1928
ЖЫЛЫ «БУРЖУАЗИЯШЫЛ-ҰЛТШЫЛ» ДЕГЕН ЖАЛҒАН АЙЫППЕН 44
АДАМ, БҰРЫНҒЫ АЛАШОРДА ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ Ә. БӨКЕЙХАНОВ, А.
БАЙТҰРСЫНОВ, М. ЖҰМАБАЕВ, Ж. АЙМАУЫТОВ ЖӘНЕ Т.Б.
ТҰТҚЫНДАЛДЫ. 1930 ЖЫЛЫ ЕКІНШІ ТОП ІШІНДЕ М. ТЫНЫШПАЕВ, Х.
ДОСМҰХАМЕДОВ СЫНДЫ ЗИЯЛЫЛАРЫ БАР 40-ТАН АСТАМ АДАМ
ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАДЫ. 1937-1938 ЖЫЛДАРДА САЯСИ ҚУҒЫН-
СҮРГІН ҚАТЫГЕЗДІГІ ЖАҒЫНАН ӨЗІНІҢ ШАРЫҚТАУ ШЕГІНЕ ЖЕТІП,
ЖАППАЙ СИПАТҚА ИЕ БОЛДЫ. ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН АЗАМАТТАРДАН
БАСҚА КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ Т.
РЫСҚҰЛОВ, Ж. САДУАҚАСОВ, О. ИСАЕВ, О. ЖАНДОСОВ, ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ С. СЕЙФУЛЛИН, Б. МАЙЛИН, I. ЖАНСҮГІРОВ,
ҒАЛЫМДАР Қ. ЖҰБАНОВ, C. АСФЕНДИЯРОВ ЖӘНЕ Т.Б. ҰСТАЛЫП,
АТЫЛДЫ. СТАЛИНДІК ҚУҒЫН-СҮРГІН САЯСАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
ҚАЗАҚСТАН ЖАЗАЛАУ ЛАГЕРЬЛЕРІНІҢ АЙМАҒЫНА АЙНАЛДЫ. ҚАЗАҚ
ЖЕРІНДЕ ДАЛЬНИЙ, СТЕПНОЙ, ПЕСЧАННЫЙ, КАМЫШЛАГ, АҚТӨБЕ,
ЖЕЗҚАЗҒАН, ПЕТРОПАВЛ ЛАГЕРЬЛЕРІ, КЕҢГІР, ӨСКЕМЕН АРНАЙЫ
ЛАГЕРЬЛЕРІ АШЫЛДЫ. БҰЛ ЛАГЕРЬЛЕР ІШІНДЕГІ ЕҢ ІРІЛЕРІ - КАРЛАГ
(
ЕРЕКШЕ ТӘРТІПТЕГІ ҚАРАҒАНДЫ ЛАГЕРІ), «ОТАНЫН САТҚАНДАРДЫҢ»
ӘЙЕЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚМОЛА ЛАГЕРІ («АЛЖИР») БОЛДЫ. 1937
ЖЫЛДЫҢ КҮЗІНДЕ ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІНЕ ҚИЫР ШЫҒЫСТАН «ЖАПОН
ТЫҢШЫЛАРЫ» ДЕГЕН ЗАҢСЫЗ АЙЫП ТАҒЫЛЫП, 100 МЫҢ КОРЕЙ
КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРЫЛДЫ. СОЛ ЖЫЛДЫҢ КҮЗІНДЕ КСРО-НЫҢ
КАВКАЗДЫҚ ШЕКАРАСЫ БОЙЫНАН «ШЕКАРАЛЫҚ АЙМАҚТЫ ТАЗАЛАУ
МАҚСАТЫНДА» МЫҢДАҒАН КУРДТАР, ТҮРІКТЕР, ӘЗІРБАЙЖАНДАР,
ИРАНДЫҚТАР ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ КҮШПЕН КӨШІРІЛІП ӘКЕЛІНДІ.
Достарыңызбен бөлісу: