Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет521/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   517   518   519   520   521   522   523   524   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҮҚЫҚ БҮЗУШЫЛЬІҚТАР 
§ 1. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне карсы 
сыбайлас жемқорлық жэне өзге де қылмыстык кұкык бұзуінылықгарынын 
жалпы сипапамасы жэне белгілері 
Қылмыстык кодекстің 15-тарауы «Мемлекеттік кызмет пен басқару мүдделеріне қарсы 
сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық кұқық бұзушылыктардың» арналған 1959 жылғы 
Қазак ССР Қылмыстық кодексінде мұндай тарау жок еді, керісінше «Лауазымды қылмыстар» деген 
тарау (V) бар болатын. Қоғамымызда орын алган күрделі әлеуметтік- экономикалық, саяси 
өзгерістердің нәтижесінде мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген 
адамның, лауазымды адамдардың қылмыстары мемлекеттік органның аппараты жүйесінде немесе 
коммерциялық жэне өзге де ұйымдар жүйесінде істелетіні айкындалды. Осыған орай бұрынғы 
кеңестік жүйедегі Кодекстегі лауазымдык кылмыстар деген тарау лауазымды адамдардың кызмет 
бабын пайдалана отырып істейтін коғамға қауіпті іс-әрекеттерінің мэніне қарай 1997 жылғы 
Қылмыстык кодексте коммерциялык және өзге де ұйымдардағы кызмет мүдделеріне қарсы жэне 
мем- лекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық жэне өзге де 
кылмыстар болып жеке екі тарауға бөлінді. 
2014 жылғы жаңа Қылмыстық кодексте де осылай болып бұрынғысынша қалды. 
Мұндай бөлінудің негізі кылмыстык кұкык бұзушылык объектісі мен субъектісі бо- лыгі 
табылады. 
Коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметін атқаратын адамдардың қылмысты іс-
эрекеті сол ұйымдардың бір қалыпты жұмысына кедергі келтіреді жэне олардың мемлекеттік 
аппарат қызметіне еш қатысы болмайды. 
Осы екі органның - мемлекеттік немесе коммерциялык жэне өзге ұйымдарда кызмет атқаратын 
адамдардың атқаратын функцияларында елеулі өзгерістер бар. Сондықтан да осы тұрғыдағы 
қылмыстар үшін жауаптылык Кодекстің арнаулы 9-тарауында көзделген. Жалпыға мэлім 
біркалыпты дұрыс кызмет атқаратын мемлекеттік органдардың кызметі ғана коғамның 


598
 
экономикалық дамуына, оның мүшелерінің кұқықтары мен бостандыктарын қамтамасыз етуге 
қабілетті. Осыған орай мемлекеттік аппараттың кызметін корғау, оған қылмыстык қол сұгуды 
болдырмау ең маңызды мәселе болып та- былады. Өйткені мемлекеттік аппарат коғамды басқару 
жүйесінің кажетті белгісі, ондағы жүріп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. 2014 
жылғы Қылмыстык ко- дексте қызмет борышын адал атқаратындардың мүдделерін корғайтын 
көптеген баптар баршылық, сонымен бірге өз кызметтеріне киянат жасайтындарға заң алдындағы 
катаң жауаптылык та көзделген. 
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік баскару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемкорлык және 
өзге де кылмыстык қүкық бұзушылықтарды бір тарауға біріктіруге негіз болатын мына 
төмендегідей ортак белгілері бар: 
1) Бұл тұргыдағы қылмыстық кұқық бұзушылықтар негізінен арнаулы субъект - мем- лекеттік 
қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам немесе лауазымды адамдар арқылы 
жасалады. 
2) Бұл тараудағы қылмыстар қызмет өкілдігін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 
3) Мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын адамдардың қылмыстық құқык бұзушылықты іс-
әрекеттері мемлекеттік аппараттың дұрыс, заады қызметін қызмет мүдцесіне кайшы түрде бұзады. 
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық жэне 
өзге де қылмыстық кұкық бұзушылықтардың топтық объектісі - мемлекеттік аппараттың дұрыс, 
бірқалыпты қызметі, қосымша тікелей объектісіне - азаматтардың, ұйымдардың құкықтары мен 
заады мүдделері, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері жатады. 
Кейбір кылмыстық құқық бұзушылык құрамдарының міндетті белгісі - қылмыс заты болады: 
материалдық сыйакы (366, 367, 368-баптар), ресми құжат (369-бап). 
Осы тараудағы қылмыстар: 
Объективтік жағынан материалдык кұрам - (ҚК-тің 361, 362, 363, 370, 371-баптары) жэне 
формальдык құрам (ҚК-тің 364, 366, 367, 368, 369-баптар) болып бөлінеді. 
Субъективтік жағынан бұл кылмыстар негізінен қасақана кінэ нысанымен жасалады, тек қана 
салақтық (371-бап) абайсыздық түріндегі кінә нысаны арқылы жүзеге асыры- лады. Қызмет 
өкілеттігін теріс пайдалану (361 -бап), қызметтік жалғандық (369-бап) жа- сау құрамдарының 
субъективтік жағының қажетті белгісі ретінде пайдакүнемдік немесе өзге де артыкшылык алу 
туралы көрсетілген. 
Осы тараудағы қылмыстык кұқық бұзушылыктардың субъектісі - мемлекеттік қызметтер 
аткаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, лауазымды адам, жауап- ты мемлекеттік лауазым 
атқаратын адам. Тек кана ҚК-тің 367, 368-баптарының субъек- тісі олармен катар жай адам да 
болады. Олардың түсінігіне ҚК-тің 361-бабына талдау жасағанда толык тоқталамыз. 
Осы тарауға кірген қылмыстар қоғамдық қауіптілік дәрежесіне байланысты: 
1) Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемкорлық жэне 
2) өзге де қылмыстар болып екі түрге бөлінеді. 
Жалпы Қылмыстык кодекстің 3-бабының 29-тарауына сэйкес ҚК-тің 189-бабы үшінші бөлігінің 
2-тармағында, 190-бабы үшінші бөлігінің «2» тармағында; 215-бабы екінші бөлігінің «3» 
тармағында, 216-бабының екінші бөлігінің а) тармағында, 209-бабының үшінші бөлігінің а) 
тармағында, 307-бабында, 308-бабының төртінші бөлігінің 
в) тармағында, 310-315-баптарында 380-бабында көзделген қылмыстар оларды жасаған адамдар 
мүліктік игіліктер мен артыкшылықтар алған жағдайларда сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп 
танылады. 
Қылмыстык кодекстің 15-тарауына топтық объектісі белгісіне орай 361, 362-баптың төртінші 
бөлігі «3» тармағында, 364-371-баптарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыс түрлері 


599
 
енгізілген. 
362- 
баптың 1, 2, 3-бөлігінде жэне 4-бөлігінің 1, 2-тармақтарында, 363, 371-баптарда 
көрсетілген қылмыстар сыбайлас жемқорлыққа байланыссыз мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік 
басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар санатына жатады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   517   518   519   520   521   522   523   524   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет