«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты



бет1/7
Дата19.06.2016
өлшемі1.29 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz, дата последнего изменения документа: 2012.09.14
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 7 сәуірдегі

393 қаулысымен



бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2012.17.08. № 1059 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»

мемлекеттік қызмет стандарты

(2012.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушыда электронды цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу бөлігінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.



Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беруді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті ұйым бөлімшесі) және мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - орталық) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына мобильдік орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1, 2-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеудің ережесі 2-тарауының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:



1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;

2) уәкілетті ұйым бөлімшесінің www.gcvp.kz интернет-ресурсында;

3) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

4) уәкілетті ұйымның бөлімшесіндегі, орталықтағы стенділерде;

5) порталда орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны және уәкілетті ұйым бөлімшесінің call-орталығының (1411) телефоны бойынша алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:



1) уәкілетті ұйым бөлімшесінде немесе орталықта:

арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) тағайындау туралы хабарлама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы немесе қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.

2) порталда:

арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу не қызмет көрсетуден бас тарту туралы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті ұйым бөлімшесінің ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы дәлелді жауабы болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жәрдемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) орталық уәкілетті ұйым бөлімшесінде мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген сәттен бастап (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыдан қабылданған осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттармен қоса хабарлама береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - уәкілетті ұйымның бөлімшесінде мемлекеттік қызмет алушының өтініші немесе мемлекеттік қызмет алушыдан қабылданған құжаттармен қоса хабарлама тіркелген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде.

Уәкілетті ұйымның бөлімшесі мемлекеттік арнаулы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде алушыны немесе орталықты хабардар етеді.

Порталда мемлекеттік арнаулы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу - уәкілетті ұйым бөлімшесінің ақпараттық жүйесіне сауал түскен сәттен бастап - 30 минуттан аспайды.

2) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін (тіркеу, талон алу кезінде) мемлекеттік қызмет алғанға дейін күтудің ең ұзақ шекті уақыты - 20 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты - 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті ұйым бөлімшесінде: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, бұл ретте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін азаматтарды қабылдауды кезекші мамандар жүргізеді.

Қабылдау алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.

2) орталықта - мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электронды кезек» тәртібімен жүзеге асырылады.

Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес;

3) порталда - тәулік бойы.

10. Мемлекеттік қызмет мыналарда көрсетіледі:



1) қызмет көрсетілетін уәкілетті ұйым бөлімшесінің жеке кіреберіс, күту залы бар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар көзделген, қажетті құжаттарды дайындау үшін орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен, ақпараттық стенділермен жабдықталған ғимаратында.

Уәкілетті ұйым бөлімшелерінің үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік талаптарына сай, күзет және өртке қарсы сигнализациямен жарақталған.

2) мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша орталықтың мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар көзделген ғимаратында. Аумақтық органдардың үй-жайларында және орталықтың ғимаратында күту залы, ақпараттық стенділер бар.

3) порталда - жеке кабинетте.

 

 



2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мынадай құжаттарды тапсырады:



1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжат;

4) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін (мекенжай анықтамасы не селолық округ әкімдерінің анықтамасын).

Салыстырып тексеру үшін жәрдемақы тағайындауға қажетті құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері не нотариалды расталған көшірмелері уәкілетті ұйымның бөлімшелеріне ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары және құжаттардың қабылданғандығы туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады.

Мемлекеттік қызмет алу үшін алушы орталық арқылы өтініш бергенде осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылады.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін:



1) уәкілетті ұйым бөлімшесінде өтініш нысанын мемлекеттік қызмет үшін өтініш берген мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның бөлімшесінде уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы береді.

2) орталықтарда бекітілген нысандағы өтініш бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ орталықтың www.con.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.

3) портал арқылы мемлекеттік арнаулы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу туралы электронды сұрау нысанын толтыру қажет.

13. Құжаттарды қабылдау тікелей:



1) мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым бөлімшесінің ғимаратында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жауапты адамның деректері www.gcvp.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ уәкілетті ұйым бөлімшесі үй-жайларының көрнекті жерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.

2) орталықта «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:



1) уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жүгінген кезде мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі;

2) орталыққа өтініш бергенде:

сұраудың нөмірі мен қабылдаған күні;

сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;

қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

орталық құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты, және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

3) портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік арнаулы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жолданады.

15. Мемлекеттік арнаулы жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама беру тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым бөлімшесінде, орталықта алушы жеке өзі келген кезде жүзеге асырылады.



Мемлекеттік қызмет алушы қызметтің нәтижесін алу үшін белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, орталық оларды бір ай мерзімде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға тапсырады.

Алушы портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік арнаулы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

16. Егер осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.



Орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат беріледі.

Мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген кемшіліктерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздемелерде қаралады.

 

 



3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің және орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі



 

20. Осы стандартқа 1-қосымшада уәкілетті ұйым бөлімшесі қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдемдесетін лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген.

Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны және осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағымдар мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша:



1) тікелей уәкілетті ұйым бөлімшесінің басшысына. Уәкілетті ұйым бөлімшесі басшысының азаматтарды қабылдау кестесі осы стандартқа 1-қосымшада келтірілген, сондай-ақ www.gcvp.kz интернет-ресурсында орналастырылған;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлімінде;

4) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжай бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» парағы);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жолданады.

22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым мекенжайлары осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген уәкілетті ұйым бөлімшесі не орталық басшысының атына, сондай-ақ мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының атына беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъектіге немесе лауазымды адамға жолдануы керек.



Шағымда оның тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғасын куәландыратын құжатта болғанда), пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызмет алушы қол қоюға тиіс. Шағым бергенде әрекетіне шағым жасалатын органның атауы немесе лауазымды тұлғаның өтініш беру себебі және талаптары көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым уәкілетті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады. Өтініш берушіге күні мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Өтініш берушінің шағымын қарау нәтижелері туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.



Орталық: пошта және қолма-қол қабылданған шағымды растау оны орталық кеңсесінде немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында тіркеу болып табылады (мөр, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады).

Мемлекеттік қызмет алушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді.

Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А, телефоны: 8 (7172) 94 99 95, интернет-ресурсы: http://www.con.gov.kz.

 

«Арнаулы мемлекеттік



жәрдемақыны тағайындау»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 



Уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі

 

Ақмола облысы уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшелері



 

Р/с №

Уәкілетті ұйым бөлімшесінің атауы

Уәкілетті ұйым бөлімшесінің орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) нөмірі),электронды поштаның мекенжайы

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақмола облыстық филиалы

Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі, 73 akmola@gcvp.kz

8-71622 5-26-49

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңымен бекітілген мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Ақкөл аудандық бөлімшесі

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 116 akmola4@gcvp.kz

8-71638 2-16-54

3

Астраханка аудандық бөлімшесі

Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесі, 49 akmola7@gcvp.kz

8-71641 2-22-66

4

Атбасар аудандық бөлімшесі

Сейфуллин көшесі, 2 а akmola1@gcvp.kz

8-71643 4-12-40

5

Аршалы аудандық бөлімшесі

Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 31/12 akmola17@gcvp.kz

8-71644 2-12-36

6

Бұланды аудандық бөлімшесі

Макинск қаласы, Бөгенбай көшесі, 21 akmola16@gcvp.kz

8-71646 2-16-34

7

Бурабай аудандық бөлімшесі

Щучинск қаласы, Толкунова көшесі, 72 akmola15@gcvp.kz

8-71636 4-42-58

8

Егіндікөл аудандық бөлімшесі

Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 1/1 akmola5@gcvp.kz

8-71642 2-13-00

9

Ерейментау аудандық бөлімшесі

Ерейментау қаласы, Уәлиханов көшесі, 41 akmola12@gcvp.kz

8-71633 2-15-42

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңымен бекітілген мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

10

Есіл аудандық бөлімшесі

Есіл қаласы, Достық көшесі, 1 akmola8@gcvp.kz

8-71647 2-19-49

11

Еңбекшілдер аудандық бөлімшесі

Степняк қаласы, Уәлиханов көшесі, 2 akmola14@gcvp.kz

8-71639 2-18-71

12

Жақсы аудандық бөлімшесі

Жақсы ауылы, Достық көшесі, 14 akmola3@gcvp.kz

8-71635 2-17-02

13

Жарқайың аудандық бөлімшесі

Державин қаласы, Ғабдуллин көшесі, 102 akmola9@gcvp.kz

8-71648 9-15-53

14

Зеренді аудандық бөлімшесі

Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 48 akmola11@gcvp.kz

8-71632 2-13-79

15

Қорғалжын аудандық бөлімшесі

Қорғалжын ауылы, Т. Әубәкіров көшесі, 4 akmola18@gcvp.kz

8-71637 2-14-75

16

Сандықтау аудандық бөлімшесі

Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 121 akmola10@gcvp.kz

8-71640 9-23-46

17

Степногор аудандық бөлімшесі

Степногор қаласы, 3-шағын аудан, 1 akmola13@gcvp.kz

8-71645 6-14-74

18

Шортанды аудандық бөлімшесі

Шортанды ауылы, Лермонтов көшесі, 16 а akmola2@gcvp.kz

8-71631 2-16-86

19

Целиноград аудандық бөлімшесі

Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 akmola6@gcvp.kz

8-71651 3-11-23

 

Каталог: uploaded -> kaz -> Actualno -> cent obslyjivaniya naseleniya -> Pilotniy rezhim
Pilotniy rezhim -> «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер
Pilotniy rezhim -> «Жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Азаматтың әскери қызметке қатыстылығы туралы анықтамалар беру»
Pilotniy rezhim -> «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру»
Pilotniy rezhim -> Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет