Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет163/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

 -
 
сегіз жылдан он екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсак, ол былай делінген: «Адамның 
өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, кандай да болсын органнан айрылуға немесе 
органның кызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінің қалпына келмес- тей бұзылуына әкеп соккан 
денсаулыққа қасакана ауыр зиян келтіру, сондай-ак өмірге қауіпті немесе еңбек кабілетінің кемінде 
үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліға мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе 
түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулыктың 
бұзылуын тудырган, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасакана ауыр зиян келтіру». 
Осы 106-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік: «Денсаулыққа келтірілген зи- янды сот-


269 
медициналык бағалау Ережесі» 1998 жылы 4 мамырда Қазақстан Республика- сы Білім, мәдениет 
жэне денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулык сақтау комитетінің № 240 жэне Қазақстан 
Республикасы Денсаулық сактау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы №875/1 бұйрығымен 
бекітілген. Осы ережелерге сәйкес: 
а) Адамның өміріне қауіпті зиянға - миға зақым келтірілместен бас сүйегіне кел- тірілген 
жарақат; бас сүйектерінің ашык немесе жабық сынуы; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы; өмірге 
қауіпті түрде мига қан құйылуы; бел омыртканы ауыр зақымдау; адамның іш кұрылысын, ас қорыту, 
зэр шыгару органдарын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру т.б. жаракаттар келтірулер жатады. 
Өмірге қауіпті жарақаттың тізбегі жоғарыда айтылған Ереженің 7-тармағында тұтастай көрсетілген. 
б) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден айрылу - бұл адамның денсаулыгына 
ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын жағдайға душар болады. 
Айтып кететін бір жәйт, адамның көре алмауы емделусіз болуы керек, уақытша көруден айрылу 
ауыр дене жарақатының элементі болмайды, ягни ол орташа ауырлықтагы дене жарақаты болып 
табылады. 
Бір көздің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Бір көздің көруінен айрылу 
салдарынан адам көзінің көру шеңбері 30 пайызга тарылады жэне бинокулярлық көрудің бұзылуына 
әкеп согады, ал мұндай жағдайлар кейбір кездері белгілі бір нәрселерді нақты қабылдау 
қабілеттілігін қиынга соқтырады немесе көрудің мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Себебі, бір 
көзден айрылған адам мамандық түрін таңдаганда гана емес, сонымен қатар дем алу кездерінде де 
қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір кездері бақытсыздық жағдайлардың объектісі болуы да 
мүмкін. Сондықтан да көздің көру қабілетін 35 % мөлшерінде жоғалту немесе 2 метр қашықтықта 
бармактың санын көре алмауы денсаулықка ауыр зиян келтірілді деп есептелінеді жэне ауыр дене 
жарақаты ретінде багаланады. 
в) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан тілден айрылу - сөйлеу қабілетін, ол ойын 
айналасындагыларга түсінікті түрде біріккен дыбыстармен жеткізу кабілетін біржо- ла жогалту. 
Дауысын жоғалту салдарынан, ягни афония жағдайында адам өзінің ойларын тек кана сыбырлап 
жеткізе алады. Мүндай жағдайлар адамның еңбек ету кабілеттілігінің 25% мөлшерінде жогалтуына 
экеп соғады. Сөйлей алмау нәтижесінен адам қогамдагы қатынастарга активті түрде қатыса алмайды, 
барлық уақытта өзінің бір кемшілігінің бар екенін сезінеді, адамдармен сөйлесуден аулақ жүреді, 
сондықтан да тілден айрылу адам денсаулыгы үшін орасан зиянды болып табылгандықтан ауыр дене 
жарақаты ретінде есептелінеді. 
г) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей қалу деп мүлде айықпайтын кереңдік 
және зардап шегуші қатты айтылған сөзді өте жақын жерден, құлағынан 3-6 см 
қашықтықтаайтқандагана ести алатындай жағдайда қалуы. Жалпы есту- адам агзасының сезім 
органдарының бірі. Күнделікті қарым-катынас, жүмыс, дем алу уақыттары, теле- дидардан, радиодан 
хабар алу, есту сезімімен тығыз байланысты. Екі құлақтың есітпей қалуы - ауыр дене жарақаты 
ретінде есептелінеді. Бір құлақтың есітпей қалуы - жалпы еңбек қабілетінің 15 пайызын, яғни 
кемінде үштен бірін жогалту емес, сондыктан ол денсаулықтың бұзылуына әкеп соққан жеңіл 
жарақат деп багаланады. 
л) Қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жогалтуга - аяқтың, колдың 
физикалык тұргыда денеден айрылып қалуын немесе сал (паралич) қалпында қалуы жатады және 
бүл жағдай ауыр дене жарақаты ретінде багаланады. Жы- ныс қатынастарының қабілетін жогалту, 
екі ені де зақымданып, оларды алып тастауга әкеп соғуы, сондай-ақ бала табу кабілетінен айрылу 
түқымдылық қабілетінен айрылу деп саналады да, ауыр дене жаракаты қатарына жатады. 
е) Сот медицинасы тәжірибесінде беттің жаралануы тым жиі кездеседі. Бет жарақатын бағалау 
кезінде бірқатар факторларды: жарақат салған кезде оның адам өміріне қауіптілігін (ми шайқалуы 
т.б.), сезім мүшелерінің зақымдануын және бет пішінінін қалпына келмейтіндей болып бүзылуын 
ескеру керек. Бет сиқының бұзылуы туралы мәселені сот шешеді. Бет жарақатының жазылуы 


270 
дегеніміз - тыртық көлемінің кіші- реюі, табиги жагдайлардың нэтижесінде олардың өңінің өзгеруі, 
мысалы, тыртықтардын әжімдерге, мойын қыртыстарына жэне т. б. үқсап түруы болып табылады, 
сондай-ак консервативгік емдеу әдістерінің нәтижелері де осыган жатады. Ал егер консервативтік 
емдеу жақсы нэтижеге жеткізбей, закымданушыга косметикалык операциялар жасалса, жарақат 
операцияның нэтижесіне қарамастан, қалпына келмейтін жарақат деп қаралады да ауыр дене 
жарақатына жатады, өйткені мүндай жагдайда орын алатын ішқүса болып қатты қайғыруға бет-
пішіннің өзгеруі ғана емес, адамның коғаммен байланысының бұзылу қаупі де негіз болады. 
и) Еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұракты түрде жоғалту деп - жалпы еңбек қабілеті, 
мамандықты талап етпейтін еңбекке кабілеттілік айтылады. Еңбек кабілетінін үштен бірін жоғалту 
зардап шеккен адамның жалпы еңбек қабілеті мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін жарақат 
зардаптарының біршама жаксаруы организмдегі өзгерістермен бірге байланысты. Еңбек қабілетін 
жоғалту тек тұрақты болады. Жал- пы еңбек қабілетінің 33% мөлшерін жоғалту ауыр дене жарақаты 
ретінде бағаланады. Кәсіптік еңбек қабілетін жоғалтуды анықтау зардап шеккен адамның кәсіптік 
еңбек қабілетінен айыруға ниеттенгендік анықталатын жағдайларда тергеушінің каулысы не- месе 
сот қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Еңбекке қабілетті адамның еңбек қабілетін 
жоғалтуына апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға, кәмелетке толмаған жасқа, 1-
топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз адамдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене 
жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады: 1) балалардың кейін 
ол 10 жасқа толғанда еңбек қабілетін қандай дәрежеде жоғалтқаны көрсетіледі; 2) мүгедек адамның 
алынған жарақатка байла- нысты еңбек қабілетін біржола жоғалтуы дені сау адамдардікі сияқты 
анықталады, ягни мүгедектігі мен тобы ескерілмейді. 
к) Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екікабат екендігінің мерзімі- не 
қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызылады. Бұл орайда арнайы акушерлік- гинекологиялық 
зерттеулер арқылы түсіктің зардап шегуші организмінің жеке ерекшелік- теріне, яғни аурулығына 
немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оган дене жарақатының 
тікелей себеп болғаны анықталуға тиіс. 
ж) Жарақат алуға байланысты ішқұса болу (психикасының бұзылуы) ауыр дене жарақатының 
белгісі болып табылады. Мысалы: бас сүйек жаракатына байланысты пайда болатын қояншық 
(эпилепсия) осындай ауру. Ішқұсаның диагнозын қою жэне оның себебі жарақат алуға байланысты 
екенін анықтау сот-психиатриялық сарапшының құзыретіне жатады. 
з) Есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын туды- ру 
денсаулыққа қасакана ауыр зиян келтіру. Бұл есірткі немесе уытты у арқылы адамды соған душар 
етіп, оған ауыр дене жаракатын келтіру болып табылады. 
Енді жоғарыда көрсетіп кеткен 106-бапка қайта оралып, оның 2-тармағына тоқталайық. Осы 
баптың 1-тармағындағы әрекеттер: 1) екі немесе одан да көп адамға қатысты жа- салса; 2) адамның 
қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе 
оның жақындарына қатысты жасалса; 3) кінэліға дэрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды 
ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамға катысты жасалса; 4) аса қатыгездікпен жасалса; 5) 
адамдар тобы, алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 6) пайдакүнемдік ниетпен, сол 
сияқты жалдау бойынша; 7) бұзақылық ниетпен; 8) элеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік не- 
месе араздық уэжі бойынша тұрғысында; 9) жэбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану 
мақсатында; 10) бірнеше рет; 11) көрінеу кәмелетке толмаган балаға катысты қылмыстық кұкык 
бұзушылыктарды жасалса — деп атап көрсетілген. 
Осы 106-баптың 1 жэне 2-тармағында көзделген эрекеттер абайсызда жэбірленушінің өліміне 
әкеп согуы мүмкін. Ауыр дене жарақатының салдарынан жэбірленушінің өлімі бір кұрамдағы екі 
кінэ нысаны ретінде көрініс табады: 
1) касақана ауыр дене жарақатын келтіру, 
2) абайсызда жәбірленушіге өлім келтіру. 


271 
Ауыр дене жаракатының салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соғатын кінәлінің әрекеттері 
тікелей баска адамның денсаулыгына кол сұгуға багытталады, сондыктан да жалпы 
кінәлілықорекеттеріадамденсаулығынақарсы қылмысқажатады. Жалпы кінэлінің әрекеттерінің 
субъективтік жагын карастырсақ, кінәлі өзінің қасақана әрекеттері аркылы жәбірленушінің 
денсаулыгына ауыр зиян келтіреді, мұндай әрекеттерді ол тілеп немесе саналы түрде жол беріп 
істейді, бірак бұл әрекеттердің салдарынан келетін зардап, зиян жәбірленушінің өлімі абайсызда 
болады, ягни кінәлі жәбірленушінің өлуін тілемейді, ол өлмейді деген менмендік немесе 
немкұрайдылық қатынас түрінде болады. Егер абай- сызда жәбірленушіге ауыр дене жарақаты 
келтірілсе, мұның салдарынан жәбірленуші өлетін болса, онда бұл жағдай абайсызда кісі өлтіру 
қылмысы құрамын кұрайды. Со- нымен ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі 
келген жағдайга бай- ланысты жалпы заң бойынша 2 корытынды шыгаруга болады: 1) Егерде кінэлі 
тікелей немесе жанама қасақаналықпен өлтіруге багытталган эрекеттерді жасап, мұның салда- рынан 
жәбірленуші өлсе, онда кінәлінің әрекеті касакана кісі өлтіру қылмысы кұрамын құрайды. Егерде 
кінэлінің өлтіруге багытталган тікелей қасақаналык әрекетінің салда- рынан жэбірленушіге өлім 
келмей, оган тек ауыр дене жарақаты салынса, онда кінэлінің әрекеті кісі өлтіруге окталу ретінде 
есептелінеді, ал жанама қасақаналықта - дене жарақаты ретінде багаланады. Жэбірленушіге олім 
келтіруді мақсат тұтпай жанама касақаналыкпен жасалган дене жарақаты өлтіруге оқталу ретінде 
қарастырылмайды. 
2) Егерде ауыр дене жаракатының салдарынан келген жэбірленушінің өліміне кінэлінің тікелей 
немесе жанама қасаканалық ниеті болмаган кезде, онда кінэлінің әрекеті тұтасымен 106-баптың 3-
тармағымен сараланады. 
Қылмыстык кодекстің 106-бабының 3-бөлігінде осы қылмыс құрамының өте ауыр- лататын 
түрінің қатарына жаңа қылмыстык кодекс бойынша - осы баптың бірінше не- месе екінші 
бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді қылмыстық топ жасаса деп арнайы карастырылған. 
Қылмыстық топтың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 24-тармакшасында берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет