Көксу ауданының әкімідігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды



Дата16.06.2016
өлшемі71.47 Kb.
#138373
Көксу ауданының әкімідігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды
Көксу ауданының әкімі, Алматы облысы Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 40, анықтама телефондары: ( 8-728-38) 2-02-56, 2-02-52; электрондық адресі: Koksu.zhetisu.gov.kz, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Құзыреттілігі: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау. Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Заңнамасын; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», Заңдарын білуі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

     Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

      Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

     Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


1. «Көксу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін, Е-R-4 санаты / №81-11-4/, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, білім, гуманитарлық ғылымдар, әскери іс және қауіпсіздік, қызмет көрсету, техникалық ғылымдар және технологиялар, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина).

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Атқаратын міндеттері: Қазақстан Республикасы заңдарын, халыты әлеуметтік қорғау қызметіндегі құқытық нормативтік актілерін басшылыққа ала отырып халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік стратегиясын іске асыру, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, халықтың өмір сүру деңгейін және әлеуметтік қорғаулың тиімділігін арттыру, кедейшілік және жұмыссыздықты азайту. Жұмыспен қамту және кенттік округтерге әдістемелік және іс- тәжірбелік көмек көрсету. Әлсіз топтағы азаматтарды әлеуметтік қорғау, мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғыз басты қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсету. Барлық әлеуметтік төлемдердің заңдылығын бақылау.

Осы қойылатын қызметті орындау үшін арнаулы талаптар – мемлекеттік тілді, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.



2. Көксу ауданының Айнабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін, Е-G-3 санаты / №81-32-4/, 1 бірлік.
3. Көксу ауданының Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін, Е-G-3 санаты / №81-33-4/, 1 бірлік.
4. Қабылиса ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін, Е-G-3 санаты / №81-37-4/, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, ветеринария, қызмет көрсету, әскери іс және қауіпсіздік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Атқаратын міндеттері: Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және басқа да бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету. Азаматтық хал актілерін жазуды жүргізу, төлқұжат және көші-қон бөлімі жұмысын жүргізу, оралмандермен жұмыс. Округтегі ақсақалдар алқасының және әжелер кеңесінің, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына ат салысу. іске асырылуын қамтамасыз ету. Округ аумағындағы мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста жұмыс істеу, сайлаушылардың тізімін анықтау. Округ әкімінің қатысуымен жүргізетін шараларды дайындайды, тапсырмаға қарай қоғамдық-саяси шараларды ұйымдастырып өткізеді. Азаматтардың өтініштерін қабылдайды, «1-ОЛ» есеп нысанымен жұмыс жүргізеді, округ әкімі аппаратының жұмысының әдісі мен нысанын зерделеп, жұмыс әдісінің тиімді жақтарын ұйымдастырады, орындаушылық тәртіптің жағдайын саралайды.

Осы қойылатын қызметті орындау үшін арнаулы талаптар – мемлекеттік тілді, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.



Құжаттарды қабылдау мерзімі: Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

     Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

      Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

     Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 40.

Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылардың қатысуына қатысты ақпарат:

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде Көксу ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылар ретінде Көксу аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Нұрлы Көксу» аудандық газетінің бас редакторы қатысады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет