Жобаны қаржыландыруды «Микробизнес Қызылорда» өңірлік бағдарламасы есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.
Қаржыландыру көзі, мың теңге
|
Сомасы
|
Кезеңі
|
Үлесі
|
Несие қаражаты
|
8 000 000
|
2024ж
|
100%
|
Барлығы
|
8 000 000
|
|
100%
|
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- өңірде тауар айналымының ұлғаюына;
- көкөніс өсіретін жылыжай кешендерін дамытуға;
- перспективада нарықтың осы сегментінде импортты ығыстыруға;
- аудан нарығында көтерме және бөлшек сауда жасаушылар арасында мықты бәсекелестік орта құруға;
- жаңа жұмыс орындарын құруға
Кіріспе
Қазақстан жылыжайлар қауымдастығының деректері бойынша бүгінде елде 56 гектар ғана жабық топырақ алқабы бар, бұл көлемге өнеркәсіптік жылыжайлар кешені сияқты шағын жылыжайлар да кіреді. Салыстыру үшін, Польшада жылыжай шаруашылықтары алқабы 6 000 га астамды, Голландияда – 10 000, Түркияда – 41 000, ал Қытайда – шамамен 1,5 млн. га құрайды.
Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру және ауылшаруашылық дақылдарының әртүрлі түрлерін өсіру барынша пайдалы бизнес, сонымен қатар барлық тараптар үшін пайдалы болып табылады.
Сауда желілері де қоғамдық тамақтандыру орындары да жас және сапалы өнімдерді аса қажет етеді. Тұрақты жұмыс істейтін жылыжай шаруашылықтары жыл бойы жақсы табыс табуға мүмкіндік береді. Өнімділігі жоғары, өзін тез ақтайды, рентабельділігі жақсы, жылыжай шаруашылығының басымдығы осымен шектелмейді.
Негізінен, жылыжай бизнесі қазіргі уақытта елдің оңтүстік өңірлерінде дамуда. Өйткені нарыққа қатысушылар солтүстік аудандарда газ бен электр энергиясына шығынданғанша өсірілген тауарды оңтүстіктен солтүстікке тасыған пайдалы деп санайды.
Алайда тасудың ұзақтығы салдарынан тауар бұзылады, сондықтан қосымша шығыс туындайды, ол өнімнің өзіндік құнын ұлғайтады. Осыған байланысты Жосалы кентінде жақын жерде жылыжай кешенін ұйымдастырудың тиімділігіне талдау жасалды, онда көкөністі тұтыну көлемі халық санының өсуіне қарай үздіксіз өсіп отыратын болады
Достарыңызбен бөлісу: |