Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Қылмыстық жауаптылықтың негізі



Pdf көрінісі
бет7/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

4- 
6 а п. Қылмыстық жауаптылықтың негізі 
Қылмыстық қуқық бұзуіиылықтар жасау, ягни осы Кодексте көзделген қылмыс не 
қылмыстық теріс қылық құрамының барлық белгілері бар іс-ерекеттер қылмыстық 
жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Дәл сол бір қылмыстық құқық бұзушылық 
үшін ешкімді де қылмыстық жауаптылыққа қайталап тартуга болмайды. Қылмыстық заңды 
ұқсастыгы бойынша қолдануга жол берілмейді. 
Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талап- тарды 
катаң орындауды талап етеді, оны орындамаган ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде 
моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі. Құқылык жауапкершіліктің ішіндегі ең катал 
түрі қылмыстық құқык бұзушылық үшін жауаптылық болып саналады. Қылмыстык құкық 
бұзушылық үшін жауаптылык мемлекеттің заң шығарушы органы аркылы кылмыстық жазалау 
қатерімен тыйым салынған қоғамга қауіпті кінэлі түрде істелген іс-эрекет үшін ғана белгіленеді. 
Адам қылмыстык жауаптылыққа істеген іс- әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір 
қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа 
касакана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т. б. Мұның өзінде қылмыстык жауаптылык оның іс-
әрекеті накты қылмыстық құқық бұзушылық құрамын түзейтін кылмыстык кұқылык нормаларды 
кінәлі түрде ғана бұзганда жүзеге асырылады. 
Демек, қылмыстық құқық бұзушылык үшін жауаптылык бұл қылмыстық құкылық норманы 
бұзудың нәтижесі, коғамға қауіпті іс-эрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыстық құқык 
бұзушылык істелмесе, қылмыстық жауаптылық та болмайды. 
Қылмыстык кұкық бұзушылык үшіи заң бойышпа жазалау қатерімен тыйым салынған қогамга 
кауіпті іс-эрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыстык кұкык бұзушылық істеу 
арқылы келтірілген зиянның көлеміне, кылмыстың жасау тэсіліне, кінэнің нысанына, қылмыскердің 
тұлгасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады. 
Қылмыстыккұкыкбұзушылыкүшінжауаптылыкөзінетәнерекшелігімен оқшауланган кұқылық 
жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстык кұқык бұзушылық үшін - өзінің нысаны
мазмұны жагынан мемлекеттік күштеу мэні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген 


26 
қылмысқа тиісінше бага бере отырып, оны істеген адамга мемлекет тарапынан занда көрсетілген 
күшпен орындалуга тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Ягни, кылмыстық кұқык 
бұзушылық үшін жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық 
жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оган зандылык бага береді. 
Қылмыстық құкык бұзушылық үшін жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси 
бага беріп мінеу жэне мемлекет, қогам тарапынан қылмысын бетіне басу) және зандылық (қылмыс 
істеген адамга қолданылатын мемлекеттік күштеу шара- лары). Бұлар қылмыстык жауаптылықтың 
маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады. Сонымен, қылмыстык жауаптылық деп - кылмыс заңы 
бойынша қылмыс деп белгілен- ген накты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті 
органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылыгын) айтамыз. Қылмыстық құкық бұзушылық 
жауаптылық- қылмыстық құкылық қатынас мәселесімен тыгыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты 
көрініс арқылы белгіленеді. Біріншіден, қылмыстық құқық бұзушылык үшін құқылык қатынас 
кылмыстық жауаптылық сиякты істелген қылмыстың құқылық зардабы. 
Нақты қылмыстық құқық бұзушылық жасалмаса, қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық 
құкылық катынас та жок. Екіншіден, накты кылмыстық құқық бұзушылык жасалган уақыттан бастап 
кылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезет- те істелген қылмыстың салдарынан 
қылмыстық құбылыс, ягни қылмыстық құқылык қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген 
қылмыстық құқық бұзушылық зандылык факт болып табылады. Тараптардың арасында қылмыстың 
субъектісімен (қылмыс жасаган адаммен) мемлекеттің атынан өкілділік алган органдардың арасында 
тиісінше құқылық қатынастар пайда болады. Қылмыстық-құқылық қатынас бір жагынан мемлекет 
атынан эділ соттылыкты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші 
жағынан қылмыс істеген субъектінің (кылмыскердің) арасындағы қатынас болып табылады. Бұл 
қатынастар материалдық мазмұнға ие болады. 
