Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет15/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

жалпы
жэне 
арнаулы
болып екі түрге бөлінеді. Есі 
дұрыс, занда белгіленген жаска толу жэне жеке адам болу сияқты белгілер - барлык қылмыстык 
құкық бұзушылык тэн, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігін береді. 
Жалпы субъектінің осы белгілермен катар, жекелеген қылмыстык кұкык бұзу- шылықты 
құрамының ерекшелігіне қарай косымша, арнаулы белгілерді кажет ететін адам кылмыстық құқык 
бұзушылықты арнаулы субъектісі болып табылады. Мысалы, мемлекеттік кызмет мүддесіне қарсы 
қылмыстың барлыгы дерлік арнаулы мемлекеттік қызметшілер арқылы істеледі. Бұл жерде 
мемлекеттік қызметші арнаулы субъект бо- лып табылады, әскери қылмыстарды тек әскери 
кызметшілер істейді, сондықтан әскери кызметшілер де қылмыстың арнаулы субъектісі болып 
табылады. 


54 
Іс-әрекеттің қылмыстылыгы мен жазаланушылыгы сол іс-әрекет жасалган уақытта 
қолданыста болган заңмен айқындалады. Қогамга қауіпті әрекет (әрекетсіздік) жузеге 
асырылган уақыт, зардаптардың туындаган уақытына қарамастан, қылмыстық қуқық 
бузушылық жасалган уақыт деп танылады. 
Қылмыстық кодекстің 5-бабында іс-әрекеттің қылмыстылығы жэне жазаланушылығы сол іс-
әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленеді. Қоғамға қауіпті іс-әрекет жүзеге 
асырылған уақыт, зардаптың басталған уақытына қарамастан, қылмыс- тық құқык бұзушылық 
істелген уакыт деп саналады. Яғни, зардаптың кашан болғанына байланыссыз істелген іс-әрекеттің 
уақыты болып іс-әрекеттер жүзеге асырылған жыл, ай, күндер және сағаттар есепке алынады. 
Қазақстан Республикасында заңдардың жа- риялану жэне күшіне ену тәртібі туралы заңға сәйкес 
кабылданған заңдар «Егемен Қазакстан», «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланғаннан 
кейін он күннен кейін (егер заңда оның күшіне енуінің басқа мерзімі көрсетілмесе) заңды күшіне 
ене- ді. Кейбір реттерде қылмыстық заң немесе оның жекелеген баптары жарияланган күннен бастап 
күшіне енуі мүмкін. Ол туралы заң мэтінінің өзінде аталып көрсетіледі. Мысалы, Қазакстан 
Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу тура- лы 2014 жылы 3 шілдедегі заңына 
сәйкес, Қазақстан Республикасының 2014 жылгы қабылданған Қылмыстык кодексі 2015 жылғы 1-
қаңтардан бастап қолданыска енгізілді. Осы кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап 1997 
жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің күші жойылады деп 
бекітілген. 
Жаңа Қылмыстық кодекстің 462-бабына сэйкес 2017 жылдың 1 қаңтарыиан бас- тап Қылмыстык 
кодекстің 45-бабы (қамакка алу): 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қылмыстық кодекстің 48-бабы 
(мүлікті тәркілеу), осы кодекстің 287-бабында бекітілген ережелер жарақаттайтын патрондармен 
атылатын үңгысыз атыс каруын, газды қаруды сактауга жэне алып жүруге ішкі істер органдарының 
рүқсаты бар адамдарга 2016 жылгы 1 қаңтардан бастап қолданылады деп белгіленген. 
Қылмыстық заңның күші оны жоюға, сол заңды басқа заңмен алмастыруга байла- нысты немесе 
занда көрсетілген мерзімнің өтуіне я болмаса осы заңды қабылдауға бай- ланысты жагдайдың, мән-
жайдың өзгеруіне байланысты мүлдем тоқгатылуы мүмкін. Қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін 
кей жағдайларда қылмыстың істелген уақытын дэлме-дәл белгілеудің маңызы ерекше. 
Қылмыстың істелген уакыты кылмыстық кұкық бұзушылықтың мәнісіне, оның ере- кшелігіне 
байланысты. Қылмыстык күқық бұзушылық істелу уақытының ұзактыгына қарай 
жапгаспалы
жэне 
созылмалы
қылмыстық құқық бұзушылық болып бөлінеді. 
Жалгаспалы
қылмыстык құқық 
бұзушылык үшін заң бойынша жауаитылық оны істеудің алғашкы кезеңін жүзеге асырган уақыттан, 
ал 
созылмалы
қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық кінәлінің әрекетіне тыйым салынған 
немесе қылмысты актінің соңғысын істеп үлгерген уакыттан басталады. Қылмыстық кұқық 
бұзушылыкка бірге қатысу арқылы істелген қылмыстық құқық бұзушылық орындаушының іс-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет