Коммунистік партияның ҚОҒамдық Өмірдегі күші мен ықпалының КҮшеюі


ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата08.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482675
1   2   3   4   5   6
11 СЕМИНАР АМАНҚҰЛОВА

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ
МАЙДАН ІС-ҚИМЫЛДАРЫНА, ПАРТИЗАНДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСҚА ҚАТЫСУЫ.
1941 
ЖЫЛЫ 22 МАУСЫМДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ БАСТАЛДЫ. ФАШИСТІК ГЕРМАНИЯ ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ОЙЫ
БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫ «БАРБОРОССА» ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС «ҮЛКЕН ТҮРКІСТАН» ҚҰРАМЫНА
КІРУІ КЕРЕК БОЛАТЫН. БІРАҚ КЕҢЕС ХАЛҚЫ ФАШИСТ БАСҚЫНШЫЛАРЫНА ЕРЛІКПЕН ҚАРСЫ ТҰРЫП, «ҚАУЫРТ
ШАБУЫЛ» ӘСКЕРИ ОПЕРАЦИЯСЫН ІСКЕ АСЫРМАЙ ТАСТАДЫ. СОҒЫСТЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНЕН БАСТАП ҚАЗАҚ
ЖЕРІНДЕ ОТАНДЫ ҚОРҒАУ ҮШІН ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР ЖАСАҚТАЛА БАСТАДЫ. БАРЛЫҒЫ 12 АТҚЫШТАР, 4
КАВАЛЕРИЯЛЫҚ ДИВИЗИЯ, 7 АТҚЫШТАР БРИГАДАСЫ, 50-ГЕ ЖУЫҚ ПОЛКТАР ЖӘНЕ БАТАЛЬОНДАР ЖАСАҚТАЛДЫ.
МӘСЕЛЕН, ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАҚТАЛҒАН 310, 312, 314, 316, 391- АТҚЫШТАР ДИВИЗИЯЛАРЫ ЖӘНЕ Т.Б.
МАЙДАННЫҢ АЛҒЫ ШЕПТЕРІНДЕ ШАЙҚАСТЫ. ОНЫҢ ІШІНДЕ ҮШ КАВАЛЕРИЯЛЫҚ ДИВИЗИЯ МЕН ЕКІ АТҚЫШТАР
БРИГАДАСЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРІ БОЛДЫ. 
СОҒЫС КЕЗІНДЕ КЕҢЕС АРМИЯСЫ ҚАТАРЫНА 1196164
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАУЫНГЕР ШАҚЫРЫЛДЫ. ӨНЕРКӘСІПТЕ ЖҰМЫС
ІСТЕУ ҮШІН 670 МЫҢ АДАМ ЕҢБЕК АРМИЯСЫНА
МОБИЛИЗАЦИЯЛАНДЫ. СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ 1,5
МЛН ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН ЖӘНЕ ДЕПОРТАЦИЯҒА ҰШЫРАҒАН
ХАЛЫҚТАР КЕЛДІ. СОҒЫСТЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ КЕҢЕС ХАЛҚЫ
МЕН ӘСКЕРІ ҮШІН ӨТЕ КҮРДЕЛІ ЖАҒДАЙДА ӨРБІДІ. 1941 ЖЫЛДЫҢ
СОҢЫНА ҚАРАЙ КЕҢЕС ОДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР МЕН
ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ШОҒЫРЛАНҒАН АУМАҒЫНЫҢ ҮЛКӨН
БӨЛІГІНЕН, ЯҒНИ УКРАИНА, БЕЛОРУССИЯ, МӘСКЕУГЕ ДЕЙІНГІ
ЕУРОПАЛЫҚ РЕСЕЙДЕН АЙЫРЫЛДЫ. ОСЫНДАЙ ЖАҒДАЙДА ҚАЗАҚ
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӨЛІ КҮШЕЙДІ. СОҒЫС ҚАРА ЖӘНЕ ТҮСТІ
МЕТАЛДЫҢ, КӨМІР МЕН МҰНАЙ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ, СИРЕК
КЕЗДЕСЕТІН МЕТАЛДАРДЫҢ ӨНІМІН КӨП КӨЛЕМДЕ ҚАЖЕТ ӨТТІ. 


СОҒЫС ЖАҒДАЙЫНА СӘЙКЕС БҮКІЛ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ ӘСКЕРИ БАҒЫТҚА БЕЙІМДЕЛДІ. МЫСАЛЫ, 38
КҮН ІШІНДЕ ЖЕЗҚАЗҒАН МАРГАНЕЦ КЕНІШІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ. ӨЙТКЕНІ БҰЛ МЕТАЛДЫ ӨНДІРЕТІН
КӘСІПОРЫНДАР ЖАУ ҚОЛЫНДА ҚАЛҒАН ТЕРРИТОРИЯЛАРДА ҚАЛЫП ҚОЙДЫ, АЛ МАРГАНЕЦСІЗ
ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БОЛАТ ҚОРЫТУ МҮМКІН ЕМЕС БОЛАТЫН. МАЙДАНҒА ШАҚЫРЫЛҒАНДАРДЫҢ
ҮШТЕН ЕКІСІ АУЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ БОЛҒАНДЫҚТАН, КЕПТЕГЕН КОЛХОЗДАРДА ЕҢБЕК ЕТКЕНДЕРДІҢ
80%-
ЫН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАДЫ. КОЛХОЗШЫЛАР ЕҢБЕКТЕГІ ӨШПЕС ЕРЛІКТЕРІН ЖАСАДЫ. МЫСАЛЫ,
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ҚҰРМАН» КОЛХОЗЫНЫҢ ЗВЕНО ЖЕТЕКШІСІ ШЫҒАНАҚ БЕРСИЕВ ТАРЫ
ӨНДІРУДЕ ГЕКТАРЫНАН 202 ЦЕНТНЕР ӨНІМ ЖИНАП, ӘЛЕМДІК РЕКОРД ЖАСАДЫ. ҚЫЗЫЛОРДА
ОБЛЫСЫНЫҢ «ҚЫЗЫЛ ТУ» КОЛХОЗЫНЫҢ ЗВЕНО ЖЕТЕКШІСІ ЫБЫРАЙ ЖАҚАЕВ КҮРІШ ӨНДІРУДЕ
ГЕКТАРЫНАН 172 ЦЕНТНЕР ӨНІМ ЖИНАП, ӘЛЕМДІК РЕКОРД ЖАСАДЫ. ОҒАН КӨРШІ «АВАНГАРД»
КОЛХОЗЫНЫҢ ЗВЕНО ЖЕТЕКШІСІ КИМ МАН САМ ӘР ГЕКТАРДАН 150 ЦЕНТНЕР КҮРІШ ӨНДІРГЕН.
ОСЫНДАЙ ЕЛ БАСЫНА КҮН ТУҒАН КЕЗЕҢДЕ ЕРЕН ЕҢБЕГІМЕН КӨЗГЕ ТҮСКЕН ШОПАН Ж. МҰҚАШЕВ,
ҚЫЗЫЛША ӨСІРУШІ М. МҰХАМЕДИЕВА, ЖЫЛҚЫШЫ Ш. ШҰҒАЙЫПОВ ЖӘНЕ Т.Б. КӨПТЕГЕН
АЗАМАТТАР КЕҢЕС ОДАҒЫНДАҒЫ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ.
ҚАЗАҚСТАН ЕҢБЕКШІЛЕРІ МАЙДАНҒА НАН, ЕТ, ШИКІЗАТ ӨНІМДЕРІН БЕРІП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ЕГІСТІК
КӨЛЕМІН АРТТЫРЫП, МАЛ БАСЫН ӨСІРДІ. ОЛАР СОҒЫС ЖҮРІП ЖАТҚАН ЖЕРЛЕРДЕН ӘКЕЛІНГЕН 370
МЫҢ МАЛ БАСЫН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ.ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ КЕҢЕС АРМИЯСЫ ҮШІН ҰШАҚ, ТАНК
ЖАСАУҒА, ТІПТІ БҮТІН КОЛОННА МЕН ЭСКАДРИЛЬЯ ЖАСАУҒА ҚАРЖЫ ЖИНАДЫ. ЕРІКТІ ТҮРДЕ
ЖИНАЛҒАН ҚАРЖЫҒА «ҚАЗАҚСТАН КОЛХОЗШЫСЫ», «ТҮРКСИБОВЕЦ», «ҚАРАҒАНДЫ ШАХТЕРІ»,
«
ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙШЫСЫ», «ҚАЗАҚСТАН МЕТАЛЛУРГІ», «ҚАЗАҚСТАН ПИОНЕРІ» ДЕГЕН АТАУҒА ИЕ
БОЛҒАН ТАНК КОЛЛОННАЛАРЫ МЕН ҰШАҚ ЭСКАДРИЛЬЯЛАРЫ ЖАСАЛДЫ.


МАЙДАН ҮШІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 480 МЛН СОМ
ҚАРЖЫ ЖИНАДЫ. МАЙДАНҒА ЖЫЛЫ КИІМДЕР
МЕН ӘР ТҮРЛІ СЫЙЛЫҚТАР ЖІБЕРІП ОТЫРДЫ.
СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ
АТЫНАН МАЙДАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ 160 ВАГОН
СЫЙЛЫҚ ЖІБЕРІЛГЕН. СОҒЫСТЫҢ АЛҒАШҚЫ
КҮНІНЕН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР
ОТАНСҮЙГІШТІКТІҢ БИІК ҮЛГІСІН КӨРСӨТТІ.
ФАШИСТЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ СОҚҚЫСЫН
ҚАБЫЛДАҒАН БРЕСТ ҚАМАЛЫН ҚОРҒАУШЫЛАР
АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ В. ФУРСОВ ЖӘНЕ Қ.
ТҰРДИЕВ БОЛДЫ. МӘСКЕУДІ ҚОРҒАУДА ДА
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖАН АЯМАЙ КҮРЕСТІ.
АЛМАТЫДА ЖАСАҚТАЛҒАН 316-АТҚЫШТАР
ДИВИЗИЯСЫ ЕРЕКШЕ КӨЗГЕ ТҮСІП, КЕЙІННЕН 8-
ГВАРДИЯЛЫҚ И. ПАНФИЛОВ ДИВИЗИЯСЫ БОЛЫП
АТАЛДЫ. ДИВИЗИЯ ЖАУЫНГЕРЛЕРІНІҢ МӘСКЕУ
ҚОРҒАНЫСЫНДАҒЫ ЕРЛІГІ ҰЛЫ ОТАН
СОҒЫСЫНДА ШЕШУШІ РӨЛ АТҚАРДЫ. КЕҢЕС
ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ АТАҒЫНА ҚАЗА БОЛҒАННАН
КЕЙІН ИЕ БОЛҒАН П. ВИХРЕВТІҢ ЖӘНЕ АҒА
ЛЕЙТЕНАНТ Б. МОМЫШҰЛЫ БАСҚАРҒАН
БАТАЛЬОННЫҢ ҚАҺАРМАНДЫҒЫ ХАЛЫҚ
АРАСЫНА ТЕЗ ТАРАП КЕТТІ. 28 ПАНФИЛОВШЫ
ЖАУЫНГЕРДІҢ КҮШІ ӘЛДЕНЕШЕ ЕСЕ БАСЫМ ЖАУ
ТАНКІЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ШАЙҚАСЫ ӘЛЕМДІК СОҒЫС
ТАРИХЫНЫҢ ӨШПЕС ПАРАҚТАРЫ БОЛЫП ҚАЛДЫ.
МӘСКЕУ ТҮБІНДЕ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ 
Т. ТОҚТАРОВ, М. ҒАБДУЛЛИН ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ
ЖАУЫНГЕРЛІК ЕРЛІК КӨРСЕТТІ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет