Коммерциялық емес Акционерлік


  Арнайы программалық қамтамасыздандыру



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата19.05.2022
өлшемі1 Mb.
#457870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
ik 3

1.2 
Арнайы программалық қамтамасыздандыру.
 
«
Көпконтурлы 
АБЖ
» программадағы оператордың құралы
 
Аталған программалық қамтамасыздандыру (ПҚ) текшеден алынған 
цифрлық және графикалық ақпаратты визуализациялауға арналған.
1.2.1 ПҚ іске қосу үшін жұмыс үстелдегі «САР» ярлықты 
манипулятормен екі рет басады. Одан басқа ПҚ іске қосу жолы - тізбеліктен 
Windows – Пуск > Программы > Chip Engineering > САР деген арқылы іске 
қосылу мүмкін. ПҚ терезесі жұмыстық облысында негізгі тізбелікті, 
процестердің диаграммаларын және жағдайдың тақтасын шығарып көрсетеді. 
Негізгі тізбеліктің тақтасы келесі бөлімдерден тұрады «Файл», «Измерение» 
және «Вид графика». 
ПҚ текшемен СОМ-порт арқылы байланысқан. Оны іске қосу үшін 
негізгі тізбеліктің «Измерение» бөліміндегі «Соединить» бұйрығын таңдау 
керек. ПҚ дурыс қосылса графиктерде текшеден алынған сигналдар 
көрсетіледі.
ПҚ текшеден ажырату үшін негізгі тізбеліктің «Измерение» бөліміндегі 
«Разъединить» бұйрығын таңдау керек. Ажырату орындалғаннан кейін 
жағдайлар панелінде «отключено» пайда болады және мәліметтер 
графиктерде жаңартылмайды.
1.2.2 ПҚ баптауларын өзгерту үшін негізгі тізбеліктегі «Измерение» 
бөліміндегі «Настройка» бұйрығын ерекшелейді. Экранда тек қана 
графиктердің баптауларын өзгертетін келесі тізбеліктерден құрылған ПҚ 
формасы пайда болады «Порт», «Графики», «Канал 1», «Канал 2», «Канал 3» 
және «Канал 4». Порттың және каналдардың баптаулары жеке текшеге және 
оның АЦТ-не бейімделген. Сондықтан порттын және каналдың баптауларын 
өзгертуге болмайды.
Графиктердің баптауларына өту үшін манипулятордың сол жағындағы 
батырмасымен «Графики» бұйрығын таңдайды. Сол батырманы басқаннан 
кейін графиктердің баптаулары іске қосылады. Бұл баптаулар арқылы 
графиктердің Y өсі бойынша минималды және максималды мәндерін орнатуға 
болады (процестердің диаграммаларының өзгеру диапазондарын) және Х өсі 
бойынша өлшеулердің санын беруге болады. «Время между измерениями» 
параметрі мүмкін болған мәндердің ішінен таңдалады және АЦТ екі көрші 
болатын 
өлшеулердің 
арасындағы 
уақытын 
анықтайды 
(АЦТ 
дискретизациялау мәніне кері мән). Өлшеулердің саны және өлшеулердің 



уақыты не құрлым көп болса сол құрлым «скорость диаграммы» 
(жылдамдықтың диаграммасы) кіші болады.
Өзгерістер тек «ОК» батырмасын басқаннан кейін сақталады. «Отмена» 
батырмасы баптаулардың формасының өзгерістерін сақтамай жабады. 
Графиктерді үлкейту үшін керекті графиктің облысына екі рет басса, ол 
экранға толық түрінде ашылады.
1.2.3 Өлшенетін мәндерді тек уақыттық функция ғана емес түрінде 
бейнелеуге болады: «Х-Y» бейнелеу режим деп аталатын «Канал 1» мәндерді 
«Канал 2» мәндердің функциясы ретінде, ал «Канал 3» мәндерді «Канал 4» 
мәндердің функциясы ретінде де бейнелеуге мүмкіндік бар.
«Х-Y» режимде графикті көру үшін «Вид графика» тізбелікте 
бейнелеуге қажетті графикті манипулятордың сол жағындағы батырма 
арқылы сәйкес келетін пунктты таңдау керек. Содан кейін, ПҚ негізгі 
терезесінде таңдалған арналардың масштабына және диапазондардың 
баптауларына сәйкес келетін Х және Y 
остердің 
масштабы мен диапазоны 
терезеде шығады. Бір уақытта екінші графикті де «Х-Y» режимде шығару 
үшін ең басында екінші графиктің терезесіне орын босату керек: бірінші 
графиктің терезесін монитордың экранының ортасынан шетке жылжытады
содан кейін бірінші графикті шығаруға арналған әрекеттерді қайталайды.
1.2.4 Программа текшеден келетін сигналдарды түсіре алады. Сақтау 
уақытында графиктерден алынған мәліметтер жеке файлда сақталады. 
Файлды ашу үшін негізгі тізбеліктегі «Файл» бөлімінің «Открыть» бұйрығы
таңдалады. Файлды ашқаннан кейін графиктерде алдыңғы өлшеулерден 
сақталған сигналдар көрсетіледі.
Өлшеулердің файылын сақтау үшін негізгі тізбеліктің «Файл» 
бөліміндегі «Сохранить» бұйрығын таңдау керек. «Сохранить» таңдалғаннан 
кейін, экранға файлды сақтау формасы шығады. Өзгерістерді сақтауға 
арналған файлдың атын көрсетіп, «Сохранить» батырмасын басыңыз. Содан 
кейін графиктерде көрсетілген өлшеулердің мәліметтерін Microsoft Excel-де 
көруге болады.
Сақталған файлды Microsoft Excel программасында ашыңыз. Excel 
форматындағы жоғарғы жолда графиктің өлшеулердің саны көрсетіліп 
тұрады. Сол жағындағы тік жолда өлшеудің нөмірі көрсетіледі. Одан кейін 1 – 
4 арналарға сәйкес келетін Ch1- Ch4 тік жолдар орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет