КӨКӨНІСТЕРДІ ТУРАУ,
КЕСУ ТӘСІЛДЕРІ
Көкөністерді жай және күрделі формада турайды. Көкөністерді жай және күрделі формада турайды. Жай формаларға: сабанша, томарша, дөңгелекше, тілімшелер, бөлікшелер жатады. Қолмен турау – көп еңбекті қажет етеді сондықтан оны жеңілдету үшін кең көлемде арнайы құралдар және турағыш машиналар қолданады. Күрделі формаларға: кеспекшелер, алмұртша, сарымсақша, шар тәрізділер, ширатпа, жаңқашалар жатады. Күрделі формаларды алу үшін арнайы құралдар қолдануға болады.
р/с
|
Турау түрлері
|
Өлшемдері (см)
|
Қолданылуы
|
1.
|
Сабанша (соломка)
|
Шикі картопты жұқалап, жалпақтап кесіп, бірінің үстіне бірін қойып ұзындығы 4-5см , қиындысы 0,2-0,2 см етіп, көлденең ұсақтап турайды.
|
Көп мөлшерлі майда қуыруға
|
2.
|
Томарша (брусочки)
|
Картопты ұзындығы 3,5-4 см, қалындығы 0,7-0,7см турайды.
|
Қуыруға, борщ (флоттық, сібірліктен басқа)
|
3.
|
Текшеше (кубики)
Ірі
Орташа
Ұсақ
|
Картопты алдымен жалпақтап кеседі, содан соң томаршаға турап, текшелерге бөледі.
2-2,5см
1-1,5см
0,3-0,5см
|
Жарма қосылған көжеге, сібірлік, флоттық борщ
Сүттегі картоп, бұқтыру үшін.
Салаттар мен салқын тағамдарға гарнир үшін
|
4.
|
Бөлікше (дольки)
|
Ірі емес картопты екіге бөліп,радиусы бойынша бөлікшелерге кеседі. ұзындығы 5см
|
Қышқыл сорпаға, турам етке, қақталған сиыр етіне, көп мөлшерлі майда қуыруға
|
5.
|
Тілімше (ломтики)
|
Қалындығы 0,1-0,2 жалпақтығы 1-1,5
|
Салаттар, винегретке, қуыруға
|
6.
|
Дөңгелекше (кружочки)
Шикі
Пісірілген
|
Диаметрі 2-3, қалындығы 1,5-2мм
Диаметрі 2-3, қалындығы 1,5-2мм
|
Негізгі әдіспен көп мөлшерлі майда қуыруға
Балық және ет тағамдарын қақтау үшін
|
Достарыңызбен бөлісу: |