Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


 Комментарий к УК РФ. Особенная часть/Под ред. Ю.И. Скуратова. М., 1996. 16-17-беттер



Pdf көрінісі
бет157/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

29
 Комментарий к УК РФ. Особенная часть/Под ред. Ю.И. Скуратова. М., 1996. 16-17-беттер. 
262 



263 
ғана катысты болуына байланысты) қоланылмайды. Сондықтан олар ҚК-тің 29-бабының тармақтары 
жэне 99-бабының 2-тармағының тиісті тармақшалары бойынша жауапкер- шілікке тартылады. 
101- 
6 а п. Аффект жағдайында жасалган адам өлтіру 
1. 
Жәбірленуи/інің зорлың-зомбылыгынан, қорлауынан немесе ауыр балагаттауынан не 
өзге де заңга қарсы немесе бейморальдық әрекеттерінен (әрекетсіздігінен), сол сияқты 
жәбірленушінің жүйелі турдегі қуқыққа қайшы немесе бейморальдық мінез-қулқына бай- 
ланысты туындаган узаққа созылган психиканы күйзелтетін ахуалдан болган кенеттен 
туындаган қатты жан күйзелісі (аффект) жагдайында жасалган адам өлтіру
 -
 
үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан 
айыруга жазаланады. 
2. 
Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар кезінде жасалган, екі немесе одан 
да көп адамды өлтіру - 
бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Заң шығарушы адам өлтірудің бұл түрін кенеттен басталған қатты жан толғанысы жағдайында 
жасалган өлтіру ретінде айқындайды. Кінэлінің психикалық жай-күйі ин- стинктивті және сөзсіз-
рефлекторлық қызметпен байланысты өткінші, интенсивті көніл- күймен айқындалады. Көбінесе 
адам өлтірудің бұл түрі үшін ашу-ыза, жеккөрушілік жэне түңілу әсері тэн болады. Жан күйзелісі 
жай-күйі негізінен аз уақытқа, әдетте бірне- ше минутқа созылады. Қатты жан толқуы тікелей 
сыртқы әсердің салдарынан кенеттен пайда болады. 
Аффект жағдайында адам өлтіру кенеттен, теріс фактор әсер еткеннен кейін тікелей сол бойда 
жасалады. Мүнда уақыт аралык үзіліс болмайды немесе елеулі емес (мысалы, кінэлі болған 
жағдайдың мәнін бірден түсінбегенде). 
Аффект жағдайының басталуына негіз ретінде Қылмыстық кодекстің ІОІ-бабында мыналар 
көзделген: жәбірленушінің тарапынан болған зорлық, басыну немесе кемсіту не жәбірленушінің өзге 
де заңға кайшы немесе моральға жат әрекеті (әрекетсіздігі), жәбірленушінің үнемі қайталанып 
отыратын заңға қайшы немесе моральға жат мінез- қүлқына байланысты туындаған психиканы 
зақымдайтын ұзакка созылған жағдайлардың болуы соған тән. Зорлық күш көрсетумен (мысалы 
ұрып-соғу), сондай-ак психикалық (денсаулығына зақым келтірумен, мүлкін жойып жіберумен жэне 
т.б. қорқыту) болуы мүмкін. Басыну адамдық қадір-қасиетін кемсітумен, жеке басын қорлау аркылы 
жаса- луы мүмкін. Өте ауыр балағаттау адамның ар-намысы мен қадір-касиетін жағымсыз ны- санда 
дөрекі түрде кемсітумен көрінеді. Заң эдебиетінде мынадай пікір айтылады, оте ауыр балағаттау 
Қылмыстық кодекс нормаларында көзделген балағаттаудан өзгеше бо- луы мүмкін емес. Ол 
Қылмыстык кодекстің ІЗІ-бабында көзделген қылмыс белгілеріне сэйкес келуі де немесе сәйкес 
келмеуі де мүмкін. Ал ар-намыс пен қадір-қасиетті кем- сіту дәрежесін бағалау өлшеміне келетін 
болсақ, мүнда объективтік факторларды, сол сияқты субъективтік факторларды да ескеру қажет. 
Мысалы «фашист» сөзі соғыс арда- геріне жэне соғыска катысушыға, ол үшін касиетті болып 
саналмайтын жас буын өкіліне түрліше реакция туғызуы мүмкін. 
1997 жылғы Қылмыстық кодексте аффект үшін негіз болуы мүмкін жағдайлардың аясы кеңейе 
түсті. Егер 1959 жылы Қылмыстық кодекс жәбірленушінің зорлык көрсетуі мен өте ауыр 
балағаттауынан басқа, егер осы әрекеттер кінэліға немесе оның жакын- жуыктарына ауыр зардап 
келтірген немесе зардап келтіруі мүмкін болған жағдайда, өзге де заңға қайшы әрекеттері 
(әрекетсіздігі) жатқызылған болса, ал 1997 және 2014 жылы 
Қылмыстық кодекстері бойынша аффект үшін кылмысқа карсы жэне тіпті моральға жат- пайтын 
карапайым әрекеттердің (әрекетсіздіктің) болуы жеткілікті. Моральға жатпай- тын әрекет түсінігіне 
келетін болсақ, біздің еліміз бастан кешірген бірқатар моральдық қүндылықтарды кайта бағалаумен 
байланысты олардың мазмүнын түсінуде де белгілі бір қиындықтардың пайда болуы мүмкін. Оның 
үстіне біздің қогамымыз жікке бөлінуге қатты үшырап отыр жэне көптеген кұбылыстарды түрлі 


264 
әлеуметтік топтар түрліше кабылдайды. Оган коса біз қазір әрекеттердің кандай моральға 
(социалистік немесе коммунистік) қайшы келетіндігіне сілтеме жасай алмаймыз. Сонда да кай 
уақытта бол- масын, негізінен когам мүшелерінің көпшілігіне бірдей болып саналатын моральдық 
құндылыктар, жаксылық пен жамандық, ар, намыс жэне арсыздық, сенімділік пен сатқындық, үят 
пен үятсыздық деген пікір түсініктер болды. Міне, осылар баға беру не- гізіне алынуы тиіс. 
Адам өлтірілетін жан күйзелісі жай-күйі заңда көзделгендей кенеттен болған жагдайда емес, 
жэбірленушінің үнемі қайталанып отырган құкыкка карсы немесе моральга жат мінез-құлқына 
байланысты пайда болган, ұзақ уақыт психиканы зақымдайтын оқигалармен де байланысты болуы 
мүмкін. Мүндай жагдайда, тіпті бір карағанда елен- бейтін жағдайдың өзі шыдамның шегіне 
жеткізіп, адам өлтіруге әкеліп соктыратын көңіл-күй жарылысының түтандырғышы болып табылуы 
мүмкін. 
Аффект жагдайында адам өлтіру тікелей де, сол сияқты жанама қасақаналыкпен жа- салуы 
мүмкін. Аффект кезінде екі немесе одан көп адамды өлтіру жагдайы Қылмыстык кодекстің 101-
бабының 2-тармагында сипатталған. Екі немесе одан да көп адамды өлтірудің түсінігі Қылмыстық 
кодекстің 99-бабының 2-тармагының «1» тармақшасында берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет