Кодексінің 155-2 және 230-баптарына және «Концессиялар туралы»



бет1/6
Дата12.07.2016
өлшемі1.78 Mb.
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы

2014 жылғы 22 желтоқсан №157 Астана қаласы

Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске

асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 155-2 және 230-баптарына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 9 және 20 –баптарына бұйырамын:

1. Мыналар:

1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары;

2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары;

3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың мониторингін жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары;

4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары;

5) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар;

6) Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптар;

7) Осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес ең жақсы концессиялық өтінімді айқындау үшін Жобаларға қойылатын кретерийлер;

8) Осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері;

9) Осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалар санатына жатқызу критерийлері бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік жекешелік әріптестікті дамыту департаменті (Н.А. Аязбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.


Министр Е.ДОСАЕВ.
«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

____________ Б. Сұлтанов


2014 жылғы 19 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №157 бұйрығына 1-қосымша



Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары



1. Жалпы ережелер

1. Осы Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 7-6) тармақшасына және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Қағидалар концессиялық жобаларды ұсынуды, қарауды және іріктеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:



1) концессиялық ұсыныс - тиісті іс-шаралардың жиынтығын қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын, мемлекеттік қолдау шараларын, концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерін көрсететін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарта отырып әзірлейтін концессиялық жобаның тұжырымдамасы;

2) концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасы - орталық мемлекеттік немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы әзірлеген концессиялық ұсынысты тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан бағалауы;

3) республикалық жоба - республикалық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асырылатын және/немесе концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылатын және Заңның 12-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;

4) жергілікті жоба - коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асырылатын және/немесе концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылатын және Заңның 13-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;

5) алдын ала есептеулер - жорамалдарды көрсете отырып, концессиялық жобаның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің кіріс және шығыс бөлігі бойынша есептеулер. Алдын ала есептеулер ашып көрсететін формулалары бар MS Excel форматында қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады;

6) концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды - мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес концессиялық жобаны одан әрі пысықтаудың экономикалық орындылығы бойынша концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның немесе Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаның сараптамасы негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша концессиялық ұсынысқа дайындалатын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысы.

4. Конкурсты ұйымдастырушы, концессиялық ұсынысты, конкурстық құжаттаманы пысықтау, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарта алады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтер тізбесін қалыптастырады, оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырады.

5. Орта мерзімді кезеңде концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін (бұдан әрі - тізбе) Заңның 16-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.



Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы Қазақстан Республикасының Үкіметіне іске асыру жоспарланып отырған концессиялық жобаны аса маңызды концессиялық жобалар тізбесіне енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныстарының (оны концессиялық жоба ретінде іске асырудың орындылығы айқындалған жағдайда), концессиялық ұсыныстар мен конкурстық құжаттамалардың өтуі туралы хабарлайды.



2. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібі



7. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу процесі мынадай өзара байланысты кезеңдерден тұрады:

1) әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не концессиялық ұсынысты әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің оны алмастыратын тұлғасының концессиялық ұсынысты айқындауы және бекітуі.

Мемлекеттік орган концессиялық ұсыныс әзірлеу үшін ведомстволық бағынысты ұйымдарды, тәуелсіз сарапшыларды, жобалау, инжинирингтік, консалтингтік және басқа да компанияларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды тарту жолымен жобалау тобын құра алады.

Жобалау тобы қызметінің мақсаты осы немесе өзге салада/аяда/өңірде концессиялық жобаны іске асырудың дәлелденген қажеттілігімен бірге концессиялық ұсыныс әзірлеу болып табылады.

Жобалау тобы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

концессиялық жобаны іске асыру бойынша келіп түскен ұсыныстар мен бастамаларды зерделейді, іріктейді, бағалайды, олардың басымдылығын айқындайды, келісімшарттың, конкурстың түрін және концессиялық жобаның өзге де түйінді параметрлерін айқындайды;

жоспарланған концессиялық жоба бойынша маркетингтік және өзге де қажетті зерттеулерді жүргізеді;

барлық қажетті есептеулерді, оның ішінде концессиялық жобаның алдын ала есептеулерін әзірлеуді жүргізеді;

2) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың ережелерін, ел басшылығының тиісті тапсырмаларын, мемлекеттік органдардың бастамаларын, сондай-ақ дербес бастама тәртібінде жеке және заңды тұлғалар енгізген ұсыныстарды ескере отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзірлеу кезеңінде мемлекеттік органның концессиялық ұсыныстарын қалыптастыруы.

Концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік орган қажет болған жағдайда, жоспарланып отырған концессиялық жоба туралы қысқаша ақпаратты республикалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-ресурсында жариялайды, сондай-ақ мүдделі тараптарды (әлеуетті концессионерлер мен халықты) кездесулер, дөңгелек үстелдер және басқа қажетті іс-шаралар шеңберінде концессиялық ұсынысты қалыптастыру процесіне тарта алады;

3) республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша концессиялық ұсыныстарды республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігіндегі табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;

4) концессиялық ұсынысқа концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның, жергілікті деңгейде - облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің немесе оны алмастыратын тұлғаның қол қоюы;

5) Заңның 15-1-бабының 2-4-тармақтарына сәйкес концессиялық ұсынысқа салалық сараптама жүргізу.



Концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасы:

егер жоба республикалық болса, концессиялық ұсынысқа қол қойылған сәттен бастап;

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына қол қойылған концессиялық ұсынысты енгізген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасына тиісті саладағы мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды;

6) осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға әзірлеуші мемлекеттік органның қол қойған концессиялық ұсынысты жіберуі;



7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органның концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларды тарта отырып, концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргізуі.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға концессиялық ұсынысты концессиялық жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган оны енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптама жүргізу үшін жібереді.

Сараптама концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға концессиялық ұсыныстар түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Әзірлеуші мемлекеттік орган ақпаратты толық ұсынбаған, сондай-ақ концессиялық ұсыныстарда көрсетілген қосымша ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар көрсетілген ақпаратты ұсынуды талап етеді.

Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғалар осы тармақшаның төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, құжаттар топтамасы концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органға сұрау салуды, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органға сұрау салудың көшірмесін жібереді.

Концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органдар сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға және жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларға бір мезгілде ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімнің қажеттігі туралы хабарлайды.

Сұрау салу жіберілген күннен бастап және қажетті ақпарат ұсынылғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.

Әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша концессиялық ұсыныс пысықталған жағдайда, сараптама мерзімдері 1 (бір) рет қана жаңартылады;

8) Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптамасы түскен сәттен бастап мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның 5 (бес) жұмыс күні ішінде концессиялық ұсыныс бойынша қорытындыны:

егер жоба республикалық болса, тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға;

егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жіберуі;

Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық ұсыныс бойынша қорытындыны сараптама түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органға жібереді;

9) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның оң қорытындысының нәтижесі бойынша концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның концессиялық ұсынысты бекітуі;

10) бекітілген концессиялық ұсынысты, концессиялық ұсынысқа қорытындыны және басқа тиісті сараптамаларды қоса бере отырып, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мәселесін одан әрі тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті атқарушы органға өтінімді енгізеді;

11) республикалық жобалар бойынша концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын, оның ішінде техникалық экономикалық негіздемені (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеуге, түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша не әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары (бұдан әрі - ЖСҚ) бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.

Концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның жергілікті жобалар бойынша сараптаманың оң қорытындысы қоса берілген өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын, оның ішінде ТЭН-ін әзірлеуге, түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша немесе әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары (бұдан әрі - ЖСҚ) бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады;

12) конкурстық құжаттаманы әзірлеу, түзету, қажетті сараптамалар жүргізу және бекіту:

екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген жағдайларда:

конкурс ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуі.

Әзірленген ЖСҚ бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.

Конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету концессиялық ұсыныста қамтылған концессиялық жобаның маркетингтік, қаржы-экономикалық параметрлерін ескере отырып, қолда бар ЖСҚ-ны концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыра отырып жүзеге асырылады.

Қолда бар ЖСҚ-ны концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыру концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге бөлінген қаражат шеңберінде, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында ескере отырып, жүзеге асырылады;



республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополия салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алдын ала қажетті сараптамалардан өткен конкурстық құжаттаманы, концессиялық жобаның ТЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді;

тиісті бюджет комиссиялары шешімінің негізінде конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бекітуі;

екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген жағдайларда:

концессиялық ұсыныстардың сараптамасы негізінде конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі;

республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы тиісті сараптамаларды жүргізу және келісу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді;

13) бюджет комиссияларының тиісті шешімдерін шығаруы;

14) егер объектілер республикалық меншікке жататын болса мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе объектілер коммуналдық меншікке жататын болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астана мәслихаттарының Заңның 16-бабының 1-тармағына сәйкес тізбені қалыптастыруы және бекітуі.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға осы тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген рәсімді өту туралы бюджет комиссиясының тиісті шешімдері шыққан сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

8. Концессиялық ұсыныс мынадай құрылымға сәйкес болуы тиіс:



1) жоба паспорты;

2) кіріспе;

3) институционалдық бөлім;

4) маркетингтік бөлім;

5) қаржылық бөлім;

6) әлеуметтік-экономикалық бөлім;

7) техникалық-технологиялық бөлім;

8) тәуекелдерді бөлу;

9) жоба бойынша тұжырымдар;

10) қосымшалар.

9. Паспортта жоба туралы жалпы ақпарат кесте нысанында көрсетіледі:



1) концессиялық жобаның атауы;

2) концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның атауы;

3) концессиялық жобаның мақсаты;

4) концессия шарты бойынша құрылуы (реконструкциялануы) және пайдаланылуы болжанатын әлеуметтік инфрақұрылымның және тіршілікті қамтамасыз ету объектісінің атауы;

5) концессиялық жобаны аса маңызды концессиялық жобалар тізбесіне енгізу бойынша негіздеме;

6) концессия объектісін құру (реконструкциялау) кезеңі (мерзімі), пайдалану кезеңі (мерзімі);

7) концессиялық жобаның болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі мен көлемі);

8) концессионердің болжамды келтірілген таза пайдасының құны мен концессионердің ішкі кірістілік нормасы;

9) Заңның 7-бабына сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістерін алу көздері;



10) мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары;

11) концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу тәсілі (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай);

12) Заңның 21-1-бабына сәйкес концессия шартының түрі;



13) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген жағдайларда берілетін мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша инвестициялық ұсынысқа концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы экономикалық қорытындының болуы не болмауы.

10. «Кіріспе» деген бөлімде:



1) концессиялық жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланған саладағы (өңірдегі) проблеманың сипаттамасы;

2) концессиялық жобаның елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі туралы ақпарат;

3) олардың шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру жоспарланған экономика саласы (аясы), өңір мен елді мекен;

4) концессия шарты бойынша құрылуы (реконструкциялануы) және пайдаланылуы болжанатын әлеуметтік инфрақұрылымның және тіршілікті қамтамасыз ету объектісінің атауы, сондай-ақ оның құқықтық мәртебесі (меншігі, баланс ұстаушысы, шектеулері мен ауыртпалықтары);

5) Концессионердің концессиялық жоба шеңберіндегі болжанатын қызмет түрлері;

6) концессияға беруге жоспарланбаған қызмет түрлері туралы ақпарат;

7) концессияға берілетін жұмыс істеп тұрған объектіге қатысты ауыртпалық және шектеу туралы ақпарат (кепілдік, тыйым салу, бөтен жылжымайтын мүлікке шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут) және т.б.);

8) концессиялық жобаның іске асырылуына әлеуетті концессионерлер тарапынан мүдделіліктің бар-жоғы туралы ақпарат;

9) концессия объектілері тараптарының бір-біріне жоспарланған беру алгоритмі, сондай-ақ оның негізінде аталған мүлік берілетін құқықты көрсете отырып, концессия объектісінің құрамына кірмейтін өзге мүлікті беру тәртібі мен шарттары;

10) экономиканың осы саласындағы (аясындағы) ұқсас концессиялық жобаларды іске асырудың халықаралық және/немесе қазақстандық оң тәжірибесі;

11) концессионерді таңдау бойынша (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай) конкурс өткізу тәсілін таңдаудың негіздемесі;

12) Заңның 21-1-бабына сәйкес концессия шартының түрін таңдаудың негіздемесі;

13) егер жаңа концессия объектісін салу жоспарланған жағдайда, концессиялық жобаның табиғи монополиялар салаларына тиесілілігі туралы ақпарат және егер жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда, жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат, оның ішінде соңғы күнтізбелік үш жылдағы негізгі құралдарды қайта бағалау, іске асырылған инвестициялық бағдарламалар, табиғи монополиялар субъектісі қызметінің техникалық сараптамасы, объектілердің техникалық жай-күйін куәландыру және басқа да мәліметтер туралы ақпаратты қоса алғанда, концессияға берілетін табиғи монополиялар субъектісінің мүліктік кешені туралы ақпарат;

14) концессионердің концессия объектілеріне құқықтары туралы, оның ішінде концессия шарты тоқтатылған жағдайда, құрылысы аяқталмаған концессия объектісіне құқықтары және (немесе) қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру құқығы туралы жоспарланған шарттар, концессия шартының талаптарын орындау кезінде туындаған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтары туралы шарттар;

15) объектіні реконструкциялау кезінде оның ретроспективасы (объектіні пайдалануға енгізу күні, реконструкциялау бойынша жүргізілген жұмыстар және аталған объектіге байланысты басқа да мәліметтер) қоса беріледі.

11. Институционалдық бөлім тараптардың өзара іс-қимыл жасасу тетіктері, концессиялық жобаның әрбір тарапының, оның ішінде үшінші тұлғалардың, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (тараптардың өзара іс-қимыл жасасу схемасын қоса бере отырып) инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңдегі жауапкершілігі туралы ақпаратты қамтиды.



12. Маркетингтік бөлім маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұраныстың және өндірістің тұтынылатын факторларын ұсынудың қазіргі және болжамды (концессиялық жобаны іске асыру кезеңіндегі) конъюктурасын талдауды қамтиды.

Егер Заңның 14-бабына сәйкес өнімнің негізгі тұтынушысы мемлекет болып табылған жағдайда, онда жоспарланған тұтыну көлемі бойынша растайтын құжаттар мен тиісті есептеулерді ұсыну қажет.

Бөлім мыналарды қамтиды:

1) сұраныстың мөлшерлік параметрлерін, оның үрдістерін талдау және негіздеу немесе концессиялық жоба шеңберінде өндіру жоспарланған өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) қажеттілікті бағалау;

2) тұтынушылар санаты бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы жағдайды ескере отырып, өндірілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау, оның ішінде бәсекелестікті (ағымдағы бәсекелестер, жаңа бәсекелестердің, алмастырушы тауарлардың пайда болу ықтималдығын) талдау;

3) өнім (көрсетілетін қызмет) бірлігі үшін белгіленген қолайлы (әлеуметтік әділ) бағаны талдау және негіздеу, оның ішінде концессиялық жоба шеңберінде әлеуетті тұтынушылардың өнім (тауар/көрсетілетін қызмет) бірлігін сатып алуға (өнім бірлігі үшін төлеуге) дайындығын және мүмкіндіктерін талдау;

4) тұтынушылардың санаты бойынша концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын талдау;

5) концессиялық жобаны іске асыру үшін қажетті шикізат, материалдар, жабдықтар нарықтарын талдау, оның ішінде өндірушілер мен жеткізушілер, бағалар, сапа және өнімді жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдау;

6) инвестициялық, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезеңде жобаның тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, қажет болған жағдайда шетелдік мамандарды тарту негіздемесі;

7) SWOT-талдау (концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде болжанатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мүмкіндіктерін және қауіптерін, әлеуетті күшті және осал жақтарын айқындау және бағалау).

Әрбір кіші бөлімде қолданылатын ақпарат көздері және жүргізілген маркетингтік зерттеулер бойынша есеп қоса берілген маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістемесі көрсетіледі.

13. Қаржылық бөлімде:



1) жыл сайын концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде ұсынылатын концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиті шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы ақпарат;

2) есептермен расталған концессия объектісі құрылысының болжамды құны;

3) концессиялық жоба шеңберінде салымы жоспарланған инвестициялар көлемі;

4) тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалы туралы есептеулер мен мәліметтер негіздемелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға), оның ішінде табиғи монополиялар саласына жататын тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) алдын ала есептеу;

5) егер:

ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемі туралы ақпаратты;

көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрлері бөлінісінде қолданыстағы тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты;

мұндайлар болған жағдайда, реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көрсетілетін түрлері мен көлемі туралы ақпаратты;

бухгалтерлік балансты, пайда мен шығындар туралы есепті, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есепті;

тарифте ескерілетін қолданылатын амортизациялау әдістері туралы ақпаратты;

инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен өлшемдері туралы ақпаратты;

бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламаларда нақты орындалу көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламаларда бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;

мұндайлар болған кезде, қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламалардағы көрсеткіштерден ауытқу себептерін түсіндіруді;

субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешектерінің деңгейін төмендету бойынша кешенді іс-шаралар және мұндайлар болған кезде, кредиторлық берешекті төлеуді;

мұндайлар болған жағдайда, нормативтік және (немесе) нормативтен тыс шығындарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын қамтитын жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда, соңғы үш жылда жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат;

6) мемлекеттік қолдау ұсыну қажеттілігі мен мүмкіндігін және тарифтердің күрт өсуін болдырмау мақсатында инвестициялық, пайдалану шығындарын өтеу және басқарғаны үшін сыйақы көздерін талдау нәтижелері;

7) Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік қолдау көрсетудің болжамды түрлері, көлемдері, мерзімдері мен шарттары;



8) алдын ала есептеулер түріндегі негіздемесімен жылдар бойынша бөлінген мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің болжамды жиынтық құны;

9) Заңның 7-бабына сәйкес концессионердің шығындарды өтеу және кірістерді алуының болжамды көздері;

10) егер концессиялық жоба әлеуметтік маңызы бар санатқа жататын болса, концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақыны қолдану мүмкіндігі туралы ақпарат;

11) концессиялық жобаның болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі мен көлемі), сондай-ақ алдын ала есептеулер түрінде негізделген концессионер кірістілігінің болжамды таза келтірілген құны мен ішкі кірістілік нормасы көрсетіледі;

12) концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың жобаны іске асырудың өзге де ықтимал схемалармен (бюджеттік қаржыландыру, мемлекеттік қарыз алулар және басқалар) салыстыру бойынша жобаны іске асырудың неғұрлым ұтымды ретінде негіздеу;

13) концессияның тиімді мерзімін айқындау.

Жобаның концессиялық ұсынысында келтірілген ақпаратты растайтын және ашып көрсететін қаржылық-экономикалық үлгілерді, кестелерді, диаграммаларды, суреттерді, жер картасын қамтитын қосымшалар концессиялық ұсыныста қамтылған.

Жобаның қаржылық-экономикалық үлгілері жобаны іске асырудың қаралатын нұсқалардың әрбірі бойынша (бюджеттік қаржыландыру, мемлекеттік қарыз алулар және концессия) формулалар мен қабылданған жорамалдарды көрсете отырып жасалады. Концессия бойынша ҚЭҮ нұсқасы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесінің негізінде жасалады.

14. Әлеуметтік-экономикалық бөлімде концессиялық жобаның әлеуметтік-экономикалық аспектілері және жобаны іске асырудан түсетін пайда көрсетіледі.



Бұл бөлім мыналарды қамтиды:

1) саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және оның жоба ескерілмеген даму перспективаларын талдау, оның ішінде:

негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);

негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) өндіру көлемі, жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын мерзімдегі үрдістері);

2) концессиялық жобаны іске асырған жағдайда саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын талдау, оның ішінде:

негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);

негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын мерзімдегі үрдістері);

3) нәтижелерді, салдарын және ықпалын, көбейтілген пайда мен шығындарды, тұтынушының қосымша пайдасын, қалпына келмейтін шығындар, сыртқы әсерлер, халықаралық әсерлер, концессиялық жобаны іске асырудан түсетін жанама пайданы талдауды қамтитын концессиялық жоба бойынша пайда мен шығындарды талдау;

4) ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырмалы бағаларындағы тікелей, жанама және жиынтық макроэкономикалық әсердің есебі;

5) таза қоғамдық пайда, экономикалық таза келтірілген табыстың (Economic net present value - ENPV), табыстылықтың экономикалық ішкі нормасының (Economic Internal Rate of Return - EIRR) көрсеткіштерін есептеу;

6) концессиялық жобаны іске асырудың аралас салалардың (көрші өңірлердің) дамуына әсерін талдау;

7) концессиялық жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына әсерін талдау.

15. Техникалық-технологиялық бөлім мыналарды:



1) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде енгізілуі жоспарланған технологиялық инновациялар туралы мәліметтерді;

2) әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары, үлгі жобалары, үлгі жобалық шешімдері және қайталап қолданылатын жобаларының бар-жоғы туралы мәліметтерді;

3) концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланған физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамаларын, оның ішінде концессиялық жобаның жоспарланған өндірістік қуатын;

4) шикізатты, материалдарды, жабдықтарды әлеуетті жеткізушілердің көздері мен орналасқан жерлеріне, өнімдерді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өңірдің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып көлік магистраліне жақындығына қатысты жобаны іске асырудың орналасқан жерінің негіздемесін;

5) концессияға берілуі мүмкін объектiні салудың (реконструкциялау) және пайдаланудың жоспарланған мерзімдерін;

6) объектiнің орналасқан жері, жер учаскесінің (учаскелерінің) сипаттамасы туралы мәліметтерді, сондай-ақ қолданыстағы және/немесе жобаны іске асыруға қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылым (теміржол магистральдары, автокөлік жолдары, құбырлар, электр- және жылу жүйелері, су құбыры, газ құбыры және басқа инфрақұрылым) туралы ақпаратты;

7) концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің болжамды құны туралы жалпы ақпаратты және концессиялық ұсыныстың жобасына егжей-тегжейлі ақпаратты қоса бере отырып, техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай өткізілетін конкурс таңдалған жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асыратын концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің көрсетілген құнын негіздейтін есептеулерді қамтиды.

16. «Тәуекелдерді бөлу» деген бөлімде жобаны іске асыру кезінде пайда болуы ықтимал тәуекелдер, концессионер мен концедент арасында тәуекелдерді бөлу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бойынша, оның ішінде дайындық кезеңінде, концессия объектісін салу/реконструкциялау және оны пайдалану кезеңінде жоспарланған іс-шаралар сипатталады.



Бұл бөлім мыналарды қамтиды:

1) коммерциялық тәуекелдерді бағалау;

2) әлеуметтік тәуекелдерді бағалау;

3) экономикалық тәуекелдерді бағалау;

4) техникалық тәуекелдерді бағалау;

5) қаржылық тәуекелдерді бағалау;

6) тәуекелдердің негізгі факторларын, олардың өзгеруінің болжамды сипаттамасы мен диапазонын, оларды азайту бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын концессионер мен концедент үшін ерекше тәуекелдерді бағалау;

7) тәуекелдерді жобаға қатысушылар арасында бөлуді талдау;

8) белгісіздік жағдайындағы талдау, оның ішінде негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығындар) сезімталдықты талдау, оның ішінде параметрдің өзгеруінің шекті рұқсат етілетін мәндерін айқындау.

Тәуекелдерді бағалау сандық және сапалық талдау әдісімен жүргізіледі.

17. «Жоба бойынша тұжырымдар» деген бөлімде негізгі тәуекелдерді ескере отырып, маркетингтік, қаржылық және техникалық-технологиялық бөлімдер бойынша негізгі нәтижелер көрсетіледі.



Сондай-ақ, аталған бөлімде мемлекет ерекше қорғайтын археологиялық немесе өзге де объектілердің жоспарланған концессиялық жобасының мәселелері қозғалған жағдайда, осы объектілердің жай-күйі туралы, сондай-ақ оларға концессиялық жобаның ықпал етуі туралы мәліметтер келтіріледі.

18. Концессиялық ұсыныс:



1) концессиялық ұсыныстар бойынша салалық сараптаманың оң қорытындысын;

2) екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылмайтын конкурс таңдалған жағдайда:

техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге арналған техникалық тапсырманың жобасын;

концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, оның ішінде ТЭН немесе әзірленген ЖСҚ-сы бар, сондай-ақ концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ-ны байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша тиісті негіздемені қоса бере отырып, әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу құнының есептеулерін;

екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланатын конкурс таңдалған жағдайда:

тиісті негіздеме қоса берілген концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын әзірлеу құнының есептеулерін;

3) концессиялық ұсынысты республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу нәтижелерін;

4) орындау үшін жауаптыларды, іске асыру мерзімдерін және аяқталу нысандарын көрсете отырып, концессиялық жоба бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын;

5) концессиялық жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның пікірі бойынша ұсынылатын концессиялық ұсынысты жан-жақты және толық бағалау үшін қажетті өзге де материалдар мен мәліметтер қоса беріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жіберіледі.

Концессиялық ұсыныстардың, сондай-ақ оған қоса берілетін материалдардың әрбір парағын тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органның және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің басшысы дәйектейді.

Сараптама жүргізу үшін қажетті материалдар қоса берілген концессиялық ұсыныстарды әзірлеуші мемлекеттік орган концессиялық ұсынысқа қосымшалардың электрондық көшірмесін ұсына отырып, бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған титулдық бланктегі жеке ілеспе хатпен ұсынады.

19. Концессиялық ұсыныстарды табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу табиғи монополиялар саласына жататын мемлекеттік меншік объектілерін жақсарту және тиімді пайдалану үшін уақытша иеленуге және пайдалануға немесе концессионердің қаражаты есебінен жаңа объектілерді құру (салу) құқығын концессияға беру мүмкіндігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

20. Концессиялық ұсынысты келісу концессиялық ұсыныстардың табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға келіп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, мынадай мәселелерді қарай отырып жүзеге асырылады:

1) концессиялық жобаның табиғи монополиялар салаларына тиесілігі және табиғи монополиялар салаларына жататын концессиялық жобаның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарлар, жұмыстар) тізбесін келісу;

2) тауарлар (көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) өндірісінің өндірістік циклі, жылу және электр желілерін, газ бөлу жүйелерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту;

3) концессиялық жобаның өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға ықпалы және концессиялық жобаны іске асыру қажеттілігі, оның ішінде жобаның өңірдегі басқа монополистердің қызметіне ықпалы;

4) концессиялық жобаның реттеліп көрсетілген қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифті (алым мөлшерлемесін, бағасын) қалыптастыру тәртібі және мөлшері.

Жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектілерінің объектілерін реконструкциялау немесе жаңғырту кезінде концессиялық жобаны іске асыру көрсеткіштерінің тарифтердің өсуіне және көрсетілетін қызметтер сапасының жоғарылауына, оның ішінде табиғи монополиялар субъектісі әзірлеген және іске асыратын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік шығындарды төмендету және (немесе) олар болған жағдайда, нормативтен тыс шығындарды жою мәселесі қосымша қарастырылады.

21. Концессиялық ұсынысты табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу мынадай:



1) концессиялық ұсынысты келісу туралы;

2) әрбір қарастырылған мәселе бойынша келіспеу себептерін не концессиялық ұсынысты пысықтау жөніндегі талаптарды немесе концессиялық жобаны жақсарту жөніндегі ұсынымдарды көрсете отырып, келіспеу туралы нәтижелері бар концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органға жіберілетін хат түрінде ресімделеді.

22. Республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілер бойынша тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынатын концессиялық ұсыныстарды олар ұсынылған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тізбеге енгізу үшін келіседі.



3.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет