Сабақтың нөмірі: 2 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда адамдық капиталды дамыту



Дата02.01.2022
өлшемі13.98 Kb.
#453659
түріСабақ
география 9 кл каз, 2 саб


Құрастырушы: Мұрат М.М, оқу бөлімінің әдіскері, Алматы қаласының Білім Басқармасының «ҚББЖТҒӘО» қолдауымен

География пәні бойынша 9 - сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 2

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда адамдық капиталды дамыту
Мақсаты: Бұл сабақта оқушы Қазақстанда адам капиталының сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді

Қысқаша конспект

Адами капитал деген не? Әдетте, капитал десе ойымызға қаржы, байлық, ақша, құн, мұнай, газ, алтын мағынасында түсінік келеді. Ал бүгінгі күні адам капиталы дегеніміз – адамның бойындағы білімі, қабілеті, тәжірибесі, даналығы, іскерлігі, бәсекелестік замандағы оның адамдық, кәсіби құндылығы. «Адам капиталы» терминінің өзі алғаш рет Нобель сыйлығының иегерлері, америкалық макроэкономистер Теодор Шульц пен Гарри Беккердің ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы еңбектерінде пайда болды. Т.Шульц нашар дамыған елдердің қиын жағдайын зерттей келе, кедей адамдардың әл-ауқатын жақсарту жерге, техника немесе олардың күш-жігер жұмсауына емес, бәрінен де білімге байланысты деген қорытындыға келді. Ол экономиканың мұндай сапалық қырын адам капиталы деп атады. Г.Беккерге келетін болсақ, ол адам капиталының теориялық моделін жасап және осы мәселе бойынша «Адам капиталы» кітабын жарыққа шығарды. Адам капиталының теорияшылары экономикалық өсу үшін оған салым салуға назар аударады. Бұл жерде жұмыспен ұтымды қамту, еңбек нарығының оңтайлы қызмет етуі ерекше маңызға ие. Білім беру мен денсаулық сақтауды, еңбек өнімділігі мен табыс деңгейлерінің байланысын, кәсіпкерлік қызметті уәждеуді экономикалық қамтамасыз етуге дәлелі жетік көзқарас қажет. Адам капиталы – мемлекет­тің, сондай-ақ, экономикасы мен оның еңбекке жарамды азамат­та­рының бәсекеге қабілеттігін арт­тырудың қажетті ресурсы.

Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме: bilimland.kz, «Мектеп» баспасы, 80-86 беттер

Оқушыларға арналған тапсырмалар:

1. Тапсырма Адами капиталдың көрсеткіші – білімде деген тұжырымдаманы қалай түсінесіңдер?

2. Тапсырма. 1.Мәтінді және ғаламтордағы ресурстарды пайдалана отырып, «Оқиғалар тізбегі» органайзеріне Қазақстандағы адами капиталдың даму сатыларын талдаңыз,

2. Өз ұсынысыңызды әзірлеңіз.



3. Тапсырма. Бүгінгі сабаққа қандай байланысы бар деп ойлайсыздар?

Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет