Комерциялық емес акционерлік қоғамы



бет1/4
Дата02.11.2023
өлшемі28.26 Kb.
#482176
  1   2   3   4
Алсиеу Аяна 2-013 ОМ СӨЖ ГИСТА


«Қарағанды Медициналық Университеті»
Комерциялық емес акционерлік қоғамы
Гистология кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі мүшелерінің дамуы. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының адамның жасына байланысты ерекшеліктері.


Орындаған: Алсиеу А.М.
Топ: 2-013 ОМ
Тексерген: Есимов Р.Ж.


Қарағанды 2023-2024 жыл
ЖОСПАР:

  1. Кіріспе.

  2. Негізгі бөлім.

  1. Жас нәрестелердегі және ересек адамдардағы ерекшелік;

  2. Ауытқулар;

  1. Пайданылған әдебиеттер.


КІРІСПЕ
Жалпы тыныс алу жүйесінің шығу тегі алдыңғы ішектің вентральді қабырғасындағы прехордальді пластинка болып саналады. Эмбриогенездің 3-ші аптасында бұл пластинкадан екі өсінді пайда болып, оң және сол өкпенің бастамасын береді. Өкпенің дамуы үш кезеңінен тұрады:
1-кезең. Эмбриогенездің 5-ші аптасынан 4 айға дейін жүретін секторлы кезеңі. Бұл кезеңде ауа жолдары мен бронхиалды жолдар, бронх тармақтары дамиды. Өкпе түтікше түрінде ғана болады.
2-канакулярлық кезең. Эмбриогенездің 4-6 айында бронхиалды жолдар мен респираторлы бронхиолалар түзіле бастайды. Бұлармен қоса өкпе мезенхимасына өан капилярлары да кірігіп дамиды.
3-альвеолярлық кезең. 6 айдан басталып туғанға дейін жүретін кезең, мұнда альвеолярлы жолдар мен қапшықтар қалыптасады. Сонымен қатар альвеолярлы эпителийлердің арасына капиллярлар кіріге бастайды. Бронхиолалары қоршаған мезенхиманың арасында борпылдақ талшықты дәнекер тіні мен миоциттер, гиалинді шеміршек тіні мен капилярлар пайда бола бастайды. Эмбриональды кезеңде альвеолалардың қабырғасы жабысып жатады. Ал, нәресте дүниеге келген сәттен бастап, алғашқы тыныс алуында-ақ альвеолалары ауаға толып, қапшықтардың қуысы кеңейеді. Нәресте уақытылы (9 айлық) мерзімінде дүниеге келсе, өкпенің төменгі бөлігі (предиафрагмальді) ауасыз болуы мүмкін. Ана құрсағынан өлі туған баланың өкпесінің ауасыз қапшықтары қабысып, қабырғалары бір-біріне жабысып қалады.
Нәрестенің іштен өлі туылған белгісі – өкпесі суға батып кетеді, себебі өкпенің ішінде ауа жоқ. Нәрестенің туылғаннан кейінгі өлім белгісі – өкпесі суға батпай, суда жүзіп жүреді, себебі өкпе ішінде ауа бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет