221
3) ауыр қылмыс жасалғаннан кейін жиырма жыл;
4) аса ауыр қылмыс жасалғаннан
кейін жиырма бес жыл өтсе, адам кылмыстық жауаптылыкка
тартылмайды.
Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген
мерзім өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімінің өтуі үзіледі.
Мұндай
жағдайларда ескіру мерзімін есептеу жаңа қылмыс жасалған күннен қайта басталады. Өзге
жагдайларда, егер ескіру мерзімі өткенге дейін адам қайтадан қылмыс жасаса, әрбір қылмыс
бойынша ескіру мерзімі дербес өтеді.
5. Осы Кодекс бойынша өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айы- ру
тағайындалуы мүмкін қылмысты жасаған адамға ескіру мерзімін
қолдану туралы мәселені сот
шешеді. Егер сот ескіру мерзімінін өтуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға
болады деп таппаса, онда өлім жазасы өмір бойына бас бостандыгынан айырумен ауыстырылады, ал
өмір бойына бас бостандыгынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандыгынан айырумен
ауыстырылады.
6. Бейбітшілікке жэне адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, сыбайлас жемкорлық
қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, кәмелетке толмағандарга
жыныстық
тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, сондай-ак жеке адамга, мемлекеттің констигуциялық
құрылысының негіздеріне жэне қауіпсіздігіне карсы, қогамдық қауіпсіздік
пен қогамдық тәртіпке
қарсы, экономикалық қызмет сала- сында аса ауыр кылмыстар жасаған адамдарға ескіру мерзімдері
қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: