КЕҢЕСТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ.
1919
ЖЫЛЫ 26 ЖЕЛТОҚСАНДА ХАЛЫҚ КОМИССАРЛАР КЕҢЕСІ САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ
ДЕКРЕТКЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ. БҰЛ МӘСЕЛЕМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ТӨТЕНШЕ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ. 1920-1921
ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІНДЕ 72232 АДАМ ОҚИТЫН 2412 САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ПУНКТТЕРІ
ЖҰМЫС ІСТЕДІ. АУЫЛҒА ЖАППАЙ МӘДЕНИ-АҒАРТУ ЖОРЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. САУАТСЫЗДЫҚТЫ
ЖОЮДЫҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ БӨЛІМШЕЛЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ, ӘЙЕЛДЕРДІ ОҚЫТУ УШІН «ҚЫЗЫЛ
ОТАУЛАР» ҚҰРЫЛДЫ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСТАУЫШ, ТОЛЫҚ ЕМЕС ОРТА БІЛІМ, ОРТА БІЛІМ
БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІ ҚАЛЫПТАСА БАСТАДЫ. ЕРЕСЕК БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕПТЕР МЕН МЕКТЕП-
ИНТЕРНАТТАР АШЫЛДЫ. ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ЖАНЫНАН ЖҰМЫСШЫ ФАКУЛЬТЕТТЕРІ (РАБФАК)
ҚҰРЫЛДЫ. АУЫЛДАРДА КІШІГІРІМ МӨКТЕПТЕР АШЫЛЫП, ОНДА ҚАРАПАЙЫМ ӘРІП ТАНЫТУ, САНАУ,
ЖАЗУ, ОҚУҒА ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ. 1930 ЖЫЛЫ 27 ТАМЫЗДА ҚАЗАҚ АКСР-НЫҢ ОАК МЕН ХКК
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ МІНДЕТТІ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ. БҰЛ ХАЛЫҚ ҮШІН ӨТЕ
МАҢЫЗДЫ ҚАУЛЫ ЕДІ. ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ШЫҒАРЫЛА БАСТАДЫ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ
ОҚУЛЫҚТАРДЫ ЖАЗУҒА А. БАЙТҰРСЫНОВ, Ж. КҮДЕРИН, Т. ШОНАНОВ, Ж. АЙМАУЫТОВ, Ә. БЕКЕЙХАНОВ,
М. ДУЛАТОВ, М. ЖҰМАБАЕВ, Қ. СӘТБАЕВ, С. СЕЙФУЛЛИН ЖӘНЕ Т.Б. ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ МЕН
ПЕДАГОГТАР БЕЛСЕНЕ АТ САЛЫСТЫ. АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АЛГЕБРАНЫ Қ. СӘТБАЕВ, ГЕОГРАФИЯ
ОҚУЛЫҒЫН Ә. БӨКЕЙХАНОВ ҚҰРАСТЫРДЫ. 1928 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ АРАБ ГРАФИКАСЫНАН ЛАТЫН
ӘЛІПБИІНЕ АУЫСЫП, ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРІМІЗ БЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫНА ҮЛКЕН КЕДЕРГІЛЕР ТУҒЫЗДЫ.
ӘЛІПБИДІҢ АУЫСУЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНА ДА ӨЗ ЗАРДАБЫН ТИГІЗГЕН ЕДІ. ЗИЯЛЫ
ҚАУЫМДЫ, ӘСІРЕСЕ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ, ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЕРЕКШЕ МАҢЫЗЫ БОЛДЫ.
МЫСАЛЫ, 1924 ЖЫЛЫ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ 5,8%-Ы ҒАНА ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ БОЛДЫ. МҰҒАЛІМДЕРДІ
ДАЙЫНДАУ ҮШІН ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КУРСТАР, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКУМДАР
АШЫЛДЫ. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ МАМАНДАРЫ НЕГІЗІНЕН МӘСКЕУ, ЛЕНИНГРАД, ТАШКЕНТ
ҚАЛАЛАРЫНДА ДАЙЫНДАЛДЫ.
ОЛ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ЕДІ. БҰЛ
ИНСТИТУТҚА 1935 ЖЫЛЫ АБАЙ ЕСІМІ БЕРІЛДІ (ҚАЗІРГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ). 1929 ЖЫЛЫ АЛМАТЫ ЗООТЕХНИКАЛЫҚ-
МАЛ ДӘРІГЕРЛІК ИНСТИТУТЫ, 1930 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚ АУЫЛ
ШАРУАШЫЛЫҚИНСТИТУТЫ, 1931 ЖЫЛЫ АЛМАТЫ
МЕДИЦИНА ИНСТИТУТЫ, 1934 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ АШЫЛДЫ. 1939 ЖЫЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ
САУАТТЫЛЫҒЫ РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША 65%-ҒА, АЛ
ҚАЗАҚТАР АРАСЫНДА 40%-ҒА ЖЕТТІ. 1940 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ
САУАТСЫЗДЫҚ ЕҢБЕККЕ ҚАБІЛЕТТІ ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ТЕГІС
ЖОЙЫЛДЫ. БҰЛ КЕЗЕҢДЕ ҒЫЛЫМИ МЕКЕМЕЛЕРДІ ҚҰРУ
ЖҰМЫСТАРЫ ДА БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛДІ. ҚАЗРЕВКОМ
ТҰСЫНДА ҒЫЛЫМ ІСІ ЖӨНІНДЕПІ КОМИССИЯ
ЖАСАҚТАЛЫП, КЕЙІННЕН ҒЫЛЫМИ БӨЛІМ БОЛЫП ҚАЙТА
ҚҰРЫЛДЫ. ҚАЗАҚ АКСР ҚҰРЫЛҒАННАН КЕЙІН ХАЛЫҚ
АҒАРТУ КОМИССАРИАТЫ ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ
БӨЛІМ ЖҰМЫС ІСТЕДІ. ҒЫЛЫМ ІСІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН
МҰНДАЙ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША
ӨЛКЕЛІК МУЗЕЙЛЕР МЕН МҰРАҒАТТАР АШЫЛА БАСТАДЫ.
СОЛ КЕЗЕҢДЕ АШЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ МЕКЕМЕЛЕР ҚАТАРЫНДА
ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ СТАНЦИЯСЫ, МАЛ ДӘРІГЕРЛІК-
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТ, ТЫҢАЙТҚЫШТАР МЕН
ТОПЫРАҚТАНУ ИНСТИТУТЫ АШЫЛДЫ. 1932 ЖЫЛЫ
АЛМАТЫДА КСРО ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ
БАЗАСЫ ҚҰРЫЛДЫ. 1935 ЖЫЛЫ ПРОФЕССОР C.
АСФЕНДИЯРОВТЫҢ «КӨНЕ ДӘУІРДЕН БҮГІНГІ КҮНГЕ
ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕГІ
ЖАРЫҚ КӨРДІ.
|