393
кұкык бұзушылыкка жатқызу арқылы жеке адамның мүддесін қоргау идеясына артықшылык
берілгені өзінен-өзі түсінікті. Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың кұрылымдык бел- гісі - оның
заты болып табылады. Осы қылмыстык құқық бұзушылық құралының заты- на автомобиль және
өзге де колік құралдары жатады. Өзге де көлік құралдарына трак- торлар, мотоциклдер және өзге де
өздігінен жүретін машиналар (жол, құрылыс немесе ауылшаруашылық машиналары), басқа
механикалық көлік құралдары (комбайн, авто- грейдер, асфальт төсегіш) деп түсініледі. Теміржол,
эуе немесе су көлігі (шагын су ке- месі,
моторлы қайық, байдарка, яхтадан басқалары) осы
көрсетілген қылмыстык кұқык бұзушылык құралының заты болып табылмайды, аталған көлік
құралдары басқа арнаулы кылмью кұрамының заты (344-бап) болып табылады.
Айта кететін бір жэйт қарастырылып отырылған 200-баптағы қылмыстык кұкық бұзушылық
құрамының заты болып өздігінен жүретін, моторлы механикалық көлік құралдары ғана танылады.
Мотормен жабдыкталмаған көлік кұралдары (велосипед, ат көлігі) бұл қылмыс құрамының затына
жатпайды. Сондай-ак жол қозғалысы ережесі- не сәйкес двигателінің жұмыс сыйымдылыгының
көлемі 50 сантиметрден аспайтын, жылдамдыгы сағатына 40 км аспайтын көліктер де механикалык
көлік құралдары болып табылмайды (мысалы, мотовелосипед).
Объективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық эрекет арқылы - автомобильді немесе өзге
де көлік құралдарын талан-таражға салу максатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) арқылы жүзеге
асырылады.
Көлік құралдарын оларды тұрған жерінен, оның иесінің немесе өзге де иеленушінің иелігінен,
уақытша кінэлінің пайдалануына немесе иелік етуіне өтуін иелену дейміз.
Иелену әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
ашық немесе жасырын, алдау
арқылы, күш қолдану немесе қолданбай, қолмен итеріп экету, басқа көлікке тіркеп алу т.б. Көлік
кұралдарының тұрған жері эр түрлі болуы мүмкін: гараж, ашык тұрақ, көше, кәсіпорын, ұйым,
мекеме аумағы, уақытша тұрақ жэне т.б.
Көлік құралдарын кез келген тәсілмен тұрған орнынан жылжыту иелік етудің аяқталғанын
білдіреді. Автомобильдің немесе өзге де көлік құралдарының кабинасына
айдап әкету максатымен
кіріп, оны от алдырмакшы және басқадай әрекеттерді істеуі осы қылмыстық кұқық бұзушылық
құрамын істеуге оқталғандық деп танылады.
Автомобиль немесе өзге де көлік кұралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз заңсыз иеленуде
кылмыстық құкык бұзушылықтың осы заттары бөтеннің меншігіне жатуы ке- рек. Яғни кінэлі
адамның оздігінен оны пайдалануға ешқандай құқығы болмауы керек.
Осыған байланысты меншік иесінің отбасы мүшелерінің бірінің немесе пайдалануға рұқсаты бар
баска адамдардың көлік құралдарын оның иесінің қосымша келісімінсіз өз бетінше пайдалануы
қылмыстык кұқық бұзушылық құрамына жатпайды. Сондай-ақ осы көліктің штаттағы
жүргізушісінің де көлікті басшысының келісімінсіз өз бетінше пайда- лануы айдап әкетуге
жатпайды. Егер мұндай эрекетті көлікті жүргізуден аластатылған адам істесе, онда оның әрекеті 200-
баптың құрамын құрайды.
Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарына иелік ету аса кажеттілік жағдайында,
қылмыскерді ұстау барысында немесе ауыр науқасқа көмек көрсету үшін пайдаланылса,
онда бұл
әрекет қылмыстық кұкық бұзушылық деп саналмайды.
200-
баптың бірінші тармағында қылмыстық құкық бұзушылықтың істегені үшін субъ- екті
болып 16-ға толған, ал калган бөліктеріндегі (II, III, IV) кылмыс үшін 14-ке толган есі дұрыс адамдар
танылады.
Субъективтік жағынан кылмыстық құқык бұзушылык тікелей касақаналық арқылы жүзеге
асырылады. Кінәлі адам өзінің әрекетінің қоғамға қауіптілігін және кұқыкка қайшылығын сезеді
және оны істеуді тілейді. Егер адам бөтеннің көлік құралына иелік етуді сезбеген жағдайда, онда ол
көлікті айдап әкеткені үшін жауаптылыққа тартылмай-
ды.
394
Заңда автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын жымкыру максатынсыз айдагі экету деп
көрсетілген. Егер кінэлінің ниеті автомобильді немесе өзге де иелік құралдарын жымкыруга
багытталған болса, онда оның әрекеті иелік етудің тэсіліне караіі меншікке карсы қылмыстык кұкық
бұаушылыктардың (6-тарау) тиісті баптары бойынша (200-бап- пен косымша емес) тікелей
саралануға жатады.
Егер кінәлінің ниеті автомобильді немесе өзге де көлік кұралдарын жымқыруға емес, осы көлік
құралдарын пайдаланып басқа қылмыс істеуге багытталса, онда оның әрекеті кылмыстардың
жиынтығы бойынша 200-баппен жэне істеуге бағытталған қылмысына даярлангандык ретінде
сараланады.
Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын айдап әкетумен
бірге оның детальда- рын,
агрегаттарын, жекелеген бөлшектерін немесе онда болған басқадай бұйымдарды кінәлінің иелік етуі
орын алган жағдайда, онда мұндай қылмыстық құқық бұзушылық ай- дап кету (200-бап) жэне
бөтеннің мүлкін ұрлау (188-бап) бойынша, ягни кылмыстардың жиынтығы ретінде сараланады.
Колік кұралдарын өз бетінше айдап әкету жол козгалысы жэне көлік кұралдарын пай- далану
ережелерін бұзумен ұштасса, онда іс-әрекет қылмыстык құқық бұзушылықтардың жиынтыгы
ретінде ҚК-тің 200 жэне 345-баптары бойынша сараланады.
Егер көлік құралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз өз бетінше уақытша пайда- лану үшін
айдап әкетіп, одан кейін көлік бүлдірілсе немесе жойылса, онда кылмыстық құқық бұзушылық үшін
жауаптылық айдап экетумен бірге мүлікті бүлдіргені немесе жойганы үшін де бірге туындауы қажет.
Қылмыстык кодекстің 200-бабында көрсетілген кұрамның ауырлататын, өте ауырла- татын (200-
баптың 2, 3, 4-тармақтары) белгілері ұрлықтың (188-бап) осындай белгілері- мен өзара ұқсас. Бірақта
осы қылмыс құрамының кұрылысына қарай оның өзіндік ерек- шеліктерін бейнелейтін кейбір
белгілеріне токталып кетейік.
200-баптың 2-тармагының «2» тармақшасындағы осы қылмысты бірнеше рет жасауга, кінэлінің
бірнеше көліктің ішінен біреуін айдап кету ниеті болып, оның біреуін от алдыра алмай, содан кейін
екіншісін от алдырып айдап кетуі бірнеше рет жасалған қылмыстық құқык бұзушылық деп
танылмайды. Ягни, былай айтканда бір көлікті ай- дап әкету мақсатымен бірнеше көлікті от
алдыруға әрекет етуі, осы қылмыстық кұқык бұзушылықтың бірнеше рст істелу құрамын түзбейді.
Адамдар тобының сөз байласуы бойынша (2-тармақтың «1» тармақшасы) және қылмыстық топ (3-
тармагы) болып ай- дап әкетуді саралау қылмыстык құкык бұзушылықтың
қатысудың ережелері
бойынша жүзеге асырылады. Егер осы кылмыстық кұқык бұзушылықтың қатысуга кеңес беру,
техникалық көлік кұралдарын беру, істеген қылмысты жасыруға күні бұрын уэде беру аркылы
істелсе, онда қылмыстық құқық бұзушылықтың қатысушылардың әрекеті (айдап салушының,
көмектесушінің) Қылмыстық кодекстің 29-бабына сілтеме жасала отыры- лып сараланады.
Өмірге немесе денсаулыкка қауіпті емес күш қолданумен не дэл сондай күш колданумен
қорқыту арқылы (200-баптың 2-тармағының «3» тармақшасы) жасалған кылмыстың түсінігі 191-
баптагы осындай белгімен ұксас. Өмірге немесе денсаулыкка қауіпті күш қолданумен не сондай күш
қолданбақшы болыи қорқытумен жасалган әрекеттердің түсінігі Қылмыстық кодекстің 192-бабында
айтылған. Осыган орай бұл құрамдагы осы белгілерге арнайы токталып жатпаймыз. Күш қолданып
көлікті оз беті- мен айдап кету әрекеттері 200-баптың 2 немесе 3-тармақгарымен сараланады, жеке
адамға карсы қылмыстык кұкық бұзушылык жөніндегі басқадай баптармен қосымша сараланбайды.
Осы іс-әрекетті істеуде жәбірленушінің өмірін жою фактісі орын алса, онда кінәлінің әрекеті осы
көрсетілген баппен жэне 99-бан (1 немесе 2-бөлігі) бойынша сараланады.