Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының



Pdf көрінісі
бет1/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз



"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы 
Кодексінің жобасы туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1359 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы 
Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба 
"Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 
кодексі
Мазмұны
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы
заңнамасы
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару
3-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат
принциптері
4-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу негіздері
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің денсаулық сақтау
саласындағы құзыреті
6-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
7-бап. Әскери-медициналық ведомстволары (бөлімшелері) бар
мемлекеттік органдардың құзыреті
8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергілікті мемлекеттік басқару органдарының денсаулық сақтау
саласындағы құзыреті
9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
денсаулықты мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының
құзыреті
10-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара
іс-қимыл
3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау мен аккредиттеу
11-бап. Медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметті
лицензиялау
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу
4-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік тіркеу сәйкестікті растау және жарнама


13-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік тіркеу
объектілері
14-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және
тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу
15-бап. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу
16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау
17-бап. Денсаулық сақтау саласындағы жарнама
5-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
18-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен
қадағалау ұғымы және түрлері
19-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік
бақылау
20-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
21-бап. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау
6-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру
22-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылай қамтамасыз ету көздері
23-бап. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін
денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру нысандары
24-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы қаражаттарын пайдалану
7-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық және коммуникациялық технология
25-бап. Денсаулық сақтауды ақпараттандырудың объектілері мен
субъектілері
26-бап. Денсаулық сақтауды ақпараттандырудың негізгі принциптері
27-бап. Пациент туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету
48-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
28-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың
басымдықтары мен бағыттары
29-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың
экономикалық және құқықтық негіздері
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
2-бөлім. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру
30-бап. Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы
31-бап. Денсаулық сақтау субъектілері
32-бап. Медициналық көмекті ұйымдастыру
33-бап. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі
34-бап. Ақылы медициналық көмек алу негіздері мен тәртібі
3-бөлім. Медициналық және фармацевтикалық қызмет
9-тарау. Медициналық және фармацевтикалық қызметтің мазмұны мен түрлері
35-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметтің мазмұны
36-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметтің түрлері
10-тарау. Медициналық көмек
37-бап. Медициналық көмектің түрлері
38-бап. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
39-бап. Білікті медициналық көмек
40-бап. Мамандандырылған медициналық көмек


41-бап. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек
42-бап. Медициналық көмек көрсету нысандары
43-бап. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек
44-бап. Консультативтік-диагностикалық көмек
45-бап. Стационарлық көмек
46-бап. Стационарды алмастыратын көмек
47-бап. Жедел медициналық көмек
48-бап. Санитариялық авиация
49-бап. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту
50-бап. Паллиативтік көмек және мейірбикенің күтімі
51-бап. Дәстүрлі медицина; халық медицинасы (емшілік)
11-тарау. Медициналық қызметтің өзге де түрлері
52-бап. Зертханалық диагностика
53-бап. Патологоанатомиялық диагностика
54-бап. Қан қызметі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы, қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет,
денсаулық сақтау және медициналық сараптама саласындағы білім
беру және ғылыми қызмет
12-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама
55-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама
56-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама
57-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама
58-бап. Әскери-дәрігерлік сараптама
59-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық
сараптама
60-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама
61-бап. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техникаға сараптама
62-бап. Ғылыми-медициналық сараптама
4-бөлім. Азаматтардың денсаулығын сақтау
13-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер және олардың қамтамасыз 
етілуінің кепілдіктері
$ 1. Жеке және заңды тұлғалардың кепілдіктері, жалпы құқықтары мен міндеттері
63-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтардың қамтамасыз
етілуінің кепілдіктері
64-бап. Азаматтардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
құқықтары
65-бап. Балалардың Денсаулық сақтауға құқығы
66-бап. Жеке және заңды тұлғалардың міндеттері
$ 2. Пациенттердің құқықтары мен міндеттері
67-бап. Пациенттердің құқықтары
68-бап. Пациенттердің міндеттері
69-бап. Медициналық көмек алудан бас тарту құқығы
70-бап. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету
71-бап. Дәрігерлік құпия
14-тарау. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау
72-бап. Ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы азаматтардың
құқықтары мен міндеттері
73-бап. Әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі
кезеңінде денсаулығын сақтау
74-бап. Бедеуліктен емделу


75-бап. Жасанды инсеминация, жасанды ұрықтандыру және эмбрионды
имплантациялау
76-бап. Құрсақ ана (суррогат ана) болу
77-бап. Жыныстық клеткалар донорлығы
78-бап. Контрацепцияны пайдалану
79-бап. Хирургиялық стерилизациялау
80-бап. Жүктілікті жасанды түрде ұзу
15-тарау. Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
81-бап. Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек
көрсету
82-бап. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады дел
танудың тәртібі
83-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды
мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негізі мен тәртібі
84-бап. Мәжбүрлеп емделуде жүрген туберкулездің жұқпалы түрімен
ауыратын адамдардың құқықтары
85-бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда
туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарды емдеу және
ұстау
86-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарды
мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі медициналық бақылау және
емдеу
87-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға
әлеуметтік көмек
88-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтардың
емделуден бас тартқаны жене инфекция таратқаны үшін жауаптылығы
16-тарау. АҚТҚ инфекциясын жұқтырған адамдарға, ЖҚТБ науқастарына медициналық-әлеуметтік 
көмек көрсету
89-бап. АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу
мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері
90-бап. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған
адамдарды әлеуметтік қорғау
91-бап. АҚТҚ жұқтырған адамдар профилактикасы
92-бап. АҚТҚ-ға тексеру жүргізу
17-тарау. Психикалық науқастармен ауыратындарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
93-бап. Психиатриялық жәрдем алудың еріктілігі
94-бап. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін атқаруды шектеу
95-бап. Психиатриялық жәрдем көрсетілетін азаматтардың құқықтары
мен мүдделерін қорғау
96-бап. Психиканың бұзылуының диагностикасы және оны емдеу
97-бап. Психиканың бұзылуынан зардап шегетін адамдарға қатысты
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
98-бап. Мемлекет кепілдік беретін психиатриялық жәрдем және
әлеуметтік қорғау
99-бап. Психиатриялық куәландыру
100-бап. Психиканың бұзылуымен ауыратындарға динамикалық бақылау
101-бап. Психиатриялық стационарға орналастыру
102-бап. Заңды өкілдерінің өтініші немесе келісімі бойынша
психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмағандарды
және іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарды куәландыру
103-бап. Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде қауіпсіздікті


қамтамасыз ету шаралары
104-бап. Психиатриялық стационардан шығару
105-бап. Психоневрологиялық ұйымдарға адамдарды орналастырудың
негіздері мен тәртібі
18-тарау. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық ауруларына шалдыққан адамдарға 
медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
106-бап. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық ауруларына
шалдыққан адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
107-бап. Нашақорлықпен ауыратын және медициналық-әлеуметтік
оңалтуға мұқтаж адамдардың медициналық ұйымдарға өтініш жасауы
108-бап. Адамды алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне
шалдыққан деп тану тәртібі
109-бап. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне
шалдыққан адамдардың құқықтары
110-бап. Алкоголизмге, нашақорлық пен уыткұмарлық дертіне
шалдыққан адамдарды есепке алу және қолдап емдеу
19-тарау. Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық және медициналық-әлеуметтік 
көмек көрсету
111-бап. Әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер
органдарының, әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке
қарсы күрес қызметінің, қаржы полициясының қызметкерлеріне,
олардың отбасы мүшелері мен осы ведомстволардың зейнеткерлеріне
медициналық көмек көрсету
112-бап. Иондаушы сәуленің әсеріне ұшыраған азаматтарға
медициналық көмек көрсету
113-бап. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға медициналық көмек
көрсету
20-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы жекелеген қатынастарды реттеу
114-бап. Хирургиялық араласу, қан құю және диагностиканың
инвазиялық әдістерін қолдану тәртібі
115-бап. Биологиялық өлімді анықтау. Өмірге дем беріп тұрған
аппаратураны тоқтатудың жағдайлары
116-бап. Эвтаназия
117-бап. Анатомиялық сый
5-бөлім. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет, 
қоғамдық денсаулықты сақтау
21-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет және 
қоғамдық денсаулықты сақтау
118-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесі
119-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық нормалау
120-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
121-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг
122-бап. Жұқпалы, паразиттік аурулар таралуының және халықтың
улануының алдын алу
123-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитарлық қорғау
124-бап. Жұқпалы аурулар эпидемиясы пайда болу қаупі төнген
жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізудің
шарттары
125-бап. Жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен улану оқиғаларын
тіркеу және тексеру
126-бап. Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық


іс-шаралар
22-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтау
127-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері
128-бап. Салауатты өмір салтын насихаттау
129-бап. Медициналық қарау
130-бап. Профилактикалық егулерді жүргізу
131-бап. Жұқпалы емес аурулардың, оның ішінде кәсіби аурулардың
және травматизмнің профилактикасы
132-бап. Психикоактивті заттарға тәуелділіктің профилактикасы
133-бап. Темекі тартудың профилактикасы мен оны шегуді шектеу
134-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы
135-бап. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы
6-бөлім. Донорлық және транспланттау
23-тарау. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы
136-бап. Донорлық, қан мен оның компоненттерін және препараттарын
дайындау
137-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары және донорлық, қанды, оның
компоненттері мен препараттарын дайындау саласындағы қызметті
жүзеге асыратын ұйымдар
138-бап. Донорлық қанның, оның компоненттерінің қауіпсіздігі мен
сапасын қамтамасыз ету
139-бап. Донор, оның құқықтары мен міндеттері
140-бап. Донорды медициналық тексеру
141-бап. Донорға берілетін кепілдіктер
142-бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорлықты
дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттері
24-тарау. Органдар мен тіндерді транспланттау
143-бап. Органдар мен тіндерді транспланттау және оларды алу
шарттары
144-бап. Тіндерді және (немесе) органдарды (органдардың
бөліктерін) транспланттау тәртібі
145-бап. Донор мен реципиенттің құқықтары
25-тарау. Адамның тіндері мен органдарын, қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету
146-бап. Адамның тіндері мен органдарын әкелу, әкету үшін
негіздер
147-бап. Қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету үшін негіздер
148-бап. Адамның тіндері мен органдарын, қан мен оның
компоненттерін әкелу, әкету тәртібі
7-бөлім. Дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық 
техникамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
26-тарау. Дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық 
техникамен жұмыс істеу
149-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы әзірлеу
150-бап. Биологиялық белсенді заттарды клиникаға дейінгі
(клиникалық емес) зерттеулер
151-бап. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық
техниканы техникалық сынау
152-бап. Фармакологиялық және дәрілік заттардың, медициналық
мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың клиникалық
зерттеулері және (немесе) сынаулары


153-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
және медициналық техниканы өндіру
154-бап. Дәрілік заттарды дайындау
155-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы таңбалау
156-бап. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге
арналған дәрілік заттарды сатып алу
157-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы көтерме әрі бөлшек саудада сату
158-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы сақтау әрі тасымалдау
159-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы жою
160-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы әкелу тәртібі
161-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы әкету
27-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық 
техниканың қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
162-бап. Медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы
бұйымдарды монтаждау, жөндеу, оларға техникалық және
метрологиялық қызмет көрсету
163-бап. Қауіпсіздікті сыныптау әрі медициналық техниканы және
медициналық мақсаттағы бұйымдарды ықтимал қолдану қатерінің
дәрежесіне қарай қауіпсіздігін қайта сыныптау
164-бап. Дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен
және медициналық техникамен жұмыс істеуге тыйым салу немесе
тоқтата тұру
165-бап. Дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингі
166-бап. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және
медициналық техника туралы ақпарат
8-бөлім. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет
28-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі
167-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі
168-бап. Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандары
169-бап. Маман сертификатын қайтарып алу
170-бап. Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты
29-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет
171-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет субъектілері
172-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру
173-бап. Медициналық-биологиялық эксперименттер, клиникаға
дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізу,
диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа
әдістерін қолдану
174-бап. Этика мәселелері бойынша комиссиялар
9-бөлім. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі, оларды 
әлеуметтік қорғау
175-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары
мен міндеттері
176-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек
қатынастары


177-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ар-намыс
кодексі
10-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
178-бап. Денсаулық сақтау туралы заңнаманы бұзғаны үшін
жауаптылық
179-бап. Осы Кодекстің күшіне енуі
Осы Кодекс азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқығын іске асыру 
мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Осы Кодексте 
реттелетін қатынастардың қатысушылары жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ 
әкімшілік-аумақтық бірліктер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет