Коммуникация басқа адамдармен байлалысу, қарым-қатынас орнату. Коммуникативтік дағдылар



бет4/4
Дата21.11.2023
өлшемі20.53 Kb.
#483962
1   2   3   4
Документ Microsoft Word (2)

Сөзсіз қатынасуҚатынас жасаған кезде басқа адамның физикалык бейнесінің жекеше белгілеріне назар аудару (бет әлпеті, қол, иық қимылдары, жестілері, позасы, интонациясы) арқылы қосымша мәлімет жинастырып, қатынасу процесін дұрыс бағытта жүргізуге мүмкіншілік алады, әсіресе көп мәліметті (сигналдарды) тындаушы адамның бет-жүзі береді. Бұл сөзсіз қатынасу арқылы дәрігер ойын ауру адам қабылдап, я кабылдамағанын, оның түсініп сенім білдіргенін немесе күмәнданғанын көрсетеді.
Қосақтастыру техникасы — бұл пациентпен бір дәрежелі психологиялық жанасу арқылы ем тиімділігін іске асыру. Басқа адамды түсіну және сезіну дәрігердің жеке тұлғалық психологиялық қасиеттеріне, яғни эмпатия қабілетіне байланысты болады. Сондықтан, бұл әдісті игеру үшін, дәрігер алдымен өзінің жекеше тұлғалық эмпатиялық қасиеттерін дамытып жетілдіру кажет. Егер науқаста, дәрігерді таңдау кұқығы болса, дәрігерде ондай мүмкіншілік жоқ, ол әр ауру адаммен қатынас жасауға даяр болуы керек. Мұнда, дәрігердің науқаспен алғашқы қатынасуы өте мағыналы болады, себебі бір қалыптасқан алғашқы пікірді өзгерту оңай болмайды.
Тыңдау тәсілінің техникасы. Мақсаты - науқасты сөйлестіру арқылы қажетті ақпарат жинастыру. Тыңдау тәсілінің екі түрі белгілі:
* бағалай отырып тыңдау;
* бағалаусыз тыңдау.
Дәрігерлік тәжірибеде бағалай отырып тыңдау жиі колданылады.
Сұхбаттасу үстінде дәрігердің дене қалпы (поза), оның толық назар аударып, тыңдауға әзірлігін калыптастыру керек. Дәрігер науқас адамның көзіне үнемі тесіле қарауға болмайтынын ескере отырьш, оған тек анда-санда ғана көз тастағаны дұрыс болады. Бағалаусыз тыңдау техникасы бойынша ең маңызды шарт - үндемеу, икемдеу, ымдап қолдау және қызыққанын білдіру. Сұхбат кезінде аурудың қобалжып қапалануы, келесі жайлар арқылы бейнеленеді: оның сөз ырғағының өзгеруі, паузалардың пайда болуы, мысқал сөздерді жиі қолдана бастауы. Психологиялық жайсыз жағдай болғанның маңызды белгісіне жағатыны - аурудың сұраққа жауап беруден кашуы немесе жалпы мағынасыз фразаларды қолдануы. Науқас адам дау, талас немесе басқадай психологиялық конфликт, шиеленіс болғанын жасыруға тырысады.
Мұнда ең жауапты және маңызды болатыны ~ дайындық кезеңі. Қатынасудың уақытын, орнын дұрыс таңдап, оның нәтижесінде өз ұстамаларын анықтап, жоспарлау қажет.
Қатынасудың бірінші кезеңі - көзбен, қас-қабағын бақылап тұлға аралық жанасуға ену. Мұнда дәрігердің өзін-өзі дайындауы, науқастың жағдайы мен көңіл-күйін сезуі, өзін еркін сезінуі өте маңызды. Науқастың өзіне бейімдеу, сұхбаттың біркелкі басталуын қамтамасыз ету де маңызды болады. Бұл кезең психологиялық жанасуды бекітумен аяқталады.
Қатынасудыц екінші кезеңінде  назарын тікелей науқастың дертіне аударып, әңгіменің тақырыбын анықтап, мотивациялық казбалауға (зондажға) көшеді. Оның мақсаты - науқасты ашық пікірлесуге қызықтыра отырьш, тарту.
Келесі, үшінші кезеңде науқастьң ойында әртүрлі күмәндік болған жағдайда, дәрігердің аргументті түрде оны өз пікіріне сендіруі.
Төртінші фазада, дәрігер мен науқас бір нәтижеге жетіп, оны бекітуі. Бұл арақатынастың ең бір күрделі ксзеңі. Егер қатынас ажыраса, жанасу да осымен аяқталады.
Дәрігер - науқас арақатынасының құралдары. Қатынас құрудың негізінде, ақпарат алмасу жатады. Бұл қарым-қатынастың ең маңызды жағы. Нәтижелі арақатынас құру үшін вербальды және вербальды емес құралдар қолданылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет