Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін


№ 244-III ҚР Заңымен 8-2-баппен толықтырылды 8-2-бап



бет2/4
Дата12.06.2016
өлшемі424.5 Kb.
#130912
1   2   3   4
№ 244-III ҚР Заңымен 8-2-баппен толықтырылды

8-2-бап. Деректер базасын қалыптастыру үшін ұсынылатын ақпарат

1. Осы Заңның 8-1-бабының 5-тармағында көрсетілген ақпаратты жеткізушілер және осы Заңның 8-1-бабының 8-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар ақпаратты беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау және сақтандыру есептерін алу мақсатында деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға міндетті.



2. Сақтандырушылар ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша, сақтандыру сыйлықақыларының көлемі, сақтандыру жағдайлары туралы, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары (мүлік пен денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) туралы ақпарат береді.

3. Осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген ақпарат тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету біріктірген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық түрде беріледі.

4. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандырушыларға деректер базасының ақпараттық ресурстарын құруда және оған қол жеткізуде тең жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.

 

9-бап. Ақпараттық өзара iс-қимыл

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Iшкi iстер органдары көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкілдерiне, сондай-ақ сұратуы бойынша сақтандыру ұйымдарына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлік оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген жағдайдың басталу фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын, оның iшiнде жол оқиғасының схемасымен қоса Жол жүрiсi ережелерiнiң бұзылуы туралы хаттаманың көшiрмесiн тегiн бередi.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Көлiк оқиғасы және оның салдары туралы ақпараты бар Iшкi iстер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар сақтандырушы және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өтініш жасаған кезде бұл ақпаратты жазбаша нысанда, мөрмен куәландырып тегін беруге міндетті.

3. Сақтанушының (сақтандырылушының), жәбiрленушiнің немесе олардың мұрагерлерiнiң сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға мүмкiндiгi болмаған кезде ішкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерi тиiстi сақтандырушыны осы көлiк оқиғасы туралы хабардар етудi жүзеге асырады.

Сақтандырушыға көлiк оқиғасы туралы кез келген басқа тұлғаның хабарлауға құқығы бар.

 

3-тарау. Көлік құралдары иелерінің



жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты

 

10-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбі

1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында мүлiктің тауарлық құнының жоғалтылуын, сондай-ақ жәбiрленушiнің тауарларды жеткiзудiң немесе жұмыстарды жүргiзудiң (қызметтер көрсетудiң) мерзiмдерiн, оның келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша өзге де мiндеттемелердi бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеудi қоса алғанда, жәбiрленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеудi есептемегенде, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.

3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.

Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi.

Сақтандырушының сақтанушыға көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқығы жоқ.

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға міндеттенедi.

4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттары мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) стандартты;

2) кешендi.

 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред . қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 5-тармақ  өзгертілді  

5. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады.

Сақтанушының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін өтiнiшi көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.

6. Сақтандыру полисiнде, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 826-бабында тiзiп көрсетiлген талаптардан басқа, сақтандырушының бiр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерi және шарттың түрi көрсетiлуге тиiс.

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисiн ресiмдеу жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленедi.

7. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң дубликатын беруге мiндеттi.

Сақтандыру полисi бланкiсiн жасауға және оның дубликатын ресiмдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы (сақтандырылушы) өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өтiнiш берiлген күнге белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиiс.

8. Егер сақтандырушы көлiк құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбiрленушiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасасса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбiрленушiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттемелер атқарады.

11-бап. Стандартты шарт

1. Стандартты шарт бойынша бiр немесе бiрнеше көлiк иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгi сақтандырылуы мүмкiн.

2. Стандартты шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) пайдаланылатын көлiк құралының әр бiрлiгiне жеке сақтандыру полисiн беру жолымен жасалады.

3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы, сақтандырылушылар) және пайдаланылатын көлiк құралы туралы мәлiметтер болуға тиiс.

4. Сақтанушы (сақтандырылушы) стандартты шартты жасасқан кезде, сондай-ақ оның қолданылу мерзiмi iшiнде көлiк құралдары иелерiнiң бәрiн сақтандырылушылар ретiнде сақтандыру полисiне енгiзудi талап етуге құқылы.

Сақтандырушы сақтандыру полисiне өзгерiстердi сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде енгiзедi.

5. Стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:

1) көлiк құралын оны жүргiзуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;

2) адам көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырушымен) жазбаша нысанда ресiмделген еңбек шарты немесе өзге де шарт негiзiнде жүргiзген;

3) көлiк құралын заңсыз иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершілік сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.

6. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген өзгерiстердi енгiзу сақтандыру сыйлықақысы мөлшерiнiң көбеюiне немесе азаюына әкеп соқса, сақтандырушы осы Заңға сәйкес сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн қайта есептеуге және сақтанушыдан қосымша төлемдi не сақтандырушының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстарын жабуды ескере отырып сақтанушының артық төлеген сомасын қайтаруды талап етуге мiндеттi.

12-бап. Кешендi шарт

1. Кешендi шарт бойынша екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылуы мүмкiн.

2. Кешендi шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) пайдаланылатын барлық көлiк құралдарына сақтандыру полисiн беру жолымен жасалады.

3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы) - жеке тұлға және ол пайдаланатын көлiк құралдары туралы мәлiметтер болуға тиiс.

4. Сақтанушы (сақтандырылушы) кешендi шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға мiндеттi көлiк құралдары санының көбеюi немесе азаюы жағдайында оларға қатысты сақтандыру полисiне өзгерiстер енгiзудi талап етуге құқылы.

Сақтандырушы сақтандыру полисiне өзгерiстердi сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде енгiзедi.

5. Кешендi шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:

1) көлiк құралын оны жүргізуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;

2) көлiк құралын заңға қайшы иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.

6. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген өзгерiстердi енгiзу сақтандыру сыйлықақысы мөлшерiнiң көбеюiне немесе азаюына әкеп соқса, Сақтандырушы осы Заңға сәйкес сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн қайта есептеуге және сақтанушыдан қосымша төлем жасауды талап етуге не сақтандырушының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстарын жабуды ескере отырып, сақтанушының артық төлеген сомасын қайтаруға мiндеттi.

 

13-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлігiн мiндетті сақтандыру шартының қолданылуы



1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбiрленушi деп танылған, оның iшiнде зиян келтiруге кiнәлi болып табылған сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралында болған барлық адамдарға қатысты қолданылады, оған мыналар:

1) осы көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырылушымен) қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруға орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт негiзiнде не сақтанушының (сақтандырылушының) ерiк бiлдiруi негiзiнде, мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, оның қатысуымен жүргiзген адам;

2) егер сақтанушы (сақтандырылушы) тасымалдаушы болып табылса, оған Қазақстан Республикасы заң актісінің тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыруды регламенттейтiн талабы қолданылса, жолаушылар;

3) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен сақтанушыға (сақтандырылушыға) жұмыс берушi ретiнде қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауы кезiнде денсаулығына және өмiріне зиян келтiргенi үшiн өз жауапкершiлiгiн сақтандыру міндетi жүктелсе, сақтанушының (сақтандырылушының) қызметкерлерi кiрмейдi.

2. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.

3. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты күшіне енгiзілген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты жеке немесе заңды тұлғада көлiк құралын иелену құқығының пайда болған кезiнен бастап, бiрақ осы көлiк құралының iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткен кезiнен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалуға тиiс.

 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  4 тармақ  жаңа редакцияда  ( бұр. ред . қара) 



4. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын осы баптың 3-тармағында көзделгеннен өзгеше мерзімге:

1) көлік құралын маусымдық, бірақ кемінде алты ай пайдаланған кезде;

2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтандырушыларымен) жасасуға жол беріледі.

5. Көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген жағдайда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты уақытша енген бүкiл кезеңге, бiрақ кемінде күнтiзбелiк бес күнге жасалады.

6. Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.

 

14-бап. Көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату



1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндетті сақтандыру шарты:

1) шарттың қолданылу мерзiмi бiткен;

2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  3) тармақша  жаңа редакцияда  ( бұр. ред . қара) 



3) сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттейтін алғашқы сақтандыру жағдайы басталған жағдайларда тоқтатылған деп есептелінеді.

2. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезде сақтандырушы сақтандыру полисiн алып қоюға тиiс. Бұл ретте көлiк құралының (егер ол жойылмаса) иесi өзiнiң таңдауы бойынша мiндеттi сақтандырудың осы түрiн (сыныбын) жүзеге асыруға құқығы бар кез келген сақтандырушымен жаңа кезеңге көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi.

 

15-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату



1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.

2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндетті сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерi (мұрагерлерi) сақтандырушыға жазбаша өтiнiш бередi.

3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгiн мынадай мөлшерлерде қайтарып алуға құқығы бар:

  1

              2             

              3                  

  1

15 күнге дейiн, қоса алғанда

              15                 

  2

    


16 күннен 1 айға дейiн,     

қоса алғанда                



                                 

              20                 



  3

    


1 айдан 2 айға дейiн, қоса  

алғанда                     



                                 

              30                 



  4

    


2 айдан 3 айға дейiн, қоса  

алғанда                     



                                 

              40                 



  5

    


3 айдан 4 айға дейiн, қоса  

алғанда                     



                                 

              50                 



  6

    


4 айдан 5 айға дейiн, қоса  

алғанда                     



                                 

              60                 



  7

    


5 айдан 6 айға дейiн, қоса  

алғанда                     



                                  

              70                 



  8

    


6 айдан 7 айға дейiн, қоса  

алғанда                     



                                 

              75                 



  9

    


7 айдан 8 айға дейiн, қоса  

алғанда                     



                                 

              80                 



 10

    


8 айдан 9 айға дейiн, қоса  

алғанда                     



                                 

              85                 



 11

    


9 айдан 10 айға дейiн, қоса 

алғанда                     



                                 

              90                 



 12

    


10 айдан 11 айға дейiн, қоса

алғанда                     



                                 

              95                 



 13

11 айдан жоғары             

             100                 

 

 

16-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сақтанушы:

1) сақтандырушыдан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;

2) сақтандыру полисiн жоғалтып алған жағдайда оның дубликатын алуға;

3) жәбiрленушiнің денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;

4) келтiрiлген зиянның мөлшерiне тәуелсiз сарапшы жүргiзген бағалаудың нәтижелерiмен және сақтандырушы жүзеге асырған сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;

5) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға;

6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дауласуға;

7) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген жағдайларда алуға құқылы.

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сақтанушы:

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен  1) тармақша  өзгертілді  ( бұр. ред . қара) 

1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде осы Заңға сәйкес көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн міндеттi сақтандыру шартына енгiзу үшiн қажеттi  , соның ішінде қосарланған сақтандыру, көлік құралдарын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру және осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқық туралы мәлiметтердi сақтандырушыға ұсынуға;

2) сақтандыру сыйлықақыларын көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;

3) көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы caқтандырушыға хабарлауға мiндеттi. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен (жетпiс екi сағат iшiнде) жазбаша түрде расталуға тиiс. Сақтанушы мен сақтандырылушы бiр тұлға болып табылмайтын жағдайларда, сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлау жөнiндегi мiндет сақтандырылушыға жүктеледi. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелдi себептермен аталған iс-әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиiс;

4) көлiк оқиғасы болған кезде жәбiрленушілерге және жол полициясы қызметкерлерiне олардың талабы бойынша көлiк құралдары иелерi жауапкершілігiнiң мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын және орналасқан жерiн хабарлауға;

5) көлiк оқиғасы болған кезде ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшiн қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолдан келетiн шараларды, оның iшiнде зардап шеккен адамдардың мүлкiн құтқару және оларға көмек көрсету шараларын қолдануға;

6) көлiк оқиғасы және зардап шеккен адамдар туралы тиiстi органдарға және ұйымдарға олардың құзыретiне орай (iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiне, өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметiне, авариямен күрес қызметiне) хабарлауға;

2007.07.05.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет