Мүлiктi жеке меншiктен мемлекеттiк меншiкке ерiктi және өтеусiз беру ережесiн бекiту туралы



жүктеу 49.95 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі49.95 Kb.
Мүлiктi жеке меншiктен мемлекеттiк меншiкке ерiктi және өтеусiз беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1371 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 632-құжат


      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Мүлiктi жеке меншiктен мемлекеттiк меншiкке ерiктi және өтеусiз беру ережесi бекiтiлсiн.
      2. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi N 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесiнде:
      2-тармақтың 5) тармақшасындағы "белгiленген тәртiппен республика меншiгiне өтеусiз өткен" деген сөздер "заңнамада көзделген өзге жағдайларда республикалық меншiкке өткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1371 қаулысымен   
бекiтiлген      

Мүлiктi жеке меншiктен мемлекеттiк меншiкке ерiктi
және өтеусiз беру ережесi

      Ескерту. 3 және 7-тармақтарды қоспағанда, барлық мәтiн бойынша, «Уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi органға», «уәкiлеттi органның», «уәкiлеттi орган» деген сөздерден кейiн «немесе әкiмдiк», «немесе әкiмдiкке», «немесе әкiмдiктiң», «немесе әкiмдiк» деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.02.25 № 124 Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже ерiктi және өтеусiз негiзде жүзеге асырылатын мүлiктi жеке меншiктен мемлекеттiк меншiкке берудi ретке келтiру мақсатында әзiрлендi және тиiстi тәртiптi айқындайды.


      2. Мүлiктi жеке меншiктен мемлекеттiк меншiкке беру туралы шешiмдi мүлiктiң меншiк иесi қабылдайды және заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделуi тиiс.

2. Мүлiктi мемлекеттiк меншiкке беру мен қабылдау тәртiбi

      3. Мемлекеттiк меншiкке берiлетiн мүлiктiң меншiк иесi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке ерiктi және өтеусiз беру туралы ұсыныспен республикалық меншiк объектiлерiн басқару саласындағы мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) не оның аумақтық органына не облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгiне (бұдан әрi - әкiмдiк) өтiнiш жасайды. Аумақтық орган мүлiктiң меншiк иесiнiң өтiнiшiн үш күн мерзiмде уәкiлеттi органға жiбередi.


      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.02.25 № 124 Қаулысымен.
      4. Уәкiлеттi орган немесе әкiмдiк мүлiктiң меншiк иесiнiң өтiнiшiн алған күннен бастап 7 күнтiзбелiк күннiң iшiнде мүлiктi мемлекеттiк меншiкке қабылдаудың қажеттiгi туралы қорытындыны ұсыну үшiн орталық атқарушы органдарды немесе жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк уәкiлеттiк берген жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) мүлiктi мемлекеттiк меншiкке беру жөнiндегi ұсыныс бар екендiгi туралы хабардар етедi.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.02.25 № 124 Қаулысымен.
      5. Мемлекеттiк органдар тиiстi ұсынысты алған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде мүлiктi мемлекеттiк меншiкке қабылдау қажеттiгi (қажет еместiгi) туралы қорытындыны дайындайды және уәкiлеттi органға немесе әкiмдiкке жiбередi.
      Мүлiктi мемлекеттiк меншiкке қабылдау қажеттiгi туралы қорытындыны дайындау кезiнде мемлекеттiк органдар мүлiктi тексеру үшiн тиiстi мемлекеттiк орган қызметкерлерiнен тұратын комиссия құруы мүмкiн.
      6. Мүлiктi мемлекеттiк меншiкке қабылдау қажеттiгi мәселесiн қарау кезiнде негiзгi өлшемдер мыналар болып табылады:
      1) мүлiктi мемлекеттiк меншiкке қабылдаудың экономикалық орындылығы;
      2) мүлiктiң мемлекеттiк меншiкке қабылдағаннан кейiнгi мақсаты мен пайдаланылуы.
      Мемлекеттiк органның қорытындысында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүлiк тиiстiлiгiнiң белгiленген нормативтерi мен лимиттерiн ескере отырып, көрсетiлген мүлiктi бекiтiп беру болжанатын мемлекеттiк мекеме немесе мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан әрi - мемлекеттiк заңды тұлға), сондай-ақ қабылданатын мүлiктi ұстау және пайдалану бойынша қаржы шығындары көрсетiлуi тиiс.
      Мемлекеттiк меншiкке берiлетiн мүлiктiң меншiк иесiнiң аталған мүлiктi беру үшiн нақты мемлекеттiк заңды тұлғаны айқындауы Уәкiлеттi органның немесе әкiмдiктiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылмайды.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.02.25 № 124 Қаулысымен.
      7. Орынды болған жағдайда республикалық меншiкке мүлiктi қабылдау туралы шешiмдi:
      1) заңды және жеке тұлғалар мүлкiнiң құны айлық есептiк көрсеткiштiң 30000 еселенген мөлшерiнен астам болған кезде - уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      2) заңды және жеке тұлғалар мүлкiнiң құны айлық есептiк көрсеткiштiң 30000 еселенген мөлшерiнен кем болған кезде - уәкiлеттi орган қабылдайды;
      Коммуналдық меншiкке мүлiктi қабылдау туралы шешiмдi әкiмдiк қабылдайды.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.02.25 № 124 Қаулысымен.
      8. Бағалау қызметi туралы заңнамаға сәйкес жеке тұлғалардың мүлкiн бағалау жүзеге асырылады. Ақша мен бағалы қағаздар бағалаушыны тартпастан номинал бойынша бағаланады.
      9. Заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер мүлкiнiң құны теңгерiмнен үзiндi көшiрмемен және басқа да құжаттармен расталады.
      10. Осы Ереженiң 7-тармағында көзделген шешiм қабылданғаннан кейiн мүлiктiң меншiк иесi мен қабылданатын мүлiк бекiтiлiп берiлетiн мемлекеттiк заңды тұлға, сондай-ақ уәкiлеттi орган немесе әкiмдiк 20 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде мүлiктi қабылдап алу-беру актiсiн (табыстау актiсiн) ресiмдейдi.
      11. Қабылдап алу-беру актiсi (табыстау актiсi) қабылдап алу-беру актiсiн (беру актiсiн) ресiмдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшiн бiр-бiр данадан мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде үш данада жасалады.
      12. Жылжымайтын мүлiктi тiркеу жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Уәкiлеттi орган немесе әкiмдiк жеке меншiктен мемлекеттiк меншiкке ерiктi және өтеусiз берiлген мүлiктi есепке алуды жүргiзедi.
      14. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.02.25 № 124 Қаулысымен.
      15. Бағалы қағаздар нарығының объектiлерiн беру мен тiркеу осы Ереженiң 7-тармағында көзделген шешiм қабылданғаннан кейiн бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi.
      16. Ақша түрiндегi мүлiк республикалық бюджеттiң кiрiсiне есепке алынады. Шетел валютасы осы Ереженiң 7-тармағында көзделген шешiм қабылданған күнi белгiленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiне есепке алынады.
      Меншiк иесi республикалық бюджетке түсетiн салықтық емес түсiмдер болып табылатын көрсетiлген ақшалай қаражатты осы Ереженiң 7-тармағында көзделген шешiм қабылданғаннан кейiн 20 күнтiзбелiк күннiң iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен бекiтiлетiн Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың тиiстi кодтарына мемлекеттiк бюджетке аударады.
      17. Жер учаскелерiн жеке меншiктен мемлекеттiк меншiкке беру Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 82-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      18. Мүлiктi жеке меншiктен мемлекеттiк меншiкке қайырмалдықтар түрiнде, сондай-ақ мұраға қалдыру тәртiбiмен беру азаматтық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      19. Мемлекеттiк органдар мүлiктi мемлекеттiк меншiкке қабылдаудың қажет еместiгi туралы қорытындыларды ұсынған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе әкiмдiк осы Ережеде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi N 833 қаулысымен бекiтiлген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесiне сәйкес одан әрi iске асыру үшiн мүлiктi мемлекеттiк меншiкке қабылдай алады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет