«Учаскенің ашылуы» бөлімі
Байқаушы комиссия төрағасының іс-қимылын қадағалауға тиіс, ол учаске ашылғанға дейін 30 минут бұрын сайлау жәшіктерін тексереді және бюллетеньдерді беруге жауапты комиссия мүшелерін айқындайды.
Байқаушы сайлау учаскесін ашқаннан кейін «Сайлау учаскесін ашу» сауалнамасын толтырады және үйлестірушіге жібереді.
«Учаскеде дауыс беруді ұйымдастыру» бөлімі
Бөлімде Байқаушы қадағалауы тиіс 7 негізгі аспект көрсетілген.
Бұл жағдайда есте сақтау керек:
Сайлау комиссиясының ТӨРАҒАСЫ мен ХАТШЫСЫНЫҢ бюллетеньдер беруге құқығы жоқ
САЙЛАУШЫ болу орнын ауыстырған кезде есептен шығару құжатын ұсынған кезде дауыс беруге құқылы
Өз бетінше дауыс беруге мүмкіндігі жоқ САЙЛАУШЫ өзіне сенім білдірген адамның көмегіне жүгінуге құқылы, бұған мыналар кірмейді
«Учаскеде дауыс беру барысы» бөлімі
Бөлімде бұзушылықтар анықталған жағдайда БАЙҚАУШЫНЫҢ іс-әрекеттері регламенттелген, сондай-ақ байқаушы тарапынан бұзушылықты Құжаттамалық тіркеу рәсімдері көрсетілген.
Ескерт.: Бұзушылықтарды Құжаттамалық тіркеу №4 – АКТ (мәлімдеме) нысаны бойынша жүргізіледі.
«Үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру» бөлімі
Бөлімде үй-жайдан тыс дауыс беруді ұйымдастырған жағдайда БАЙҚАУШЫНЫҢ іс-әрекеттері, сондай-ақ сайлау комиссиясы мүшелерінің іс-әрекеттері регламенттелген
Ескерт.: Үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру қорытындылары бойынша БАЙҚАУШЫ осы сауалнаманы толтырып, оны үйлестірушіге жіберуі тиіс.
Байқаушы көрсетілген талаптардың орындалуын қадағалауға тиіс. Бұзушылықтар анықталған жағдайда алдыңғы тарауда көрсетілген рәсім бойынша әрекет ету.
«Жәшіктерді ашу» бөлімі
Бөлімде жәшіктерді ашу рәсімдері сипатталады:
- пайдаланылмаған бюллетеньдерді өтеу тәртібі;
- урналарды ашу реттілігі (тасымалданатын урналарды ашу);
Достарыңызбен бөлісу: |