Коммерциялық емес акционерлік қоғам


Геодезияның жалпы даму тарихы



бет2/4
Дата03.11.2022
өлшемі214.56 Kb.
#463912
1   2   3   4
курсовая работа экономика Жаркинбаева Лаура ЦАФ-19-1

1.Геодезияның жалпы даму тарихы

Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін зерттеу қажеттігі туған кезде пайда болды. Әсіресе, Ежелгі Египетте геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы жағдайлар туды. Онда Ніл өзені алқабындағы егін шаруашылығы өте ерте заманда-ақ пайда болып, кең дамыған еді. Астық өнімінің мол болуы құнарлы тұнбалардың шөгуімен байланысты болатын. Ол кезде әр жыл сайын Ніл өзенінің су тасқыны жер танаптарын шайып кетіп отырды. Египеттіктерге бүл жерлерді қайта-қайта қалпына келтіріп отыруға тура келді. Әрине, бұл жағдай жер танаптарын межелеп бөлу, жерге өлшеулер жургізу кезінде тәжірибе жинақтауға алып келеді, сөйтіп жерді өлшеу (геометрия) және жерді бөлу (геодезия) саласындағы теориялық білімнің тез дамуына септігін тигізді. Біздің заманымызға дейінгі 12-14 ғасырларда Қытайда бүкіл жерді зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді: бұл жұмыстар жер танаптарын өлшеуіш тізбектер мен өлшеу шеберліктерінің болғандығын көрсетті.


Геодезия антикалық замандағы Грецияда жоғары дамыған болатын, онда геодезия теориялық жағынан негізделді. Оған бізге жеткен Александриялық Геронның Диоптрия туралы және Ауданды өлшеу атты кітаптары дәлел бола алады. Бұл кітаптарда геодезиялық жұмыстар мен геодезиялық құралдардың сипаттамалары келтірілген. Грек ғалымы Эратосфен (б.з.д. 274-194 жылдар) Египетте жердің көлемін анықтады. Ол жер шарының радиусы шамамен алты мың километр екенін анықтап берді.
Геодезиялық жұмыстардың Ресейде ғылыми жолға қойылуы I Петрдың дәуірінде жүзеге асырылды. Осы кезеңде өнеркәсіптің, теңізде жүзудің,әскери істің және сауданың кең дамуы геодезиялық өлшеулер мен карта жасауға жаңа талаптар қойды. Осы мақматпен мемлекеттің аз зерттелген аудандарында түсіру жұмыстарын жасау үшін арнайы экспедициялар жіберілді. Осының арқасында Донда, Ертісте, Камчаткада және Куриль аралдарында алғашқы топографиялық түсірулер жасалынды.
19 ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық жұмыстардың ғылыми жағынан жоғары қойылуына көп еңбек сіңірген атақты орыс астрономы және геодезисті Пулков астрономиялық обсерваториясының негізін салушы және бірінші директоры В.Я.Струве болды.
Геодезиялық қызмет Кеңес өкіметі жылдарында қарқындап дами бастады. Осы кезеңде негізгі геодезиялық жұмыстар мен топографиялық түсірулер жүргізу үшін орталық және жергілікті геодезиялық ұжымдар құрылды. Сол уақыттан бастап геодезияның негізгі міндетті одақтың өндіргіш күштерін зерттеу мен дамытуға жәрдемдесу болды.
Бүгінгі таңда геодезия жоғары ғылыми деңгейде, аса жаңа техникалық базада дамып, халық шаруашылығының барлық саласының мұқтаждарын қанағаттандыруда. 1925 жылдан бастап бұрынғы одақта мемлекеттік карталар жасау үшін жер бетін әуеден суретке түсіру қолданылды, ал ол бүгінгі күндері жердің бетін картаға түсірудің ең негізгі әдісі болып табылады. Ал геодезия жұмыстары үшін авиацияны қолдану қысқа мерзімде (1945 жылға дейін) бұрынғы ТМД территориясының 1: 1 000 000 масштабты топографиялық карталарын жасауға мүмкіндік берді. Соғыстан кейінгі кезеңдегі геодезиялық қызметтің елеулі жетістігі 1954 жылға қарай 1: 100 000 масштабтағы карталар жасау болды. Қазіргі кезең 1: 25 000 ірі масштабтағы карталарды жасаумен сипатталады.
Топографиялық-геодезиялық жұмыстардың және картография өндірістің мұнан әрі алға қарай дамуы ғарыш техникасын қолданумен тікетелей байланысты болып отыр.
Келешекте халық шаруашылығының шұғыл өсіп отыратын қажеттерін ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асыру мүмкін емес. Қазірдің өзінде-ақ жасалған ғарышты борттық аппаратуралардың мүмкіндіктері сондай орбитадан қабылданған бейне-ақпараты өзіне қойылған міндетті шешуге қабілеттілігі жағынан белгіленген масштабтағы карталардың көпшілігін жасауға мүмкіндік береді, демек олар кең диапазонды масштабтағы карталары тікелей даярлауға жағдай туғызып отыр деуге болады.
1974 жылдан бастап шельфті жалпы мемлекеттік картаға түсіру одан әрі дамыды, теңіз түбінің беті координаталар мен биіктіктердің бірыңғай жүйесінде кескінделді. Теңіз түбін түсіру үшін жер бетін әуеден суретке түсірген сияқты теңіз түбінің сурет карталары мен планын алуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалық құралдар жасалды.
Бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінің теориясын талдап жасау және оны практикаға ендіру саласында Ресей ғылым акедемиясының корреспондент мүшелері Н. Г. Келль және Ф. Н. Красовский зор жұмыстар істеді. Геодезия және картография саласындағы аса көрнекті зерттеулер осы ғалымдардың және профессорлар А. А. Михайлов, А. А. Изотов, А. С. Чеботарев, М. С. Молоденский, Н. А. Урмаев, В. В. Данилов, В. В. Попов және т.б. еншісіне тиеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет