Оқытушы: Рахмет, келесі кезекте осы фракция мүшесінің сөзін тыңдайық. Сіздің баяндау уақытыңыз – 7 минут.
(фракция мүшесіне сөз беріледі)
Фракция мүшесі: Сәлеметсіздер ме, дебатқа қатысушылар, қонақтар және қарсы фракция. Мен біздің фракцияның басшысының айтқан аргументтерін толықтырып кетемін.
1. Компьютер уақытты үнемдейді. Мысалы, бөлмеде көп өрмекшілер бар, олардың әрқайсысы өз өрмегін тоқиды. Бөлмедегі өрмектің көптігі соншалық өрмекшілер еш қиындықсыз өрмек арқылы бөлменің кез-келген нүктесіне бара алады. Дәл осылай телефон арқылы үйде отырып жер шарының кез-келген қаласындағы телефонмен сөйлескендей интернет арқылы планетаның кез-келген нүктесіндегі компьютермен және оның пайдаланушы байланыс жасай алады. Интернеттен біз медицинадан бастап техниканың барлық салаларының шексіз ақпараттарын ала аламыз. Уақытты үнемдеу үшін біз бір жаққа барып, оны іздеп жүрмейміз, осы интернет арқылы керек хабарды ала аламыз. Дәл солай электронды пошта арқылы біз хат тез арада жетіп және ол хат жоғалып кетпейді деп айта аламыз. Ол бізге не үшін керек? Хабар тез арада жетеді.
2. Ойындар. Көптеген балалар бос уақыттарында далада жүріп, жаман ортаға ілігіп, нашақорлыққа, темекімен, түрлі ескерткі заттармен айналысып, өз денсаулықтарына зиян келтіріп, өз өміріне қауіп-қатер төндіреді. Олар неге бұзылады? Өйткені олар бос уақыттарын қалай өткізерлерін білмейді. Ал егер олар сабақтан кейін компьютерлермен ойындар ойнаса ше? Компьютерде әр түрлі бағдарламалар бар, осы бағдарламаларды бала өз бетінше немесе мұғалімнің көмегімен талдай алады, яғни ол сол бағдарламамен танысады. Бағдарламалар әр түрлі (мәтіндік бейнелік, графиктік суреттік) болады. Яғни бұл баланы қызықтырады. Өйткені олар далада жүрмейді, олар жаман әдеттерден аулақ болады.
3. Компьютер адамдардың сана-сезімін жетілдіреді. Мысалы кәдімгі ойынды алсақ, онда бір лабиринттен шығу керек болады делік, ойлап отырған адам бірінші қалай шығу керек екенін ойналады. Не үшін компьютерлерде мұндай ойындар дар. Өйткені бұл ойындар адамның ойлау қабілетін арттырады. Педагогика және медицинада мынандай тұжырымдар бар: баланың, жеткіншектің ойын дамыту үшін оның іс-әрекетін проблемалық жағдайға тақау керек. Сондықтан компьютер адамға пайдалы да маңызды. Сонымен біз сіздердің алдарыңызға компьютердің пайдалы жақтарын дәлелдейтін аргументтерді атап кеттік.