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты: істелген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы 
қандай, кінәнің нысаны, дәрежесі, қылмыскердің тұлгасы, біткен немесе біт- пеген қылмыс па? 
Мұнда қылмыстык құқық бұзушылыққа қатысу немесе қылмыска жанасушылық болды ма жэне т. б. 
Сондай-ақ жазаны тагайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мэселелерге 
байланысты болады. Қылмыстық құкыктык қатынас іс жүргізу құкылык катынастармен тығыз 
байланысты. Өйткені, қылмыстық құқылық қатынас кылмыс істеу фактісіне байланысты болады. 
Істелген қылмыс бойынша оны козгау, тергеу, сотта карау мәселелері қылмыстык іс жүргізу 
кұкылык қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады. Бұл қатынастар субъектімен (қылмыс 
істеген адам) мемлекеттің оның уэкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады. 
Қылмыстык кұкыктык катынастар субъектілері заң бойынша айрықша құқыктар мен міндеттерге ие 
болады. Қылмыскер қылмыстық құкықтык катынастың объектісі болып табылады. Мемлекет 
қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылмыс істеуден сақтандырады және сотталган адамды 
түзеу мақсатын жүзеге асырады. 
Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде кылмыскер де мемлекетке өз көзкарасын білдіретін 
қатынастың субъектісі ретінде көрінеді. Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың объектісі 
болып калады. Яғни, субъекз және объект салыстырмалы түсініктер, сондыктан да олар, сөз жоқ, 
озара орын ауыстырулары мүмкін. Қылмыстық күқыктык қатынастың пайда болуын қылмыстык 
жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды. Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне 
енгеннен кейін ғана кылмыстык жауаптылық жүзеге асырылады. Сот айыптыны кінэлі деп тани 
отырып, кылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап 
кылмыстық-құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді. Қылмыстық қүқықтық қатынас 
мемлекеттің жаза жөніндегі қүқығы мен кылмыскердің тиісінше қылмыстың жауаптылығын көтеру 
міндет- тілігімен ғана шектеліп қоймайды. Қылмыскер тиісті өкімет органының күштеуі арқылы 
ықпал ететін объектісі гана емес, белгілі бір қүқыктардың субъектісі де. Өйткені жаза- лау шаралары 
оның жасаған қылмысының табиғатына, осы кылмысқа занда белгілен- ген жазаға, яғни санкцияға, 
Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге 


27 
асырылады. Сондықтан да кылмыстық қүқылық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын 
белгілеп қана қоймайды, сонымен бір- ге эділ соттылықты жүзеге асыруда заңдылықтың кепілі 
ретінде де көрінеді. Адамның қылмыстык жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен 
жүзеге асырылады. Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады. Бірақ та 
қылмыстық қүқық бүзушылык үшін жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге 
асырылмайды. Мысалы, қылмыстық кұқык бұзушылық жасаған адам анықталмады делік. Мүндай 
ретте қылмыстық қүқықтық қатынас (қылмыс істеген адам мен мемле- кет арасындағы) жүзеге 
аспайды. Бүған мысал ретінде латентті қылмыстарды қосуға болады. Қылмыстық құқық бүзушылык 
жасаған кінэлі адам, егер де ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық 
жауаптылыққа жэне жазаға тартылады. Бірақ та қолданылып жүрген кылмыстық жазаға сәйкес 
барлық уакытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті емес. Мысалы: Қылмыстық 
кодекстің 70-бабының 1-бөлігінде: «Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер сот істі 
караған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, 
сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. 
Осы баптың 2-бөлігінде қылмыстық теріс қылықты алғаш рет жасаған не онша ауыр емес немесе 
ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған адам, егер ол адамның одан кейінгі мінсіз мінез-
құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол коғамга қауіпті деп есептелмейтіні анықталса, сот 
оны кылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін» делінген. Осы бапта қылмыстық жауаптылықтан 
босату негізі көрсетілген. Ал Қылмыстық кодекстің 76-бабының 1-бөлігінде: «Қылмыстық теріс 
қылық немесе онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жа- 
заны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр 
науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мэн-жайлардың сал- дарынан оның 
отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан 
босатуы мүмкін» деп көрсетілген. Мүнда қылмыстық жаза- дан босатудың негізі ғана көрсетілген. 
Сонымен қылмыстық күқық бүзушылық үшін жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза 
тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын 
қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза 
тағайындалатын қылмыстык жауаптылықта айыптаушылыкпен бірге жазалану фактісі де бар. 
Осыған байланысты қьілмыстық жауаптылық бүл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, кылмыстық-
құқылық түсінік екендігін оның жазасыз-ақ қолданылатындығын және орындалатынын көреміз. 
Қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылыксыз жаза таганындау мүмкін смес. Со- нымен, 
кылмыстык кұкык бұзушылық үшін жауаптылык жэне жаза өзара тыгыз бір-бірі- не ұксас емес 
үгымдар екендігін аңғарамыз. 
Қылмыстык күқык бүзушылық үшін жауаптылықтың нсгізін дұрыс анықтау қүкық колдану 
органдары кызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады. Қылмыстык күқык 
бүзушылық қылмыстык жауаптылықтың негізі болып кылмыстык заңда көрсетілген кылмыс 
қүрамының барлык белгілері бар іс-әрекетті істеу бо- лып табылады (4-бап). Ягни, бүл деген 
қылмыстық жауапка және жазаға тек қана кылмыстық күкык бүзушылык істегенге, ягни қылмыстық 
заңда көрсетілген қогамға кауіпті іс-әрекеттерді касакана немесе абайсыздыктан істегенге айыпты 
адамга ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, кылмыстық қүқық бүзушылык үшін жауаптылық 
негізі іс-әрекетте қылмыстық қүқык бұзушылық қүрамының болуы болып табылады. Қылмыстық 
заң кылмыстык кұкык бұзушылык құрамы деген терминнің мазмүнын ашып көрсетпейді. Бүл мэселе 
кылмыстык күкық теориясында гана ашып корсетіледі. Адамның (қылмыстық құкық бұзушылық 
субъектінің) қылмыстық заңда көрсетілген қогамга кауіпті іс-эрекеттерді (қылмыстың объективтік 
жагы) кінэлі түрде касакана немесе абайсыздыкпен істеуі (кылмыстык құкык бұзушылықтың 
субъективтік жағы) қылмыс күрамының белгілері болып табылады. Қылмыстық құқық 
бұзушылықтың объ- ектісі болып табылатын кылмыстыкзаң коргайтын когамдық қатынастардың 
жиынтыгы Қылмыстык кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, кылмыстық құкык бүзушылык 


28 
үшін жауаптылықтың негізі болып қылмыстык күкық бүзушылық кұрамы болатынын білдік. Іс-
әрекетінде кылмыс кұрамының ең кем дегенде бір белгісі жок болса, ол адамды кылмыстык кұкык 
бүзушылык үшін жауаптылыққа тартатын негіз жок. 
Қылмыстық заңда қылмыстық кұқық бүзушылыктың жалпы түсінігі берілген, со- нымен бірге 
Ерекше бөлімде накты кылмыстық күкық бүзушылықтар жеке-жеке корсетілген. Қылмыстык зан 
кылмыстык күкык бүзушылықтың күрамы деген түсінікті ашпайды. Бүл түсінікті кылмыстык кұкык 
теориясы ғана береді. Қылмыстык кұқык бүзушылыктың күрамы деп - кылмыстык заң бойынша 
коғамга кауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір кылмыстың катарына жаткызуға мүмкіндік беретін 
кылмыстың объектив- тік және субъективтік жақтарынан күралган элементтердің жэне олардың 
белгілерінің жиынтыгын айтамыз. Қылмыстық құкык бұзушылыктың қүрамының әркайсысы оның 
субъективтік жэне объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстык күкық 
бұзушылықтың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады, Осы белгілердің қосымша жүйелерінің 
ең болмағанда біреуінің жок болуы жүйенің бол- мауына, ягни кылмыстық кұкык бұзушылыктың 
күрамының түтастай жок болуына әкеп согады. Бүл жерде қылмыстық құқық бұзушылықтың 
кұрамының элементтері деп, қылмыстық құқық бұзушылык кұрамы жүйелерін кұрайтын бастапқы 
компоненттерді айтамыз. Қылмыстык күкык бұзушылык күрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі 
эле- мент жатады: объект, объективтік жагы, субъект, субъективтік жағы. 
Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасакана жою немесе бүлдіру қылмысы (202-бап) белгілері 
болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, 
үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бүл іс- әрекет ауырлататын жағдайда жасалса, 
ол үшін 14-ке толған адам жауаика тартылады. Осы корсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда 
бүл қылмыс қүрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса, 
онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс қүрамы болады. Себебі, бұл жерде 202-бапта көрсетілген 
қылмыстың басты белгісі қылмыстық қүқық бүзушылықтың қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір 
қылмыстық қүқық бүзушылықтың қүрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың 
диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да 
айтылады. Ерекше бөлім баптарының диспозицияларында эр түрлі қылмыстық қүқық 
бүзушылықтың көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мүның өзінде диспозициялардың қылмыстық 
қүқық бүзушылықтың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тэн 
белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстық қүқық бұзушылықтарға жалпылама ортақ немесе 
нақты қылмыс топтарына тэн белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің 
мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 188-бабының диспозициясында осы қылмыстың 
не субъектісі, не кінэнің нысаны аталмаған. 
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 жэне 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстык 
кодекстің 188-бабында ұрлықтың оған тэн белгісі - басқа біреудің мүлкін жа- сырын түрде жымқыру 
ғана көрсетілген. Осы белгі арқылы үрлықтонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген 
уақытында көптеген белгілермен сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыстық құкык 
бұзушылықтың құрамына жатпайды. Қылмыстык күқык бұзушылықтың құрамына мұқият таңдап 
алынған түрлік белгілер гана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз барлық кылмыстық күқық 
бұзушылықтарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін жэне күқыққа қайшылығын білдіретін 
жиынтығының көрінісі бо- лады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген кылмыстык кұкык 


29 
бүзушылыққа тэн белгілер қылмыстық күқық бүзушылық құрамына косылмайды. Сондықтан олар 
қылмыстық қүқық бұзушылық құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмыстык 
құқык бұзушылықты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, 
зат, құжат т. б.) немесе ол үрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі 
сол немесе басқа қылмыстык күқық бұзушылыктың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік 
белгілердің біреуі жок болса, онда кылмыстык құқық бұзушылық құрамы да болмайды. Мысалы, 
басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі - оны жасырын жымқыру. Егер басқа біреудің мүлкін 
алу жасы- рын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа кылмыстық құкық 
бұзушылықтың кұрамы - тонау болады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы бір ғана 
кылмыстық құқылык нормада - бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 369-бап - қызмет жөніндегі 
жалғандық. 
Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыстық құқық бұзушылық 
құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 362-
бабында қылмыстық құқық бұзушылықтың қауіптілік дэрежесіне карай билікті немесе қызметтік 
өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстық 
құқық бұзушылықтың жай түрі, ал екінші, үшінші бөлігінде осы қылмыстық құкык бұзушылықтың 
ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген. 
Ерекше бөлімнің баптарында эдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей істе- ген 
қылмыстық құқық бұзушылықтары көрсетіледі. Алдын ала кылмысты эрекеттерде 
немесе қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластыкпен қатысушы адамдардың: ұйымдасі ырушы, 
айдаи салушы, көмектесуші эрекеттеріне сол немесе басқа қылмыстык кұкық бұзушылықтың 
кұрамының барлық белгілері болмайды. Мысалы, эйелді зорлауга окталғанда онымен зорлап 
жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге оқталганда қылмыстык кұқык 
бұзушылықтың зардабы - адам олімі жоқ. Бірак та осы жагдайларда кінэлінің әрекеттерінде Ерекше 
бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген кылмыстык кұкық бұзушылыктың барлык белгілерінің 
болмауы олардың іс-әрекетінде кылмыстык кұкык бұзушылық кұрамы жоқ деуге негіз болмайды. 
Бұл жағдайда да кылмыстык кұкық бұзушылык кұрамы бар, бірақ оның кұрамы Ерекше бөлімнің, 
сол сиякты Жалиы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып белгіленеді. Мысалы, эйел зорлауға 
оқталғанда кінәлінің әрекетінде Қылмыстык кодекстің 120 жэне 24-баптарын- да көрсетілген 
кылмыстык құқық бұзушылық кұрамының белгілері бар. Қылмыстык кұкык бұзушылыктың 
кұрамының заңдылыкты сақтауда жэне оны нығайтуда маңызы зор. Заңдылықты катаң сақтау, 
бұлжытпай жүзеге асыру - тәуелсіз мемлекетіміздің ныгаюының негізгі шарты. Зандылык кағидасын 
сактау, жүзеге асыру куқык қорғау органының кызметкерлерінің қасиетті борышы. Бұл 
азаматтардың конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың негізгі кепілі болып 
табылады. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыстық кұқык бұзушылық істеген адамға 
заңды дұрыс қолданып, оның әрекетіне заң талабына сай баға беру болып табылады. Қылмыстық 
заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс 
қолданып, эрекет немесе эрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының тала- бына сай баға беріп 
саралау болып табылады. 
Қылмысты саралау дегеніміз адамның коғамга істеген кауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда 
көрсетілген накты кылмыстык кұқық бұзушылықтың кұрамының белгісі бар бапқа дэлме-дэл 
жаткызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет кылмыстық заңда көрсетілген накты кылмыстык 
кұкық бұзушылық құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Қылмыстык құкык 
бұзушылықты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, 
тармақтарына сай ке- летіндігін дәлме-дәл көрсету кажет. Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше 
кылмыстық құқык бұзушылыктың құрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңның бірнеше баптары 
немесе баптардың бірнеше боліктері, тармактары бойынша сараланады. Қандай түрде болса да 
қылмыстық құкық бұзушылықты дұрыс сараламау, ол заңдылықты бұзуға, қылмыска карсы күрес 


30 
жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтірумен байланы- сты болады. Мұндай кұбылысқа жол 
бермеу үшін кылмыстық занды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-
эрекетті дұрыс саралау қажет, сондай- ақ кылмыстық кұкық бұзушылыкты қылмыстық кұкық 
бұзушылық еместіліктен немесе соған ұксас баска қылмыстардан ажырататын белгілерді аныктау 
керек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты 
сақтаудагы маңыздылыгы ерекше болып отыр. Біздің құқыктык мемлекетімізде бірде-бір адам, егер 
оның істеген іс-әрекетінде кылмыстык құкык бұзушылыктың құрамы жок болса, кылмыстык кұкык 
бұзушылык үшін жауапка тартылуға немесе жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа Қылмыстык 
кодекстің негізгі талабы қылмыстық кұкык бұзушылық үшін жауапка жэне жазаға тек кана 
кылмыстык құкык бұзушылык істегенге, яғни қылмыстык заңда көрсетілген, когамға кауіпті іс-
эрекетті қасакана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады. 
Қылмыстык кұқыкбұзушылықпен қылмыстыккұкықбұзушылыккұрамы озара тығыз байланысты, 
біракбір-бірінеұксамайтын қылмыстык-құкылықтүсініктер. Олардыңозара мазмұны да, бағыты да эр 
түрлі. Жоғарыда айткандай, кылмыстык кұкык бұзушылык туралы ұғым Қылмыстык кодекстің 10-
бабында берілген. Осы баптағы аныктамадан көрінгендей, қылмыстык кұкык бұзушылық дегеніміз 
адамның әлеуметтік-кұқылык, коғамға қауіпті және құкыкка кайшы секілді міндетті белгілерінің 
жиынтыгынан туатын ерекше іс-эрекеті болып табылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы түсінігі, сол қылмыстык кұкык бұзушы- лыктың 
зандылық сипаттамасын беріп кана коймай, оның әлеуметтік-саяси мэнін де ашып көрсетеді. Өмірде 
қылмыстық кұқык бұзушылык құбылыстар эр түрлі нысанда көрініс тауып немесе түрлі түрде 
болатындықтан кылмыстык заң кылмыстың жалпы түсінігімен бірге нақты кылмыстардың да 
түсінігін карастырған. Қылмыстық кұкык бұзушылыктың жалпы түсінігі - барлық қылмыстарға тән, 
оның белгілері Қазақстан Рес- публикасы Қылмыстык кодексінде көрсетілген жеке кылмыстык 
кұкык бұзушылықтар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады. 
Қылмыстык заңда сипатталган эрбір кылмыстык құкық бұзушылык, ягни кылмыстық кұқык 
бұзушылық құрамы өзінің ерекше белгілерімен сипатталады. Қылмыстык құкық бұзушылыктың 
құрамы - бұл қылмысты іс-әрекет емес, тек соның нысанын сипаттай- тын түрі ғана. Ол - накты 
кылмыстык кұкық бұзушылыктың заңды сипаттамасы, жеке нақты кылмыстық құқық 
бұзушылыктың заңдылық түсінігі. Егер кылмыстық құқык бұзушылықтың түсінігінде барлык 
қылмыстарға тэн белгілер - коғамға қауіптілік, кұкыққа қайшылык, кінәлілік жэне жазаланушылық 
аталған болса, ал қылмыстык кұкық бұзушылықтың кұрамында іс-әрекеттің коғамға қауіптілігін 
білдіретін накты қылмыстардың міндетті белгілерінің жиынтығы есепке алынады. Қоғамға 
кауіптілік кылмыстық құкық бұзушылықтың құрамының емес, қылмыстың белгісі болып табыла- 
ды. Осы екі қылмыстық құкылық-түсініктерінің бағыты да әр түрлі. Накты кылмыстық құқық 
бұзушылықтың құрамы кылмыстык жауаптылыктың негізі болса, ал қылмыстық құқық 
бұзушылықтың жалпы түсінігі нақты қылмыстың кұрамының заңдылык базасын жасаудың, 
кылмыстык құқықта оның кұқылық, әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру қажеттілігінен 
туындайды. 
Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыстық құкық бұзушылық кұрамының жалпы 
түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы жэне накты кылмыстық кұкык бұзушылықтың түсінігі 
жалпы кылмыстық құкык бұзушылықтүсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып 
табылады. Бұл ұғым теорияда нақты кылмыстық кұкык бұзушылыктардың түсінігінен, қылмыстық 
құкық бұзушылықтың нақты құрамының жинакталған белгілері арқылы анықталады жэне өз 
бойында жал- пылама барлык қылмыстык кұкық бұзушылық құрамдарының белгілері мен элемент- 
терін сипаттап, көрсетеді. Накты қылмыстық құкык бұзушылықтың құрамы нақты кылмыстық 
құқык бұзушылыққа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір кылмыстық кұкык 
бұзушылық құрамында барлык қылмыстык құқық бұзушылык кұрамына тэн, жиынтығында 
қылмыстык кұқық бұзушылық құрамының жалпы түсінігін кұрайтын, ягни кез келген кылмыстык 


31 
құқык бұзушылыктар құрамының жал- пы белгілерін көрсететін белгілер бар. Қылмыстық кұқық 
теориясы эрбір қылмыстық құқық бұзушылықта болатын төрт түрлі міндетті элементті: қылмыстық 
құқық бұзушылықтың объектісін, қылмыстык кұкық бұзушылықтың объективтік және субъек- 
тивтік жақтарын, субъектісін атап көрсетеді. Осы белгілерге орай кез келген қылмыстық кұқық 
бұзушылықтың құрамы осындай төрт түрлі топтағы элементтерге бөлінеді. Әрбір кылмыстық құқық 
бұзушылықтың құрамында оның объектісін, объективтік, субъек- тивтік жақтарын және субъектіні 
бейнелейтін белгілері міндетті түрде болады. Осы элементтердің зркайсысы қылмыстық құкық 
бұзушылықтьщ құрамдас бөлігі болып габылады. Сондыктан да осы элементтердің біреуініц жоқ 
болуы қылмыстык кұкык бұзушылықтың кұрамының мүлде жок екенін жэне кылмыстық құкык 
бұзушылык үшін жауаптылыкка негіздің де жок екендігін көрсетеді. Қылмыстық құқық 
бұзушылықтын құрамының жалпы түсінігі барлык кылмыстық құқық бұзушылық құрамына тэн осы 
төрт түрлі элементпен сипатталады. Қылмыстык кұкык бұзушылықтың осы немесе баска 
элементтерін сипаттау, тиісінше, кылмыстык кұкық бұзушылык кұрамының элемент- терін сипагтау 
деп аталады. Мысалы. кылмыстык кұқык бұзушылыктың субъективтік жагыиың белгілерін сипаттау 
кылмыстық құкык бұзушылық құрамының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет