкін.
Қылмыстық кұкық бұзушылык материалдық құрамға жатады. Мүлікті пайдалану ережелерін
бұзу мен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс анықталуы қажет. Қылмыстык кұкык
бұзушылық субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасаканалыкпен жасалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |