Сонымен, Есік, Шілікті, қорғандары, Бесшатыр, Тасмола мәдениеттері, Түгіскен мен Ұйғарақ кесенелері, Шірік - Рабат пен Баланды қалалары секілді сақ мәдениетінің көрнекті ескерткіштерін археологтардың ашуы тағы бір кедергіден өтуге мүмкіндік берді. Табылған жазбалардың, көрнекті өнер туындыларының жәдігерлеріе сүйене отырып, біздің дәуірімізге дейінгі 1мың жылдықтың ортасында Қазақстан аумағында пайда болған көне сақ мемлекеттері туралы сөз етуге болады. Сақ тайпаларыының ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары олардың өмір-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, жерлеу ғұрпы, шаруашылығы туралы көптеген деректерді береді. Бұл ескерткіштер осы арадағы өмір сүрген тайпалардың мәдениет дәрежесінің әлеуметтік-экономикалық даму сатысының, бірдей өмір сүру сипатының этникалық, қан жағынан және географиялық шоғырлану жағынан туыстық, жақындық белгілерін дәлелдейді. Бүкіл адамзат тарихының дамуымен біздің тарихымыздың тығыз және ажырамайтын байланысы және өзара қатынасының нәтижесі болып табылатын материалдық мәдениет ескерткіштерін сақтауға бәріміз борыштымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.КМ. Байпақов, Ж.Қ. Таймағамбетов - "Қазақстан археологиясы".
2. "Қазақстанның иллюстрацияланған тарихы" бірінші том-ғалымдар М.К. Қозыбаев, К. М Байпақов, ж. Таймағамбетовтың материалдары.
3. Қадырбаев М. К. Орталық Қазақстанның ерте көшпенділерінің кейбір ескерткіштері туралы.
4. Қадырбаев М. К. Орталық Қазақстанның ерте көшпенділерінің ескерткіштері.
5. Қадырбаев М. К. Тасмола мәдениетінің ескерткіштері. / Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті.
Достарыңызбен бөлісу: |