Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет1/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   678
Ағыбаев қылмыстық







А.Н, АҒЫБАЕВ 
ҚАЗАҚСТАН 
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ҚЫЛМЫСТЫҚ 
КОДЕКСІНЕ 
ТҮСІНДІРМЕ 
Жалпы және Ерекше бөліктер 
АЛМАТЫ 
«ЖЕТІ ЖАРҒЫ» 
2015 
УДК 343 


БВК 67.408 
А 23 
Әл-Фараби атындағы Қазак ұлттык университеті 
заң факультеті Ғылыми кеңесінің 
2014 жылғы 12 желтоксандагы (№ 4 хаттамасы) шешімімен ұсынылған. 
Пікір жазгандар: 
Заң гылымдарының докторы, профессор С.С. Молдабаев, 
Заң ғылымдарының докторы, профессор А.А. Исаев, 
Астана қалалық сотының төрағасы Т.Е. Бәрпібаев, 
Алматы қаласының прокуроры Б.Н. Асылов 
Ағыбаев А.Н. 
А 23 Қазақстан Республикасынын Қылмыстық кодексіне түсіндірме. Жалпы және Ерекше 
бөліктер. - Алматы: Жеті Жарғы, 2015. - 768 бет. 
ІЗВЫ 978-601-288-095-3 
Түсіндірмеде 2014 жылғы 3 шілдеде қабылданған жаңа Қылмыстық кодекстің жалпы мәселе- 
леріне, оның принциптеріне, қылмыс пен жаза туралы ұғымдарга гылыми анықтама берілген. 
Жазаға тарту мен одан босату, қылмысты анықтау мен одан арылу практикасы баяндалады. 
Қылмыс жасаушыларды мәжбүрлеп емдеу, жасөспірімдерді тәрбиелеу шаралары сөз болады. 
Түсіндірме жоғары заң оку орындары мен факультеттерінің студенттеріне, сот, прокуратура, 
эділет, ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналган. 
УДК 343 
ББК 67.408
ІЗВ^ 978-601-288-095-3 
©Агыбаев А.Н..2015 © «Жеті 
Жарғы» ЖШС, 2015


К I Р I С П Е

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланганына жиырма үш 
жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мэлім. 1997 жылгы 16-шіл- деде 
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан 
бастап заңды күшіне енді. 
Қазак ССР-інің 1959 жылы кабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын 
алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, жаңа Кодекстің 
қабылдануына байланысты өз күшін жойып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстан 
алынып тасталды. 1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік таптық идеология тұрғысында, 
әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықгандырылған жоспарлы экономика принциптеріне 
негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылган, нарықтык қатынастар 
жағдайына үйлесетін, адам қүкықтары мен бостандықтарын қылмыстық-құқықтық коргауды 
барынша камтамасыз ететін жаңа кылмыстық заңның болуын қажет етті. 
Қазақстан Республикасының 1997 жылгы Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы 
Конституциясының және халықаралық құқыктың жалпы жұрт таныған принциптері мен нор- 
маларын басшылыққа алды. 
1997 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі заман үрдісіне қарай көптеген 
өзгерістерге, толыктыруларға ұшырады. Осыған орай елімізде екінші рет жаңа Қылмыстык кодекс 
қабылдануы қажет болды. 2014 жылы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстык 
кодексі кабылданды. Осы кодекс 2017 жылы 1 каңтардан бастап колданысқа енгізілетін 45-бапты, 
2018 жылғы 1 каңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 45-бапты қоспаганда, 2015 жылгы 1 
каңтардан бастап колданысқа енгізілді. 2014 жылгы Қылмыстық кодекстің 287-бабында бекітілген 
ережелер жарақаттайтын патрондармен атылатын ұңғысыз атыс қаруын, газды каруды сактауга 
жэне алып жүруге ішкі істер органдарынан рұқсаты бар адамдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 
қолданылады. 
2014 жылғы Қылмыстық кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап 1997 жылы кабылданган 
Қылмыстык кодекстің күші жойылады 
Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, когам, мемлекет мүддесін қоргау 
болып табылады. Қылмыстык кодекстіңЖалпы бөлімінде бұрынғы Кодекске караганда көптеген 
кылмыстык-кұқылық түсініктердің, институттардың жаңа ұғымы берілген. Окулыкта осындай 
ерекшеліктерге баса мэн беріле отырып, олардың мазмұны түбегейлі ашып көрсетілген. Жалпы 
алғанда, осы Қылмыстық кұкык пэнін окытудың мақсаты - сту- денттерге қылмыстык заң пэнінен 
тиянакты білім беру, қылмыстық құқык бұзушылыктың жалпы ережелері мен принциптері, оның 
негізгі ұгымдары мен институттары, қылмыстык кодекстің міндеттері жөнінде, қылмыстық заңның 
уақыт бойынша және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыстық кұкық бұзушылықтың түсінігі 
жэне іс-әрекеттің қогамға кауіптілігін және кұкыкка қайшылыгын жоятын мэн-жайлар туралы, 
қылмыс істеудің сатылары жэне оны істеуден өз еркімен бас тарту, қылмыстық құкық 
бұзушылыққа сыбайлас қатысу жэне оган жанасушылық, қылмыстык жазаның түсінігі, оның 
жүйелері мен түрлері, кылмыстық жаза- ны орындау, қылмыстық жауаптылықтан жэне жазадан 
босату жэне оның түрлері, жазадан



шартты түрде мерзімінен бүрын босату және жазаны негұрлым жеңіл жазамен ауыстыру, 
сотталгандыкты жою және одан арылу. медицнналык және тэрбиелік сипаттагы сріксіз шара- лар 
туралы толык түсінік беру болып табылады. Қылмыстык кұкык пэнінің Жалпы бөлімі кур- сын оқу 
барысында болашақ заңгерлер жеке адамдардың эрекетінде немесе эрекетсіздігінде кылмыстык 
күкык бұзушылыктың накты кұрамының барыи аныктауды, кылмысты дұрыс саралауды, іс-эрекетте 
кұкыкка кайшы жэне қогамта зиянды мэн-жайлардың бар немесе жок екендігін дұрыс белгілеуді, 
кінэліге жаза тағайындауды колданып жүрген кылмыстык заңга сәйкес колдануды, бұл жерде іс-
әрекеттің когамга кауіптілігінің мәнін жэне дэрежесін, кінәлінің жеке тұлгасын, жауаптылықты 
жеңілдететін жэне ауырлататын мэн-жайларды ескере отырып колдануды, сол сиякты адамды 
кылмыстык жауаптылыктан және жазадан босатудын заңда көрсетілген негіздері мен шарттарын 
накты, терең біліп үйренеді. 
Қылмыстык кұкык пэнінің Жалпы бөлімін терең окып меңгеру болашак заңгерлер үшін 
заңдылық қағидасын берік сактаудың, оны іс жүзіне асырудың кепілі болары сөзсіз. 
Жалпыга мэлім, Қазакстан Республикасының Конституциясында қазак тілі мемлекеггік тіл деп 
жарияланган. Осыган орай еліміздің біркатар заң оку орындарында қылмыстык кұкык пэні, баска да 
құкыктық пэндер мемлекеттік тілде окытылып келеді. 
Қылмыстык кұкыктың Ерекше бөлімі кылмыстык кұкык бұзушылыктың жеке түрлеріне 
кылмыстык кұқық бұзушылық үшін жауаптылық негіздерін жэне осы қылмыстардың кұрамының 
белгілерін, сондай-ак оган тагайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың 
жиынтыгы болып табылады. 
Қылмыстык кұкыктың Жалпы бөлімінде кылмыстык кұкык бұзушылык туралы ұгым, жаза 
түрлерінің тізбегі, кылмыстық кұкык бұзушылық үшін жауаптылықтан және жазадан босатудың 
жалпы принциптері (кагидалары) сөз болса, ал Ерекше бөлімде нақты кандай когамга кауіпті іс-
әрекеттің кауіпті қылмыстык кұкык бұзушылық болатыны жасалган қылмыстык кұкык 
бұзушылыкка кылмыстык кұкыктың Жалпы бөлімінің нормаларымен бел- гіленген накты бір жаза 
түрін тагайындау мэселелері карастырылады. Қылмыстык кұкыктың Жалпы жэне Ерекше бөлімі 
өзара тыгыз байланыста болады, осы екі бөлімнің жиынтыгы Қазакстан Республикасының 
кылмыстық құкығын кұрайды. Қылмыстык кұкыктың өзін Жал- пы және Ерекше бөлім деп бөлудің 
себебі, осы пэнді гылыми-эдістемелік тұрғыдан терең окытудың кажеттігінен туындап отыр. 
Өйткені Қылмыстык кұкыктың Жалпы бөліміндегі теориялық мэселелерді Ерекше бөлімнің эрбір 
бабы бойынша тагы да қайталамау үшін, сондай-ак Ерекше бөлімдегі жеке кылмыстык кұкык 
бұзушылыктардан кұрамының бел- гілерін кайталап сипаттап жатпау үшін осы пән екі бөлімге 
бөлініп окытылады. Негізінен а іганда Жалпы және Ерекше бөлім тұтастай бір кылмыстык құкык 
ғылым пэнін кұрайды. 
Жалпы жэне Ерекше бөлімнін бірлігі сот тәжірибесінде айкын көрінеді. Жалпы бөлімнің 
нормаларын басшылыкка алмайынша, Ерекше бөлімнің нормаларын колдану мүмкін емес, немесе 
керісінше, Ерекше бөлім ңормалары болмаса, Жалпы бөлім нормаларының іске асы- рылуы мүмкін 
емес. 
Қылмыстык кұқыктың Ерекше бөлімінде көрсетілген Қылмыстық құқықтың накты бел- гілі бір 
бабы бойынша кылмыстык кұкыктың Ерекше бөлімінде көрсетілген кылмыстык жауаптылыкка 
тарту үшін Жалпы бөлімде көрсетілген нормаларга сокпай өтуге болмай- ды. Мысалы, кінәнің 
нысандары және олардың мазмұны, кылмыстык кұкык бұзушылық үшін жауаптылыкты белгілейтін 
жас мөлшері, кылмыстық кұкык бұзушылыкка қатысудың ұгымы, кылмыска катысу нысандары 
жэне катысушылардың түрлері, қылмыстык құкық бұзушылыкка даярлангандык немесе 
оқталгандык сиякты түсініктер тек қана Жалпы бөлімде айкындалган. Істелген кылмыстык кұкык 
бұзушылыкка жаза тагайындаганда да Қылмыстык кодекстің Жалпы бөліміндегі нормаларды 
айналып өтуге болмайды. Өйткені жазаның ұгымы мен максаттары, жазаның түрлері, жаза 
тагайындаудың жалпы негіздері кылмыстык құкык бұзушылык үшін жауаптылыктан жэне 
жазалаудан босату тек кана Жалпы бөлімде көрсетілген. 
Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша - денсаулыкка 



касакана ауыр зиян келтіргені үшін кінэліні қылмыстык жауапка тартып, сот- тау үшін, біріншіден 
бүл кылмысты жасы 14-ке толған есі дүрыс (15, 16-баптар), кылмысты қасақаналықпен (20-бап), 
қажетті қорғану белгілері жоқ болған жағдайда (32-бап) жасалғанын анықтау кажет. Осы жасалған 
қылмыстык кұкық бүзушылык үшін жаза тағайындағанда сот Қылмыстық кодекстің Жалпы 
бөлімінің мынадай кағидаларын басшылыкка алады: 39-бап (жазаның мақсаттары), 52-бап (жаза 
тағайындаудың жалпы негіздері), 53-54-бап- тар (жауаптылыкты жеңілдететін немесе ауырлататын 
мән-жайлар), 106-баптың 1-бөлімі бойынша жаза тағайындағанда сот осы баптың санкциясында 
көрсетілген жазаның үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру мөлшерінің 
белгілі бір бөлігін белгілейді. Немесс Қылмыстық кодекстің 55-бабын колданып, заңда 
көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тагайындауы мүмкін. Міне, осыган орай жаза 
тағайындау мәселесінде де Жалпы бөлім кағидаларының колданылуы сөзсіз басшылыкка алынады. 
Сот-тергеу тэжірибесінде Жалпы бөлім нормаларында, Ерекше бөлім нормаларында бірдей қолдану 
кажеттігі жиі кездеседі. Мысалы: Қылмыстык кодекстің 24-бабында кылмыс істеуге даярланғандық 
жэне кылмыс істеуге оқталғандық туралы айтылған. Қасакана кісі өлтіруге оқталғандык үшін 
кінэліні қылмыстык жауаптылыққа тартқанда Қылмыстык кодекстің 24, 99-бабы II бөлімі бірге 
көрсетіледі. Мүның өзі қылмыстың аяқталмағанын көрсетумен бірге, кылмыстық құқық бұзушылық 
жасаған адамның әрекетін дұрыс саралаудың, заңцылык прин- ципін қатаң сақтаудың көрінісі 
болыгі табылады. 
Тағы бір мысал, қылмыстық кұқық бұзушылық істеуге кеңестерімен, нұсқауларымен, құралдар 
берумен көмектескен адам - қылмысқа көмектесуші деп табылады. Бұл туралы Жалпы бөлімнің 28-
бабының 5-тармағында анық көрсетілген. Егер кінэлі адам қасакана кісі өлтіруге көмектессе, ондай 
адамның әрекеті Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-тармағы, 99-баптарының тиісті бөліктері 
бойынша сараланады. Бұл жерде Жалпы жэне Ерекше бөлімнің нормалары қатар қолданылып отыр. 
Қылмыстық құқык нормаларының Жалпы жэне Ерекше бөлімдерінің осындай бірлігі олардың 
алға қойған мақсаттарынан да айқын көрінеді. Жалпы жэне Ерекше бөлімдердің мақсаты коғамға 
кауіпті іс-эрекеттерге заңдылық баға беріп, істелген кылмыстық кұқык бұзушылық үшін занда 
белгіленген жазаны эділ қолдану болып табылады. Ерекше бөлім ту- ралы жогарыда айтылған 
анықтамаларды басшылықка ала отырып, Қылмыстық кұқықтың Ерекше бөлімі курсының пәні 
туралы мәселені шешуіміз кажет. 
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі курсының пэні дегеніміз қылмыстық құқық 
бұзушылықгың жеке түрлеріне қылмыстык кұкық бұзушылық үшін жауаптылық белгілеу жэне осы 
қылмыстық құкық бұзушылықтың құрамының белгілерін, оларға тиісті жазаны анықтайтын 
нормалардың мазмұнын ашу болып табылады. 
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларының накты мазмұнын ашудың түпкі мэні 
олардың әлеуметтік-саяси бағытын аныктау болып табылады. Мұндай бағыттарды анықтау үшін ең 
алдымен кылмыстык заң нормаларын кабылдаудың қажеттіліктері мен себеп- терін, кылмыстык 
кұқық бұзушылықка қарсы күресте осы қабылданған заңдардың атқаратын кызметі, кылмыстык 
кұқык бұзушылық іс-әрекеттердің коғамға қауіптілік дәрежесін анықтау, кылмыстық кұкық 
бұзушылық кұбылыстың себептері мен оған жол беретін жағдайларды зерттеу қажет. 
Мысалы, Қылмыстық құкықтағы банкроттық деген құрамның мазмұнын ашу үшін ең ал- дымен 
осы норманы кабылдаудың қажеттілігін, осы құрамның қоғамға қауіптілік дәрежесін, мемлекет, 
коғам үшін осындай іс-әрекетті жасау зардабының мазмұнын ашу қажет. Сонда гана бұл 
қылмыстык құкық бұзушылық түрінің кұрамына ғылыми аныктама беріледі. 
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормаларын оқығанда оны формальды- тоғышарлық 
әдіспен пайдалануға ешқандай да жол берілмеуі керек. Қылмыстық құқықтың 
I рекше болімінің нормаларын Жалпы бөлім нормаларымен байланыссыз, жеке дара, оларды 
олеумеггік-саяси бағыттарынан тыскары, коғамның элеуметтік-экономикалык жағдайынан мүлдем 
сырткары түрде зерттеу - формальды-тоғышарлык эдіс болып табылады. Қылмыстык күкыктың 
Ерекше бөлімін формальды-тоғышарлыкпен окып білуге, зерттеуге үзілді-кесілді тыйым салыну 
керек. 



Сонымен бірге Қылмыстык кұкыктың Ерекше болімінін нормаларын окып үйренуде ни- 
гилистік көзкарастарға жол берілмеуі керек. Нигилистік көзкарастар кылмыс кұрамынын белгілерін 
өзінше, заңга байланыссыз талкылау немесе арнаулы кылмыстык заң нормалары жок болғанына 
карамастан, соган ұқсас баска заңдармен кылмыстық кұкык бұзушылық үшін жауапка тартуды 
көздейді. Мұндай көзкарас заңдылық принципіне мүлдем қайшы. 
Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстык құкығының Ерекше бөлімінің 
нормаларын окып үйренуде осындай жат көзкарастарға мүлдем жол бермеу маңызды мэселенің бірі 
болып табылады. Қылмыстық кұкыктың Ерекше бөлімінің нормаларының мазмұнын ашу дегеніміз 
жекелеген қылмыстық құқық бұзушылык құрамының ерекшелік- терін аныктау, яғни кылмыс 
кұрамына заңдылык талдау жасау болып табылады. Кез келген накты кылмыстык құкык бұзушылык 
кұрамын дұрыс анықтау мүмкіндігі ең алдымен оларға тэн кылмыс объектісінің, субъектісінің 
объективтік жэне субъективтік жактарының белгілерінің ерекшелікгерін дұрыс, дәлме-дәл ашканда 
гана жүзеге асырылады. Бұл - кез келген жекелеген кылмыстык кұкык бұзушылық құрамына тэн 
заңдылық. 
Әділсоттылықты, заңдылыкты жүзеге асыруда Қылмыстык құкыктың Ерекше бөлімінің маңызы 
ерекше. Қылмыстык кұкыктың 19-бабының 3-тармағында көрсетілгендей, касақана немесе 
абайсызда эрекет жасаған адам гана қылмыстык құқық бұзушылыққа кінәлі деп таны- лады. 
Қылмыстык занның осы нормасының өзі адамды қылмыстык кұкық бұзушылык үшін жауапка тарту 
үшін жэне оны кылмыс жасаганы үшін кінэлі деп табу үшін оның жасаған іс-эрекетінде белгілі бір 
қылмыстык кұкык бұзушылық кұрамының белгілері болуы керек екендігін жэне қылмыстык заңда 
көрсетілген қылмыстық кұкық бұзушылык кұрамының барлық белгілері бар іс-эрекетті істеу 
кылмыстык кұкык бұзушылық үшін жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылатынын 
айкындайды (ҚК-тің 4-бабы). Осыған ұксас нормалар Қазакстан Республикасының Қылмыстык 
істер жүргізу кодексінің көптеген нормаларында да бірнеше рет корсетілген. Іс-эрекетінде 
кылмыстык құкык бұзушылықтың белгілері жок адамдар кылмыстык кұқык бұзушылык үшін 
жауапқа жэне жазаға тартылмайды. 
Адамды кылмыстық жауапқа тарту оның іс-әрекетінде белгілі, накты бір немесе бірне- ше 
кылмыстык кұкык бұзушылык кұрамының белгілері бар болған жагдайда ғана жүзеге асырылады. 
Мысалы, кісі өлтіру, бұзакылык, тағылык, әйелді зорлау, т. б. Қоғамға кауіпті, қылмыстык заңға 
кайшы істелген іс-эрекетті нақты бір қылмыстык кұқық бұзушылық кұрамына жаткызу жэне осы 
әрекетке Қылмыстык кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бап- тар бойынша кұкыктык баға беруді 
кылмыстык кұкык теориясы кылмысты саралау деп атай- ды. Қылмыстык кұкык бұзушылыкты 
дұрыс саралау кұкық колдану органы кызметкерінің кызметтік борышы, негізгі міндеті. 
Қоғамға кауіпті, кылмыстык кұкыкка кайшы іс-әрекеттерді Қылмыстык кұкыктың Жал- пы 
жэне Ерекше бөлімдеріндегі баптарға дәлме-дәл жаткызу, дұрыс саралау - заңцылык принципін 
бұлжытпай жүзеге асырудын шарты болып табылады. Егер накты бір іс-эрекетті, мысалы, ұрлыкты. 
бір сот ұрлык деп, екіншісі тонау, ал үшіншісі карақшылық деп сарала- са, бұл заңдылык жөніндегі 
конституциялык принциптің өрескел бұзылғандығы болып са- налады. Сондыктан да кылмыстык 
кұкык бұзушылыкты дұрыс саралаудың өзі мемлекеттің жаза мэселесін қолдану саласындағы 
кызметінің дұрыс жүзеге асырылуының алгышарты болып табылады. Қылмыстык кұкык 
бұзушылыкты дұрыс сараламаудың иэтижесінде кылмыстык кұкык бұзушылык іс-әрекетті жасаган 
кінэлі адамга жөнсіз жсңіл немесе ауыр жаза колданылуы мүмкін. 
Қылмыстык кұкык бұзушылыкты дұрыс сараламаудың өзі қылмыстык кұқыктың алға койған 
басты мақсаттарының бірі жасалған іс-эрекеттерге дұрыс, эділ жаза тағайындау прин- ципіне қайшы 
келеді. 
Қылмыстык кұкык бұзушылыкты дұрыс саралау кылмыстылыктың жағдайын, деңгейін, 
кұрылысын, козғалысын дұрыс аныктауға мүмкіндік береді. Істелген кылмыстык кұкык 
бұзушылыктың статистикалык есебін нақты белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес жүргізу 
мүмкін емес. Сол себепті де кылмыстық кұқық бұзушылықпен тиімді күрес жүргізу үшін оның 



жағдайын, сандық, сапалык көрсеткіштерін, жасаган қылмыстык кұкык бұзушылыктардан мэнін, 
қылмыскердің тұлғасын толық ашу кажет. Бұл мэселелерді анықтамай тұрып, қылмыстык кұкык 
бұзушылықпен күрес жүргізу өзінің оңды нәтижелерін бермейді. Қылмыстық кұқық бұзушылықты 
дұрыс саралау сот төрелігін эділ жүзеге асырудың кепілі жэне заңдылык, әділеттілік принциптерінің 
іске асырылуының басты шарты болып та- былады. Құқык коргау жэне кұкық қолдану органдары 
беделінің мәртебесінің биік болуы да істелген іс-әрекетке дұрыс, занды бага беруіне де тікелей 
байланысты. Заңға негізделген эділ үкім сот органдарынын беделін ныгайтады. 
Қылмыстык кұқык бұзушылыкты дұрыс саралау - жеке адамдардың Қазакстан Респуб- ликасы 
Конституциясында, баска да заңдарда көрсетілген кұкыктарын, бостандыктарын корғаудың кепілі 
болып табылады. Қылмысты дұрыс сараламаудың сотталган адамга тигі- зетін зардабы да зор. 
Кінэлінің іс-әрекетін дұрыс сараламау, оның заң қоргайтын мүддесіне келтірілген зор кесел болып 
табылады. Іс-әрекетті дұрыс сараламау салдарынан адамға заңга негізделмеген жаза тағайындалып 
кана қоймайды, ол оның тағдырына байланысты көптеген зардаптарға әкеліп согады. Мысалы: 
қылмыстық кұқық бұзушылыкты дұрыс сараламаган жагдайда, оган көп немесе аз жаза 
тагайындалуы мүмкін. Қылмыстык кұкык бұзушылыкты дұрыс сараламау оған белгіленген түзеу 
қолониясының түріне де, сондай-ак кінэліні мер- зімінен бұрын шартты жазамен босату немесе 
босатпауға да әсер етеді. Қылмыстық құқық бұзушылықты дұрыс саралаудың маңызы ерекше. Бұл 
мәселеге Қазакстан Республикасы Жогаргы Сотының нормативтік көптеген каулылары арналган. 
Жогаргы Сотының норма- тивтік каулыларында соттардың заң талабын дәлме-дәл сөзсіз орындай 
отырып, жасалган іс-әрекетке заң нормаларының талабына сай бага беріп, кінәлінің іс-әрекетінде 
кылмыстык құқық бұзушылық құрамының белгілері бар ма, жоқ па, осы жагына ерекше мэн беріп, 
зандылық принципінен ешуакытта да ауытқушылыкка жол бермеуі керек деп ескертті. 
Қылмыстық кұкыктың Ерекше бөліміндегі нормалар белгілі бір тәртіппен, жүйеге бөлініп 
орналасады. 
Ерекше бөлімнің жүйелері деп кылмыстык құкык бұзушылык үшін жауаптылықты бел- гілейтін 
жеке қылмыстық құкык бұзушылык нормалардың топтык объектілік белгісі бойын- ша белгілі бір 
жекелеген топтарга бөлініп, когамдык кауіптілік дэрежесіне қарай рет-ретімен, дәйектілікпен 
орналасу тәртібін айтамыз. Қылмыстык құқықтың Ерекше бөлімінің жүйесін дұрыс құру 
кылмыстык кұкык бұзушылыкты дұрыс саралауға гана емес, сонымен бірге оны- мен белсенді күрес 
жүргізуге, оның алдын алуға, әділ жаза тағайындауга толык мүмкіндік береді. Қылмыстык 
құқықтың Ерекше бөлімі нормаларын бөлудің негізі болып - қылмыстық кұқық бұзушылык 
объектісі, атап айтқанда, қылмыстық құқык бұзушылыктың топтык объ- ектісі негіз бола алады. 
Топтык объект когамга қауіптілігі бірдей едәуір қылмыстық құкык бұзушылық топтарының 
объектісі, яғни ол өзара ұқсас кылмыстык кұкык бұзушылықтардың бір тарауга топтастырылуының 
негізі. Кейбір қылмыстык құкык бұзушылыктарды топка бөлуде топтық объект гана емес, қылмыс 
субъектісінің ерекшеліктері де ескеріледі. Мы- салы, мемлекеттік кызмет мүдделеріне карсы, эскери 
қылмыстық кұқық бұзушылыктар. Қылмыстық құкыктың топтык объектісін заң шыгарушы 
қылмыстык заң коргайтын нақты қогамдык катынастардың ішінен жеке бөліп алу арқылы 
анықтайды. Қогамдык катынастардың кейбір салаларының маңызының артуы, сөз жок, оның 
қылмыстык құкык нормалары аркылы коргалуын да күшсйтеді. Ягни ондай когамдык катынастарды 
қоргайтын жаңа қылмыстык заң нормасы енгізіліп. кылмыстык күкык бұзушылык үшін 
жауаптылықтың аукымы кеңиді немесе күшейеді. Немесе кейбір коғамдык катыиастар кылмыстык 
қүкык нормалары аркылы коргауды кажет етпесе, ондай кылмыстык кұқык бүзушылыктар тобы 
кылмыстык күқыкбүзушылыккатарынан шыгарылып тасталады. Мысалы, Қазақстан Респуб- ликасы 
жаңа Қылмыстык кодексін кабылдаганда көптеген бүрынгы тараулары, кылмыстық күкык 
бүзушылык күрамдары Кодекске енгізілмеген. Керісінше Кодексте бірнеше жаңа та- раулар пайда 
болды. 
Қазакстан Республикасының жаңа Қылмыстык кодексінің Ерекше бөлімінде мынадай 18 тарау 
бар: 



1. Жеке адамга карсы кылмыстык кұкык бүзушылыктар (1-тарау). 
2. Отбасына жэне кәмелетке толмагандарга қарсы кылмыстык қүкык бүзушылықтар (2-тарау). 
3. Адамның жэне азаматтың конституциялык құкыктары мен бостандыктарына қарсы 
қылмыстық күкык бүзушылықтар (3-тарау). 
4. Бейбітшілік пен адамзат кауіпсіздігіне карсы кылмыстык кұкык бүзушылыктар (4-та- рау). 
5. Мемлекеттің конституциялык күрылысының негіздеріне және кауіпсіздігіне қарсы 
кылмыстык күкык бүзушылыктар (5-тарау). 
6. Меншікке қарсы қылмыстык кұкық бүзушылықтар (6-тарау). 
7. Ақпараттандыру жэне байланыс саласындағы кылмыстык қүкык бұзушылыктар (7-та- рау) 
8. Экономикалык кызмет саласындагы кылмыстык күкық бүзушылыктар (8-тарау). 
9. Коммерциялык жэне өзге үйымдардың кызмет мүдделеріне карсы кылмыстык кұкык 
бүзушылықтар (9-тарау). 
10. Қогамдык қауіпсіздікке және когамдык тэртіпке карсы кылмыстык құкык бүзушы- лыктар 
(10-тарау). 
11. Халық денсаулыгына жэне адамгершілікке карсы қылмыстык күқық бұзушылықтар (11 -
тарау). 
12. Медициналық қылмыстык кұкык бүзушылыктар (12-тарау). 
13. Экологиялық кылмыстык күкык бұзушылыктар (13-тарау). 
14. Көліктегі қылмыстык кұқық бұзушылықтар (14-тарау). 
15. Мемлекеттік қызметпен мемлекетті басқару мүдделеріне карсы сыбайлас жемкорлык жэне 
өзге де қылмыстық кұкык бүзушылықтар (15-тарау). 
16. Баскару тэртібіне карсы кылмыстык күкык бұзушылыктар (16-тарау). 
17. Сот төрелігіне және жазалардын орындалу тэртібіне карсы кылмыстык кұкык бұзушы- 
лықтар (17-тарау). 
18. Әскери қылмыстык күкык бұзушылыктар (18-тарау). 
Үсынылып отырган түсіндірме - Қазақстан Республикасының 2014 жылы кабылданган жаңа 
Қылмыстык кодексіне орай дайындалған басылым. 
Осы түсіндірмені әзірлеу барысында автор өзінің алдына койған міндеттерінің аса күрделі 
екендігін сезіне отырып, окырман қауымның осы еңбекке аса ілтипатпен қарайтынына сенім 
білдіреді жэне сын-ескертпелері болса, болашакта осы окулыкты одан эрі жетілдіруге коскан үлкен 
үлес ретінде кабылдайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет