ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНА ҚУҒЫН-СҮРГІННІҢ БАСТАЛУЫ. СТАЛИНДІК ҚУҒЫН-СҮРГІН, ОНЫҢ
АУҚЫМЫ ЖӘНЕ АУЫР ЗАРДАПТАРЫ.
БАЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ТӘРКІЛЕНУІ.
ҰЖЫМДАСТЫРУ САЯСАТЫМЕН ҚАТАР ҚОҒАМДАҒЫ БАЙЛАР МЕН КУЛАКТАРДЫ ТАП
РЕТІНДЕ ЖОЮ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ. 1928 ЖЫЛЫ 27 ТАМЫЗДА ОАК МЕН ХКК «ІРІ
БАЙЛАР МЕН ЖАРТЫЛАЙ ФЕОДАЛДАРДЫ ТӘРКІЛЕУ ЖӘНЕ ЖЕР АУДАРУ» ТУРАЛЫ ДЕКРЕТ
ҚАБЫЛДАДЫ. БҰЛ ДЕКРЕТ БОЙЫНША БАЙЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТӘРКІЛЕНІП, АЛ
ОНЫҢ ИЕСІ ЖЕР АУДАРЫЛУЫ ТИІС БОЛДЫ. 30 ТАМЫЗДА ҚАЗАҚ АКСР-НЫҢ ОАК МЕН ХКК
БАЙЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ТӘРКІЛЕУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ
НҰСҚАУЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ. БҰЛ НҰСҚАУДА ЕГЕР БАЙДЫҢ КӨШПЕЛІ АУДАНДАРДА ІРІ
ҚАРАГА АЙНАЛДЫРҒАНДА 400-ДЕН АСА МАЛЫ БОЛСА, АЛ ЖАРТЫЛАЙ КӨШПЕЛІ
АУДАНДАРДА 300-ДЕН АСАТЫН БОЛСА, ОНДА ОЛ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫДА ҚАУІПТІ АДАМ
ДЕП ЕСЕПТЕЛІП, ЖЕР АУДАРЫЛУЫ КЕРЕКТІГІ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТӘРКІЛЕУГЕ
ТҮСЕТІНДІГІ КӨРСЕТІЛДІ. ЕГЕР АДАМ БҰРЫННАН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРҒА ИЕ БОЛЫП КЕЛГЕН
ТОПҚА ЖАТСА, ОНДА ОНЫ МҮЛІК ЖАҒДАЙЫНА ҚАРАМАСТАН ЖЕР АУДАРҒАН. 1928 ЖЫЛЫ
17
ҚАЗАНДА ҚАЗ АКСР-НЫҢ ОАК МЕН ХКК «ТӘРКІЛЕУГЕ ЖӘНЕ ЖЕР АУДАРУҒА ҚАРСЫЛЫҚ
КӨРСЕТКЕН БАЙЛАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТУРАЛЫ» ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ.
БАЙЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ТӘРКІЛЕУ ЖӘНЕ ТАП РЕТІНДЕ ЖОЮ ЖӨНІНДЕ ҮКІМЕТ
ЖАНЫНАН ОРТАЛЫҚ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ. ОРТАЛЫҚ КОМИССИЯНЫ Е. ЕРНАЗАРОВ
БАСҚАРДЫ. 1928-1929 ЖЫЛДАРЫ 1027 БАЙДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТӘРКІЛЕНДІ [81, 5-Б.]. 145
МЫҢ МАЛ БАСЫ (ІРІ ҚАРА) ТАРТЫП АЛЫНДЫ ЖӘНЕ КӨПТЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ
ЕҢБЕК ҚҰРАЛДАРЫ КОЛХОЗДАРҒА БЕРІЛДІ. ЖАЛПЫ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАН
БАЙЛАРДЫҢ САНЫ 1034-КЕ ЖЕТТІ [82].
КӨШПЕЛІ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫН ОТЫРЫҚШЫ
ӨМІРГЕ КҮШТЕП КӨШІРУ. АШАРШЫЛЫҚ САЛДАРЫ.
КӨШПЕЛІ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТЫ ОТЫРЫҚШЫЛЫҚҚА КҮШПЕН ҰЖЫМДАСТЫРУ ҚАЗАҚТАР ҮШІН ҮЛКЕН ҚАСІРЕТ ӘКЕЛДІ.
1930
ЖЫЛЫ 87136 ШАРУАШЫЛЫҚ ОТЫРЫҚШЫЛЫҚҚА КӨШІРІЛСЕ, 1933 ЖЫЛЫ БҰЛ КӨРСЕТКІШ 242208-ГЕ ЖЕТТІ. ОТЫРЫҚШЫЛЫҚҚА КӨШУ
МЕХАНИЗМІНІҢ ӨЗІ ҚАРАПАЙЫМ ТҮСІНДІРІЛДІ: ЖҮЗДЕГЕН ШАРУАШЫЛЫҚТЫ БІР ЖЕРГЕ ЖИНАП, ДЕРЕВНЯ ТИПТЕС СТАЦИОНАРЛЫҚ
ПОСЕЛКЕЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. МҰНЫҢ БАРЛЫҒЫ КҮШТЕУ ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ, ОРНЫҚҚАН КӨШПЕЛІ ЖӘНЕ
ЖАРТЫЛАЙ КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТЫ 100 % КОЛХОЗҒА ҚАБЫЛДАДЫ. ОНЫҢ ҮСТІНЕ 200 ШАҚЫРЫМДЫҚ РАДИУСТЫ ҚАМТИТЫН ҮЛКЕН
АЙМАҚТАРДА ЖҮЗДЕГЕН ШАРУАШЫЛЫҚТЫ БІРІКТІРГЕН ҮЛКЕН КОЛХОЗДАР ҚҰРЫЛДЫ. КОЛХОЗДАРҒА ОРТАҚ МЕНШІККЕ АЛЫНҒАН
МАЛДАР ҚЫРЫЛА БАСТАДЫ.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЕГІН ЕНІМІ КҮРТ ТӨМЕНДЕП КЕТТІ, СЕБЕБІ ЖЕРІНЕН
АЙРЫЛҒАН ШАРУАЛАР ЕҢБЕК ЕТУГЕ ҚҰЛЫҚСЫЗ БОЛДЫ. ЕҢ ҚИЫН ЖАҒДАЙ МАЛ
ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫ. ҰЖЫМДАСТЫРУ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА
40,5
МЛН МАЛ БАСЫ БОЛСА, 1933 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНДА ОДАН ТЕК 4,5 МЛН МАЛ
БАСЫ ҒАНА ҚАЛДЫ. ОСЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ЖИНАҚТАЛА КЕЛІП, 1931-1933
ЖЫЛДАРДАҒЫ АШТЫҚҚА ӘКЕЛІП, ОДАН 2,1 МЛН АДАМ ҚЫРЫЛДЫ. БҰЛ АШТЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚОЛДАН ЖАСАЛДЫ. ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
ОСЫ МӘСЕЛЕ ЖӨНІНДЕ ҮЛКЕН ДАБЫЛ КЕТЕРДІ. МЫСАЛЫ, Т. РЫСҚҰЛОВТЫҢ И.
СТАЛИНГЕ 1932 ЖЫЛЫ 29 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ЖӘНЕ 1933 ЖЫЛЫ 9 НАУРЫЗДА ЖАЗҒАН
ХАТТАРЫНДА ӨЛКЕДЕГІ ҚАЛЫПТАСҚАН ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚТЫ ЖЕТКІЗГЕН.
АШТЫҚ ПЕН ҚУҒЫН-СҮРГІННЕН БАС САУҒАЛАП, 1 МЛН-НАН АСТАМ АДАМ
ҚАЗАҚСТАННАН ТЫС ЖЕРЛЕРГЕ КЕТУГЕ МӘЖБҮР БОЛЫП, ОНЫҢ 616 МЫҢЫ ҚАЙТЫП
ОРАЛМАДЫ. ҰЖЫМДАСТЫРУ МЕН ҚОЛДАН ЖАСАЛҒАН АШТЫҚ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫН
БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ БОСҚЫН РЕТІНДЕ ШАШЫРАТЫП ЖІБЕРДІ. МЫСАЛЫ, ҚЫТАЙДА 1
МЛН 070 МЫҢ, МОҢҒОЛИЯДА 137 МЫҢ, ТҮРКИЯДА 120 МЫҢ ҚАЗАҚ ТҰРАДЫ.
ҚАЗАҚТАР АУҒАНСТАНДА, ИРАНДА, БАТЫС ЕУРОПА МЕН СОЛТҮСТІК АМЕРИКАДА ДА
БАР. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ҚАЗАҚСТАННАН ТЫС ЖЕРЛЕРДЕ, ОНЫҢ ІШІНДЕ КЕҢЕСТЕР
ОДАҒЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ 14 МЕМЛЕКЕТІНДЕ ЖӘНЕ 25 АЛЫС ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕ, 4,5
МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ҚАЗАҚ ТҰРАДЫ. МАМАНДАРДЫҢ АЙТУЫНША, ТЕК 800 МЫҢ
ҚАЗАҚ ҚАНА ӨЗДЕРІН ДИАСПОРА ДЕП САНАЙДЫ, АЛ ҚАЛҒАН 3 МЛН 700 МЫҢ
ҚАЗАҚ ӨЗДЕРІН ИРРИДЕНТ РЕТІНДЕ САНАЙДЫ ЕКЕН [44. 3-Б].
|