Құрылыстағы геодезиялық жұмыстардың түрлері
Құрылыс алаңында жасалатын геодезиялық жұмыстар қатарын келесідей
топтастыруға болады:
1. Құрылыс алаңын таңдау:
− мәліметтер жинау, сараптау және ескеру.
2. Құрылыстық жобалану:
− топографо-геодезиялық жұмыстар (инженерлік геодезиялық ізденістер)
құрылысқа геонегіз жасау;
− инженерлік ізденіс түрлерін геодезиялық қамтамасыздандыру;
− құрылыс жобаларын қосымша мәліметтермен қамсыздандыру.
3. Құрылыс кұрамының (конструкция) жасалынуы мен әзірленуі:
− құрылыс (конструкция) құрамын бекіту кезіндегі геометриялық элементтер сипаттамаларының бақылануы;
− құрылыс құрамының геометриялық элементтер сипаттамаларының
статистикалық қадағалануы.
4. Құрылысқа дайындық кезеңі:
− жерді тегістеу немесе жобалық биіктікке келтіру;
− геодезиялық бөлу жұмыстарының негізін жасау;
− аумақты инженерлік дайындау, яғни жобалау жұмыстары, жерасты және
жер бетіндегі жұмыстарға әзерлену;
− негізгі және қосымша осьтерді жер бетіне шығару.
5. Құрылыстың негізгі кезеңі:
− құрылым элементтерніңосьтерін жер бетіне шығару;
− жерасты және жерүсті ғимараттарының бөліктерін салу кезіндегі
құрылыс−монтаждық жұмыстардың геометриялық қамтамасыздануы;
− аяқталған құрылыс элементтерінің тексеру−орындалу жұмыстары, орындалу құжаттарын толтыру;
− геодезиялық орындалу жұмыстарының жиынын тапсыруға дайындық.
6. Құрылыстың аяқталуы:
− құрылыс барысында болатын толықтай геодезиялық жұмыстардың
нәтижелері туралы техникалық есеп беру;
− тік профиль, қималар, инженерлік пландарға негізделген орындалған
жұмыстардың бас жобасының жасалуы.
Қысқаша сипаттама
Тахеометриялық түсіру - объектіге арналған жоспар жасау үшін арнаулы инженерлік тапсырмаларды шешу үшін жер үстінде орындалатын өлшемдер жиынтығы.
Топографиялық түсіру - бастапқы түпнұсқасы топографиялық карталарды немесе жер үсті жоспарларын алу үшін орындалатын жұмыстардың жиынтығы, сондай-ақ топографиялық ақпараттын басқа түрлерін алу. Әртүрлі құралдардың көмегімен қашықтықты, биіктікті, бұрыштарды және т.б. өлшеу арқылы орындалады , сондай-ақ ұшатын құрылғылардан жер бетінің суреттерін алу.
Топографо-геодезиялық жұмыстар-бұл ұсынылатын құрылыс алаңында, жобалау мен құрылыста техникалық тұрғыдан дұрыс және экономикалық тұрғыдан тиімді шешімдер қабылдау үшін өте маңызды табиғи факторларды анықтауға және зерттеуге бағытталған жұмыстардың жиынтығы. Жұмыстың қорытындысы бойынша тапсырыс беруші топографиялық- геодезиялық материалдарды, жағдай мен жер туралы мәліметтерді, барлық жер және жер асты құрылыстар мен ғимараттардың, өсімдік жамылғысының және жер бедерінің сипаттамаларын алады. Кәсіби тілде бұл материалдар гео- бағынышты деп аталады - әртүрлі жобалық құжаттарды (негіздемелік жоспар, жобалау және қайта құру жобалары, техникалық жобалар және жұмыс сызбалары) әзірлеу үшін негіз болып табылатын, осы жер телімі үшін әртүрлі масштабтағы топографиялық жоспарлар жиынтығы.Топографо-геодезиялық жұмыстар үш кезеңде өтеді:
Дайындық кезеңі
Далалық кезең
Камералық кезең
Достарыңызбен бөлісу: |