Көлік саласының құрылымдарында мемлекеттік реттеу тетіктерін енгізу



бет3/5
Дата12.06.2016
өлшемі486 Kb.
#129854
1   2   3   4   5

Мысалға, Қазақстан Республикасының автокөлік саласында рұқсат қағазын беруге қызметтің келесі түрлері жатады:

1) қауіпті жүктерді тасымалдау;

2) жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау.

Көлік қызметтерінің нарығын реттеу барысында рұқсат қағазын берудің маңызы ерекше. Ол екі функцияны орындайды.

1. Реттеуші

2. Көлік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Пайдаланушы ұйымдар мен тұлғаларға рұқсат қағазын беру жүк тасымалдау құралдарының коммерциялық пайдалануын реттеу құралы болып табылады. Ол келесі кепілдіктерді қамтамасыз ететін сапаны бақылау жүйесін алға тартады: көлік құралдары заң негізінде пайдаланылады, олар жарамды күйде күтіп ұсталынады, қолданылатын көлік қоршаған аймақ үшін қолайсыз және тынымсыз болуы барынша төмендетілген бекеттерге жинақталады.

Рұқсат қағазын беру міндетінің екі жақтылығы және олардың сипаты рұқсат қағазын беру объектілері (субъектілері) бірыңғай сипатта емес екенін айқындайды. Қызметтің белгіленген түрі рұқсат қағазын беруге жатады. Автокөлік қызметінің жоспары көлемді. Оның құрамына автокөлік тасымалдаулары, автокөліктерге техникалық күтім жасау және оларды жөндеу (автокөліктерді отынмен, жанармай материалдарымен және т.б. жабдықтауды және сақтауды қамтамасыз ету) кіреді. Автокөлік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету осындай қызметпен шүғылданатын тұлғаларға, сондай-ақ қолданылатын техникалық құралдарға белгіленген талаптар қояды. Осылайша, рұқсат қағазы берілуі тиіс объектілерде бірнеше түрлі идеяларды дәйексіз пайдалану сипаты орын алған[61].

Қазіргі таңда әр түрлі елдерде тасымалдауға қатысты фактор бойынша рұқсат қағазын беру объектісін анықтауда бірыңғай тәсіл жоқ. Бірқатар елдерде (Бельгия, АҚШ және т.б.) рұқсат қағазын беруге тек «үшінші» жаққа арналған тасымалдау ғана жатады, тасымалдау барысында жекеменшік қажеттілік үшін рұқсат қағазы талап етілмейді. Тап осы жағдай Германияға да қатысы бар. Алайда, онда 75 км жоғары қашықтыққа тасымалдауға рұқсат қағазы берілуі тиіс. Басқа елдерде (мысалы, Ұлыбританияда) мұндай шектеулер жоқ. Ұлыбританияда кез келген жүкті тасымалдау үшін кәсіби немесе коммерциялық қызметпен байланысы бар, көлік құралдарын қолданушы тұлғаның немесе ұйымның рұқсат қағазы болуы тиіс. Жеке қажеттілік үшін қолданылатын көлік құралдары мұның құрамына кірмейді, бірақ «кәсіби немесе коммерциялық қызмет» ұғымы коммерциялық қызметтің барлық түрін, мамандықтарды, ассоциациялардың, жергілікті билік органдарының, заң жүзінде орын алған кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің, фермерлердің қызметін және кіріс алуға бағытталған қызметтің жалпы барлық түрлерін қамтиды.

Көлікке қатысты рұқсат қағаз, әдетте әрбір көлік құралына беріледі. Бірақ белгіленген шектеулер бар. Мысалы, Бельгияда жекеменшік қажеттіліктер үшін тасымалдауда; қоғамдық автомагистральдерден тыс тасымалдауда; бұзылған немесе жөнделуі тиіс және т.б. көлік құралдарын тасымалдауда рұқсат қағазы талап етілмейді. Ұлыбританияда шағын жүк тасымалдаудың, полицияның және т.б. көлік құралдары рұқсат қағазы берілуі тиіс көлік құралдарының қатарына жатпайды. Қазіргі таңда айтарлықтай барлық елдерде әртүрлі белгілеріне сәйкес рұқсат қағаздарды күрделі жіктелуден өткізу орын алған. Бенилюкс елдерінде рұқсат қағазының келесідей түрлері бар[62]:

«Р» - шектелген тасымалдаулар (75 км радиусындағы тасымалдаулар);

«V» - ел ішінде тасымалдауға берілген жалпы рұқсат қағаз;

«LТВ» - Бенилюкс елдерінде тасымалдауға берілген рұқсат қағаз;

«LТS» - ЕО елдерінде тасымалдауға берілген рұқсат қағаз.

ЕО елдерінен тыс тасымалдауға берілген «LТС» рұқсат қағазына екі жақты рұқсат берілген. Ұлыбританияда рұқсат қағазының келесі түрлері беріледі: - шектеулі рұқсат қағазы. Бұл Патшалық Құрамнан тыс немесе шекарадан тыс болса да, жүктерді тек өзінің қажеттілігі бойынша (өз есебінен) ғана тасымалдауға мүмкіндік береді; - стандарттық халықаралық рұқсат қағаз. Бұл өз есебінен жалға алу бойынша немесе Патшалық Құрамда сыйақы алу үшін, сондай-ақ шекараның екі жағы бойынша «өз есебінен» бағыттарға жүктерді тасымалдауға құқық береді. Кейбір жеке, өзіндік сипаты бар тасымалдаулардың түрлерін реттеу мақсатында кей кездері арнайы рұқсат қағазы талап етіледі.

Қазақстанның көлік және коммуникация Министрлігінде 2010 жылдың басынан бастап жолаушыларды тасымалдауға рұқсат қағазын беруге және тоқтатуға мүмкіндік беретін көлік заңнамасы түзетулермен толықтырылып, қолданысқа енгізілу жоспарлануда. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзған жүргізушілерге тек әкімшілік, яғни айыппұл салу шаралары ғана қолданылады. Сонымен бірге 2009ж. қыркүйектің 9-ы мен 29-ы аралығында жүргізілген бақылаудың мәліметтері бойынша жолаушыларды тұрақсыз тасымалдайтын 1958 автобус тексеріліп, көлік заңнамасын бұзған 467 жөнсіздік анықталды. Анықталған жөнсіздіктердің елеулі үлесі – бұл жүргізушілердің еңбек және демалыс тәртібін сақтамау, орташа қызмет ету мерзімі 15 жыл және одан жоғары ескірген автобустар, бағытқа шығар алдындағы техникалық қараудың тапшылығы, сондай-ақ 150 км/сағ дейін жылдамдықты арттыру. Осы мәліметтер жолаушыларды тасымалдауды реттеу және ұйымдастыру жүйесінің нақты тәртіпке келтірілуін, автобус жүргізушілерінің тиісті біліктілігінің жоқ екенін растайды. Бұл түйінді мәселені шешу үшін қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда, жолаушыларды тасымалдауға рұқсат қағазын беру және көлікті бақылау комитетіне (КБК) оны тоқтату құқын ұсыну бөлігіне өзгерістер енгізу қажет. Рұқсат қағазын беру тасымалдаушының өзіне, сондай-ақ көлік пен көлік құралына белгіленген біліктілік талаптарын қояды. Тасымалдаушының өндірістік қоры болуы, автобустар Қазақстанда бекітіліп, белгіленген құрылыстарға және стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Рұқсат қағаздарды тапсырыс берілген тасымалдаулармен шұғылданатын заңды және жеке тұлғаларға беру болжануда. Тасымалдауға берілген рұқсаттың өзі рұқсат қағазының әрекет ету мерзімдері және субъектілері бойынша бөлінеді. Қазіргі таңда түзетулер парламентте қаралу үстінде. Көлік және коммуникация Министрлігі жылдың соңына дейін парламент заң жобасын қабылдап, келесі жылдың басында заң жобасы президентке қол қою үшін ұсынылады деген сенім артуда. А.Барменқұлов жолаушыларды тасымалдау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдерімен бірлесіп, бірқатар іс-шаралар жүргізілетіндігін атап өтті. «Тасымалдауларды ұйымдастыру, атап айтқанда, тұрақсыз тасымалдауларды жүзеге асыру үшін арнайы жайларды жасау, автобустардың жинақталған орындарын жою, автобустар үшін айыппұл тұрақтарының құрылысын салу үшін тиісті қолайлы жағдайлар жасау»[63].

Көлік қызметтерінің нарығын дамытуға және олардың субъектілерінің жай-күйіне мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған жәрдем ақша бөлу саясаты әсер етеді. Мемлекет көлік кәсіпорындарын төменде көрсетілген екі мақсаттың біріне қол жеткізу үшін жәрдем ақша бөледі:

Біріншіден, мемлекет басымды жай-күйі бар нақты кәсіпорынға, оның қаржылық жағдайын жақсарту мақсатымен жәрдем ақшаны бөледі. Жолаушылардың американдық Amtrak мемлекеттік темір жол компаниясы немесе француздық SNCF темір жол монополиясы мұндай көлік компанияларының мысалы бола алады.

Екіншіден, мемлекеттен басымды жай-күйді қоғамдық-тиімді қызметтердің белгіленген түрін жеткізушілердің барлығы алады. Осыған ұқсас іс-әрекеттер бәсекелестікке әсер етпейді, бірақ тапсырыс берушілердің басым бөлігіне тасымалдау мүмкіндігін барынша береді. Алайда, бұл үшін қоғам салықтың ұлғаюымен есептеседеі. Сондай-ақ жәрдем ақшалар, қаржы салымдары және жұмыс күші үшін салааралық бәсекелестікке әсер етеді, шаруашылық субъектілерінің экономикалық таңдауына бұрмаланулар енгізеді.

Жәрдем ақша берудің нақты тиімділігі жәрдем ақшамен алынған көлікті кім айтарлықтай кем қолданады, соның кірісін, оны барынша қарқынды қолданып отырған тұлғаға қайта бөлумен жинақталады. Алайда, бұл жағдайда мемлекеттің өзі монополияның туындауына себеп болады. Монополия қалыптастырылып қойған соң, үкімет оның монопольдік табыс алуын қаламайды. Бұл көлік монополиясының рентабельдігі өте төмен, тіпті қарама-қайшы болуы үшін тарифтерді шектеуі мүмкін. Мұндай саясатты монополист-компания, әдетте шығындардың, оның ішінде өндірістік емес шығындардың ұлғаюы ретінде қабылдайды, сонан соң өзінің шығынды кәсіпорын екені, мұндай шамалы ғана ақшамен көлемді инфрақұрылымды қолдауға қабілетінің жоқтығы және тарифтерді жоғарылату қажеттілігі туралы мәлімдейді.

Мұндай кезең бірнеше рет қайта туындауы және кәсіподақтары берік немесе салалық лоббистері бар елдерде үнемі орын алуы мүмкін: Ұлыбританияда, Францияда, Италияда, Испанияда, Ресейде, ОАР, Үндістанда. Мысалы, 2003 ж. көктемде Лондонда автокөлік қозғалысына белгіленген шектеулер. Лондонда жол салығы мен отынға белгіленген салықтан тыс қаланың орталығына автокөліктің кіруіне төлемақы – 5 фунт стерлинг көлемінде енгізілген. Нәтижесінде, күнсайын қаланың орталығына 100 мың автокөлік кем кіретін болғанын, кейбір бағамдар бойынша Лондонның орталық дүкендерінде сату көлемі 10 пайызға, жұмыспен қамту барысы да осыған сәйкес қысқарғанын көрсетеді[64].

Көлік қызметтерінің нарығында рұқсат қағазын беру және жәрдем ақша бөлу саясатының негізгі мақсаты дамудың оңды қарқынына қол жеткізу. Бірақ реттеудің және бақылаудың мемлекеттік бағыт-бағдары әлсіреген сәтте, олар сыбайлас жемқорлыққа жол ашады. Бұл мемлекет тарапынан жүргізілетін ұйымдық және реттеуші жұмыстары тиімділіктің өте төмен деңгейіне әкеп соқтырады. Осы нақты деректі жеткілікті сараптау арқылы Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігі 2009-2010 жж. сыбайлас жемқорлықпен күресу іс-шараларының жоспарын өңдеп, әзірледі (3-кесте).

3-кесте 2006-2010жж.сыбайлас жемқорлықпен күресудің Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігінің 2009-2010жж.арналған іс-шаралар Жоспары



р№

Іс-шаралар


Аяқтау үлгісі

Орындау мерзімі

1

Көлік бақылау бекеттерінде сыбайлас жемқорлық жөнсіздіктерін және оларға қатысты болжамдарды анықтау мақсатында жарияланбаған тексерулер және оперативтік жорықтар жүргізу

Көлік және коммуникация Министрлігінің басшылығына ақпарат

Үнемі

2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қорғау және білу насихаты бойынша іс-шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы оқып білу бойынша тақырыптық сабақтар, «дөңгелек стөлдер», семиналар жүргізу

АФП-ға ақпарат

Жылсайын

20 желтоқсан



3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану тиімділігін арттыру жұмысын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру барысы туралы халықты ақпараттандыру бойынша тұрақты әрі жүйелі жұмысты қамтамасыз ету

АФП-ға ақпарат

Жылсайын

20 желтоқсан және 20 маусым



4

Құқық қорғау органдарының өкілдерін шақыру арқылы сыбайлас жемқорлық фактілерін тоқтату және алдын алу мәселелері бойынша ККК және ИКК орталық аппаратының басшыларымен және қызметкерлерімен орындарында семинарлық сабақтар өткізу.

Көлік және коммуникация Министрлігінің басшылығына ақпарат

Жыл бойы

5

Сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша заңнаманы білуге қатысты тақырыптық сынақтар қабылдау және ИКК-да жүргізу

Көлік және коммуникация Министрлігінің басшылығына ақпарат

Әр тоқсанда

кемінде 1 рет



6

Көліктің барлық түрлерінде бақылау жүргізу бойынша ККК және ИКК қызметін БАҚ-тарда тұрақты жариялау

Көлік және коммуникация Министрлігінің басшылығына ақпарат

Үнемі

7

Көлікті бақылаудың Аймақаралық инспекцияларын құру арқылы ККК аймақтық органдарын қайта ұйымдастыру

Көлік және коммуникация Министрлігінің басшылығына ақпарат

ІІІ тоқсан

8

ККК Ақпараттық қызметінің жұмысын ұйымдастыру (интернет сайттарына, Блоктарға, БАҚ-тарға түсетін өтінімдерге оперативті түрде назар аудару)

Көлік және коммуникация Министрлігінің басшылығына ақпарат

Үнемі

9

Отандық тасымалдаушылардың тапсырыстарын шетелдік рұқсат бланкілеріне өңдеу жұмысын электронды үлгіге ауыстыру

Көлік және коммуникация Министрлігінің басшылығына ақпарат

Үнемі

10

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзулар туралы» Кодексіне сәйкес айыппұл санкцияларын қою және талап ету дұрыстығын тексеру (әрі қарай-Кодекс)

Көлік және коммуникация Министрлігінің басшылығына ақпарат

Үнемі

11

Кодексте қарастырылған әкімшілік құқық бұзулар бойынша іс-шаралар қабылдамау фактілерін анықтау.

Көлік және коммуникация Министрлігінің басшылығына ақпарат

Үнемі

12

Азаматтардың шағымдарын және өтінімдерін қарау заңдылығын тексеру

Көлік және коммуникация Министрлігінің басшылығына ақпарат

Үнемі

13

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну мүмкіндігіне және сапасына бақылауды қамтамасыз ету

Көлік және коммуникация Министрлігінің басшылығына ақпарат

Үнемі

14

ККК және оның аймақтық органдарының сенім телефондарын көлік инфрақұрылымдары объектілеріне орналастыруды қамтамасыз ету.

Сенім телефонын орнату

Үнемі

15

Рұқсат қағаздарын беру қызметінің және рұқсат берілген қызметтердің түрлерін қысқарту, сондай-ақ рұқсат қағаздарын және рұқсаттарды алу тәртібін жеңілдету жұмыстарын жалғастыру

МЭБП-ға ұсыныс

Жарты жылда

бір рет


16

Көлік және коммуникация саласында сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзуға қолайлы жағдай жасаушы нормалардың болуын анықтау бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге, 2007ж.бастап 2008ж.аралығы кезеңімен бірге түгендеу жүргізу

Ақпарат

2009 жылдың

ІІІ тоқсаны



17

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша медиа-жоспар құру

Көлік және коммуникация Министрлігінің басшылығына ақпарат

Тоқсан сайын

18

Мемлекеттік сатып алуды электронды әдіспен іске асыру семинарларын жүргізуді ұйымдастыру

Көлік және коммуникация Министрлігінің басшылығына ақпарат

Жыл бойы

Е с к е р т у: қор көзі[65]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет