Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «18 жасқа дейiнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
10) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
11) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
12) «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
13) «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
14) «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
15) «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
16) «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
РҚАО-ның ескертпесі!
Мемлекеттік тілдегі мәтіні берілмегендіктен стандартты орыс тіліндегі мәтіннен қараңыз.
17) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
РҚАО-ның ескертпесі!
Мемлекеттік тілдегі мәтіні берілмегендіктен стандартты орыс тіліндегі мәтіннен қараңыз.
18) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 394 қаулысымен
бекітілген
«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың осы «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – стандарт) тізбесі, мекенжайы 1-қосымшада көрсетілген жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетеді, орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесінің негізінде ұсынылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органның, орталықтың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады, сондай-ақ нөмірлері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметтерінің телефондары арқылы алуға болады.
5. Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресiмдеу туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке адамдарға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушылар):
1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге;
3) ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдарына;
4) жалпы аурудан мүгедек болғандарға;
5) бала жасынан мүгедектерге;
6) мүгедек балаларға;
7) жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерге көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап:
уәкілетті органда – он жұмыс күні ішінде;
орталықта – он жұмыс күні ішінде (құжатты қабылдаған күн мен (нәтижесін) берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) тұтынушы өтініш жасаған күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алғанға дейін (талон алғанға дейін) күтудің ең көп шекті уақыты 30 минуттан аспайды;
3) тұтынушы өтініш жасаған күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің ең көп шекті уақыты уәкілетті органда 15 минуттан, орталықта 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:
демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін күн сайын.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
Орталықтың жұмыс кестесі: үзіліссіз 9.00-ден бастап 20.00-ге дейін күн сайын, орталықтың филиалдары мен өкілдіктері үшін демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден бастап 19.00-ге дейін жұмыс кестесі бекітілген.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) уәкілетті органның үстелдері, орындықтары, толтырылған бланкі үлгілерімен ақпараттық стенділері бар үй-жайында көрсетіледі, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген;
2) мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген орталықтың үй-жайында анықтама бюросы, күту креслосы, бланкілерді толтыру үлгілерімен ақпараттық стенділер орналастырылған.
Уәкілетті органның және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі
11. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін көрсете отырып, белгіленген үлгідегі өтініш, әлеуметтік жеке кодының нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі болғанда);
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ал кәмелетке толмаған мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін, ата-анасының біреуінің (қамқоршысының, қорғаншысының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар үшін – мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмені;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәліктің көшірмесін;
5) Ұлы Отан соғысы қатысушылары үшін – протездік-ортопедиялық көмек көрсету қажеттілігі туралы тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым қорытындысының көшірмесін;
6) жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер – жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесін және жеке кәсіпкер – жұмыс беруші қызметін тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат ұсынады.
Құжаттардың көшірмелері мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
12. Уәкілетті органда бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.
Орталықта бланкілер күту залының арнайы тағанында, не орталықтың консультанттарында болады.
13. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті толтырылған өтініш нысаны және басқа да құжаттар мекенжайы, телефоны, кабинет нөмірі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмірі туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде ақпарат жазылған уәкілетті органның стендісінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілгенде құжаттар «терезелердің» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы қабылданады, сондай-ақ орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға:
1) уәкілетті органда – мемлекеттік қызмет алуға тұтынушы тіркелген және алатын күні, қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;
2) орталықта – мыналар:
сұраудың нөмірі және қабылдаған күні;
сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
15. Протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты жеткізу:
1) уәкілетті органға өтініш берген кезде тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға тұтынушының өзінің келуі арқылы, не пошталық хабарлама арқылы;
2) орталыққа өзі келіп өтініш берген кезде «терезе» арқылы күн сайын, қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды беруді орталық инспекторы күн сайын қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартылады:
1) тұтынушының протездік-ортопедиялық көмек көрсетуді қабылдауға медициналық қарсы көрсетілімдері болғанда;
2) аталған мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін құжаттардың біреуі болмағанда, орталықтан түсетін құжаттарды ресімдеуде қателіктер табылған кезде;
3) жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынылғанда;
4) жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерге, егер олардың қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтатылмаған жағдайда бас тартылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның және орталықтың лауазымды адамдарының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында көзделген, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексіне сәйкес адамның конституциялық құқықтарының сақталуына негізделеді және заңдылық, сыпайылық, уақтылы толық ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, қызметтік борышына адал қарамағаны үшін жауапкершілік қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның және орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдемдесетін мемлекеттік органның атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
Орталық қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтардың ақпараттық-анықтамалық қызметтерінің телефондары арқылы түсіндіріледі.
21. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, заңды мекенжайлары және электрондық поштасының мекенжайы осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген аталған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік орган басшысының атына беріледі.
22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым кабинет нөмірі облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының уәкілетті органының, орталықтың ақпараттық стендісінде көрсетілген облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының уәкілетті органы басшысының атына беріледі. Уәкілетті органның жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, Облыс әкімі аппаратының және орталықтың телефоны мен мекенжайы осы стандартқа 1, 2, 5-қосымшаларда көрсетілген.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде әрекетіне шағымданатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру және талап ету себептері көрсетіледі.
25. Жазбаша шағым берген тұтынушыға, берілген шағымға жауап алуға болатын күні мен уақыты, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет көрсеткен органның шешіміне сот органдарында шағымдануға болады.
26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурс: http://www.enbek.gov.kz
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық
көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды
ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Уәкілетті органдардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері
Р/с №
|
Уәкілетті органның атауы
|
Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электронды поштаның мекенжайы)
|
Қала коды және телефон нөмірі
|
Жұмыс кестесі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81 akkol_ozsp@mail.ru
|
8-71638 2-10-48
|
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін
|
2
|
Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz
|
8-71644 2-13-76
|
3
|
Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz
|
8-71641 2-25-34
|
4
|
Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz
|
8-71643 2-45-69
|
5
|
Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 bulandy_rozsp@mail.ru
|
8-71646 2-14-26
|
|
6
|
Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6 egindykol_ozsp@mail.ru
|
8-71642 2-15-44
|
7
|
Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 64 oz_sp.enbek@bk.ru
|
8-71639 2-21-29
|
8
|
Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесі, 87 eremzsp@mail.ru
|
8-71633 2-37-44
|
9
|
Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 5 esil_sobes@mail.ru sobes@kokshetau.online. кz
|
8-71647 2-16-57
|
10
|
Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Достық көшесі, 3 soc_zahita_21@kokshetau.online.kz socasp@mail.ru
|
8-71635 2-13-00
|
11
|
Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесі, 32 rusz_irk@kokshetau. оnline.kz
|
8-71648 9-17-02
|
12
|
Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 64 sobes_zer_08@mail.ru
|
8-71632 2-11-68
|
13
|
Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесі, 9 kszn@kokshetau.online.kz
|
8-71637 2-11-83
|
|
14
|
Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 117 Sondyktau_OZSP @kokshetau.online.kz
|
8-71640 9-17-43
|
15
|
Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 otdelakmol@mail.ru
|
8-71651 3-11-10
|
16
|
Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылайхан көшесі, 22 shortsobes@mail.ru
|
8-71631 2-19-75
|
17
|
Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесі, 24 soczachita@ kokshetau. оnline.kz
|
8-71636 4-27-68
|
18
|
Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Степногор қаласы, 4-шағын аудан soc_progr@mail.ru
|
8-71645 6-26-33 6-20-30
|
19
|
Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
Көкшетау қаласы, Локомативная көшесі, 9 а Sobes_kokshe@kokshetau.оnline.kz
|
8-71623 1-92-76 1-92-78
|
Достарыңызбен бөлісу: |