14. Көл арнасы мен жағалау сызығының элементтері
Су қоймаларын салудың барысында халық шаруашылық объектілерінің (ауыл шаруашылық елді мекендер, жолдар т. б.) су астында қалу қаупі айтарлыктай. Ең жоғары деңгейге дейін суға толған көл қазаншұңқырының бір бөлігін көлдің табаны немесе көл табақшасы деп атайды. Көл табанымда жағалау және тереңдік бөліктері ерекшеленеді.
Жағалау аймағында негізінен су толқындарының әсерінсп тау жыныстарының бұзылу процесі жү.рсе, ал терең аймақта бұзылу шикізатының шөгу процесі жүреді.
Жағалау аймағы үш зонадан тұрады: жаға, жағалау және жағалық қайраң. Жаға — көлді қоршай орналасқан, әр түрлі құламалығымен сипатталатыи беткей түріндегі құрлықтың бір бөлігі. Жағаның етегі толқын әрекетінің жоғары шекарасында орналасқан; біртіндеп бұзылуының арқасында жаға құрлыққа қарай шегінуге мәжбүр болады. Жаға жарқабақпен бітеді, яғни беткейлердің қоршаған ортамен бөліп тұратын сызықпен аяқталады.
Жағалау — толқындар әрекетінің зонасы. Бұл зонаның тек күшті толқын кезінде ғана жағаға жететін бөлігін құрғақ жағалау дейміз. Су деңгейінің көтерілуіне сәйкес әлсін-әлсін су астында қалып отыратын бөлігін су басатын, ал тұрақты су астында болатын белігін су асты жағалауы деп атайды.
Жағалық қайран — су асты террассасы түрінде болады. Ол көлге қарай құлама беткей болып келеді. Қайран түпкілікті тау жыныстарын жуып-шаю (абразия) нәтижесінде де, немесе толқындар әкелген бос, борпылдақ тау жыныстарының шөгуі нәтижесінде (жинақталу) пайда болады. Жағалау мен жағалық қайраңды қосып жағаға жақын белдем немесе литораль деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |