НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жас нәрестелердегі және ересек адамдардағы жас ерекшеліктері.
Басты бронхтар бізде жас нәрестелерде және жыныстық жетілуі кезінде қарқынды дамиды. Нәрестелерде бронхиолалық тармақ негізінен қалыптастырылған. Ол жыныстық жетілуі кезінде қарқынды дамиды. 20 жасқа қарай оның барлық өлшемдері 3,5-4 есе артады. 40-45 жаста бронх тармақтары ең үлкен өлшемдерге жетеді, 50 жастан кейін оның өлшемдері өзгермейді.
Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде — 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада — 1,617 см3, ал ересек адамда -67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4,10s тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде — 6 м2, ересек адамда — 50 м2, яғни 8 есе артық.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіміруге болады. Мұны қ о с ы м ш а а у а деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1 -1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл — қ о р д а ғ ы ауа . Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым бұл айырмашылық көп болады.
Ауытқулары
Өкпе обыры - бұл әртүрлі калибрлі бронхтардың эпителий тінінен шыққан өкпенің қатерлі ісігі. Өкпенің қатерлі ісігі 20 ғасырдың басында сирек кездесетін ауру болатын, бірақ темекі түтінінің және осы аурудың басқа қоздырғыштарының көбеюі осы патологияның артуына әкелді. Бүгінгі таңда өкпенің қатерлі ісігі бүкіл әлемде ерлер мен әйелдерде қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің басты себебі болып табылады. Өмір сүру деңгейі қатерлі ісік жасушаларының түріне және аурудың қай сатысында диагноз қойылғанына байланысты өзгереді. ҚР бойынша онкологиялық патологиялар құрылымында өкпе обыры өлім-жітім бойынша 2-ші және 1-ші орында.
Достарыңызбен бөлісу: |