Коммуникация басқа адамдармен байлалысу, қарым-қатынас орнату. Коммуникативтік дағдылар



бет3/4
Дата21.11.2023
өлшемі20.53 Kb.
#483962
1   2   3   4
Документ Microsoft Word (2)

Императивті қатынас - бұл науқасқа авторитарлық және директивтік әрекет жасау. Қарым-қатынастың бұл түрінің мақсаты - науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгі ерекшелігі - науқасты мәжбүрлеу мақсаты жасырын емес ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары - бұйрық, нұсқау, талап.
Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтенше және жедел жағдайларда. Команда, бұйрық және тыйым салу арқылы, сырттай бағынышты жағдайды және таланты орындату - адамның ішкі ойы мен сенімінен, оның интровертті мотивациясынан (өзіндік ықпалынан) тумайтыны анық. Дәрігер
- науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емес болады.
Диалогтық қатынас. Бұл арақатынаста, науқасқа дәрігер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-тендік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнытпас орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:
1.Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл-күйін аудару.
2.Науқас ыкпалдарына априорды (алдын ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау.
3.Науқасты өзіне тең деп есептеп, оны «өз жекешелік ойы мен меншікті өз шешімі бар» деп қабылдау.
4.Қатынасуды жеке тұлғалау (персонофикациялау) - қарым-қатынасты, сүхбатты өз атынан жүргізіп, басқалардың пікірлеріне және беделділердің көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері мен талаптарын көрсету.
Арақатынастың ішкі құрылысы да өте күрделі болады. Мұнда біріне бірі байланысты үш жағын айқындауға болады: коммуникативтік, интерактивтік, перцептивтік.
Арақатынастың коммуникативтік жағы науқаспен ақпарат алмасуды, ақпарат беру және кабылдаудан құрастырылады. Арақатынастың интерактивтік жағынан («интеракция» - әрекеттесу) мағынасы - қатынасқа түскен дәрігер мен науқас әрекеттерінің алмасуы, яғни тұлға аралық әрекетті ұйымдастыру. Ал перцептивтік қатынасу жағы – бұл дәрігердің науқасты түсінуі, білуі. тәрбиелеуі негізінде тұлға аралық нәтижелі қатынас орнатуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет