Колледждің алтын шежіресінен…


Түсіпбеков Тілеуғали Темірғалиұлы



бет5/6
Дата19.12.2022
өлшемі2.78 Mb.
#467502
1   2   3   4   5   6
Рымбек Байсейітов өмірбаяны

Түсіпбеков Тілеуғали Темірғалиұлы – 1949 жылы 18 мамырда бұрыңғы Семей облысы, Жарма ауданы, Бөке руднигінде ұстаздар жанұясында дүниеге келді.
1976 жылы Бөке руднигиндегі орта мектеп табалдырығын аттады. Бұл метептітің түлектерімен Кеңес Одағының Батыры Шакенов Кенжебек Шакенұлы, халық ақыны Тұрсынхан Әбдрахманова және экономика ғылымының докторы, академик Дүйсенхан Кабдиевті Тілеуғали Темірғалиұлы үнемі мақтанышпен еске алады.
Мектепті үздік бітіріп, еңбек жолын Бөке руднигінің «Алтайзолота» тресінде бастады. 1967 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтына түсіп, 1971 «Қаржы және несие» мамандығын иеленіп шықты.
Институтты аяқтағаннан кейін Семей қаласының қаржы органдарында қызмет атқарды:
1971 – 1972 жылдары облыстық қаржы бөлімінде – мемлекеттік кіріс бөлімінде ревизор – инспектор, аға инспектор.
1973 – 1974 жылдары Семей қалалық комсомол ұйымында – инструктор.
Тілеуғалидың ұстаздық жолына бет бұруы тегін емес еді. Өткені оның
ата – анасы барлық ғұмырын бала оқытуға, тәрбиелеуге арнаған. Әкесі – математика пәнінің мұғалімі болса, анасы – бастауыш сыныбының ұстазы болды.
Сонымен Тілеуғали Темірғалиұлының өмірінде жаңа кезең – ұстаздық өмір басталады. Ол 1974 жылдың ақпан айынан бастап Семей қаржы - экономикалық техникумда сырттай оқу бөлімінің әдіскері, 1982 жылдан бастап директордың оқу ісінің меңгерушісі болып, 1985 жылы аталаған техникумның директоры болып тағайындалады.
Тілеуғали Темірғалиұлының ұстаздық жолындағы тамаша ақыл кеңесшілері Мусин Роллан Мұсаұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Логинова Мария Александровна, Кондратьева Вера Михайловна, Левашова Нина Ивановнажәне тағы басқалары.
Техникумды Тілеуғали Темірғалиұлы басқарған кезде Одақ көлемінде көптеген игі іс шаралар өткізілді. Бұл шаралар техникум беделін тек өз елімізде ғана емес, бүкіл Одақтас он бес респулика көлемінде арттыра түсті.
Ол шаралардың бірнешеуін атап өтсек:

  • 1986 жылы техникумда ССР Одағындағы қаржы – экономикалық техникумдарының бүкілодақтық ғылыми – парқтикалық конференциясы өтті.

  • 1989 жылы техникумда Қазастандағы орта кәсіптік білім оқу орындарының республикалық конференциясы болды.

  • 1994 жылдың қаңтар айында Қазақстан Қаржы Минстрлігінің қаулысы бойынша техникумға 1949 жылғы техникум түлегі Рымбек Смақұлы Байсеитовтің есімі берілді.

Байсеитов есімі берілгеннен кейін техникум қабырғасында Тілеуғали
Темірғалиұлының бастауымен көптеген жұмыстар атқарылды:

  • Байсеитов шыңын бағындырушылар мектебі ашылды;

  • Байсеитов атында интеллектуалды марофон өткізілді;

  • Үздік білім алушыларға Байсеитов шәкірт ақысы тағайындалып отырды;

  • Байсеитов атында ғылыми - студенттік конференциялар өткізілді;

  • Байсеитов сынағы ұйымдастырылып отырды.

Тілеуғали Темірғалиұлының ерен еңбегінің арқасында колледждің
материалдық – тезникалық базасы нығайды, ақпараттық технология және білім беру сапасының маниторинг орталығы ашылды. Оның ұсынысы бойынша білім алушылардың білім мен дағдысын, оқытушылардың қызметін бағалауда рейтингтік жүйе, «Маман қызметінің моделі», педагогикалық сүйемелдей технологиясы енгізілді.
Тілеуғали Темірғалиұлының шығармашылығы сан алауан бағытта. Ол колледж туралы «Листая страницы истории» кітабының, «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Финансово – экономические проблемы хозяйства: социальный аспект», «Кәсіпорын экономикасы», «Технические средства таможенного контроля», «Методика перподавания специальных и общепрофессиональных предметов», «Кәсіпорын экономикасы бойынша дидактикалық материалдар және көрнекі құралдар комплектісі» оқулықтар мен «Научно – теоретическое обоснование технологии педагогического сопровождения» атты әдістемелік құралдардың авторы.
«Электронды колледж» бағдарламасының авторы, колледжіміздің құрметті директоры Тілеуғали Темірғалиұлы Түсіпбеков мамандар даярлаудағы сіңірген еңбегі үшін 1981 жылы Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің грамотасымен, «Қаржы қызметінің үздігі» белгісімен (1991), Ыбырай Алтынсарин медалімен (1993), Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің Құрмет грамотасымен (1996), «Қазақстанның білім беру үздігі», (1999), «Қазақстан Республикасы білім саласының Құрметті қызметкері»(2004), «Ерен еңбегі үшін» медалімен(2005) «Педагог - зерттеуші» белгілерімен марапатталды.
Экономика ғылымдарының кандидаты Т. Түсіпбековтың еңбектерін шет мемлекеттер де жоғары бағалады, ол Халықаралық Вена университетінің Құрметті профессоры.
Тілеуғали Темірғалиұлы
Перечень
трудов и научных публикаций директора
РГКП «СФЭК им. Р.С. Байсеитова»
Т.Т. Тусупбекова
по состоянию на апрель 2012 г.



  1. Кайкен, Ж., Түсіпбеков, Т. Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР): оқулық құрал [Мәтін]/ Кайкен Ж., Түсіпбеков Т.- Cемей: М. Әуезов атындағы Семей ун-теті, 2003.-164 б.

  2. Рогачев, А.А., Тусупбеков, Т.Т. Не та это сфера, где можно действовать по подсказкам...[Текст]/ А.А. Рогачев, А.А., Т.Т. Тусупбеков// Қаржы-қаражат. Финансы Казахстана.-1997.-№3.-с.67-75

  3. Рогачев, А.А., Тусупбеков, Т.Т. Проблемы финансовой стабилизации Республики Казахстан[Текст]/ А.А. Рогачев, А.А., Т.Т. Тусупбеков.-Алматы: АГУ им. Абая,1996.-48 с.

  4. Тусупбеков, Т.Т. Монетарные факторы уровня жизни населения[Текст]/ Т.Т. Тусупбеков.-Алматы: АГУ им. Абая,1996.-13 с.

  5. Тусупбеков, Т.Т. Пути совершенствования расходной части[Текст]/ Т.Т. Тусупбеков // Қаржы-қаражат. Финансы Казахстана.-1996.-№7.-с.59-61

  6. Түсіпбеков, Т., Теңізбаева, Г. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы [Мәтін] /Т. Түсіпбеков, Г. Теңізбаева.-Астана:Фолиант,2010.-200 б..-(Кәсіптік білім)

  7. Мониторинг профессиональных качеств преподавателя Сем-ского финансово-эконмического колледжа им. Р.С. Байсеитова.-Сем-ск, 2006

  8. Мониторинг личностного роста учащегося в соответствии с моделью деятельности специалиста.-Сем-ск,2006

  9. РМҚК Р.С. Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі. РГКП «Семипалатинский финансово-экономический колледж им. Р.С. Байсеитова»: альбом

  10. 75 лет Семипалатинскому финансово-экономическому колледжу им. Р.С. Байсеитова//Қазақстан кәсіпкер. Профессионал Казахстана.-2006.-№ 8





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет