Компьютер пайдалы ма, зиян ба



бет5/8
Дата19.05.2022
өлшемі3.67 Mb.
#457201
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
ашык саб 2

( Мысал: ана мен бала)


Екіншіден, компьютердің ойын-сабақтары баланың есте сақтау жады мен мұқият болу қабілетін арттырады. Қалай десеңіз, ондағы ойындар өте ашық түстерден құралған. Және бала ол жерде әрбір заттың егжей-тегжейіне дейін мән беріп қарап, жаттап алады.
Үшіншіден, қолдарының жүйріктігі артады. Перне тақталарды басу арқылы баланың қолдары жаттығады.
Төртіншіден, бала компьютер ойындарынан әртүрлі ақпараттар алады және қарапайым болса да ол үшін жаңалық, жылдам болғандықтан, балақай шұғыл ойнауға, түйген ойларын тез қорытып үлгеруге бейімделеді.
Дегенмен, компьютер болса болғаны, баламыз керемет дарынды болып кетеді деп ойламаңыз. Компьютер дискілерін сатып аларда, баланың миына көп салмақ түсіретін көлемді, ұзақ уақытты талап ететінін алмаңыз. Қалай дегенмен, ондағы танымдық ойындарға сіздің де қатысып, баланың қойған сұрақтарына жауап бере алатындай, онымен әңгімелесіп-пікірлесе алатындай ойын түрлері болса құптарлық. Өйткені, компьютер қанша жерден тамаша болғанмен, балаңызға өздеріңіздей жылылық бере алмайды.
Компьютердің алғашқы шыққандағысына қарағанда қазіргі үлгілері әлдеқайда залалсыз етіп дайындалған. Сапасы жоғары, бұрынғыдай адам ағзасын сәулелендірмейді, яғни экраннан бөлінетін сәуленің күшін қайтаратын қорғаныш жабындысы бар. Оның ішінде қорғаныш сүзгілерінің арасында сұйық кристалданған немесе кәсіби сериядағы мониторлар көз жанарына қауіпсіз болып есептеледі.



Оқытушы: Рахмет, біз фракцияның ойын түсіндік. Келесі болып өз ойын баяндайтын «ЖЕҢІС« фракциясының басшысын ортаға шақырамыз. Қарсы фракцияның басшысы сияқты баяндауға 5 минут уақыт беріледі.
(фракция басшысының сөзі)


«ЖЕҢІС« фракциясы
Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер, қарсы фракция. Біз бүгін сіздермен «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба? Деген тақырыпта дебат өткізіп, пікір таласпақпыз.
Компьютер арқылы көптеген мәселелеріміз шешіліп, бірақ мүмкіндіктерге ие болдық десек те, оның адам денсаулығына қаншалықты қауіп төндіретінен көпшілігіміз хабарсызбыз. Бұл қауіпті «ғасыр ойыншығы» тұрмыста көп қолданылады. Енді зияны жөнінде.
Компьютерден шығатын электромагниттік сәуле адам ағзасына зиян. Бірақ барлық компьютерлер бірдей деуге болмайды. Соңғы кездегі компьютерлерге қарағанда ерте кезде шыққандары қауіптірек. Компьютерлер Гонконг, Тайвань сияқты Азия елдерінде жасалынады. Бұлардың сапасы соншалықта сапалы болмайды. Ал өзімізде құрастырылған компьютерлердің зиянды сәулені көбірек бөледі.
Біз әдетте, монитор зиянды деп ойлаймыз. Ал пернетақта одан да қауіптірек көрінеді. Одан тараған электромагниттік сәулелер саусақ арқылы организмге әсер етеді. Нәтижесінде жүйке ауруы пайда болады. Компьютер алдында көп отырғандардың қол, саусақ ауруларына ұшырайтындары да көп көрінеді.
Компьютер деген не?
Компьютер дегеніміз – ақпаратпен жұмыс істейтін құрылғы. Компьютерді біз бес мүше арқылы сеземіз:
1) газет, кітап, журнал оқығанда біз ақпаратты көреміз;

    1. теледидар, радио тыңдағанда біз ақпаратты естиміз,

  1. адам хабар әкелгенде біз ақпаратты сеземіз (қуанамыз немесе ренжиміз);

  2. түтін иісі пайда болса, мұрнымызбен иісін сеземіз;

  3. оқылмаған кітап, журнал, газет ұстап тұрсақ біз ақпаратты ұстаймыз.

Дегенмен, компьютер ғылыми тұрғыдан өте тез дамып келе жатса да, оның да зиянды жақтары бар. Зиянды жақтарын дәлелдейтін аргументтер тізімін келтірейк.
1) Денсаулыққа өте зиян. Мысалы, адамдарды әр түрлі ауруларға ұшыратады. Көзге зиян, компьютер адамның көзіне кері әсер береді.

    1. Ойлау және сөйлеу қабілетін нашарлатады. Компьютер сөйлемейді, яғни адам жұмысты пернелер арқылы жазып, жауап беріп, жұмыс орындайды және компьютер жұмысты автоматты түрде орындайды. Адам ойланбайды, жұмыстарды компьютер атқарады: соның салдарынан адамның ойлау қабілеті нашарлайды.

    2. Жеткіншектерді зорлық-зомбылыққа үйретеді. Қазіргі компьютерде көптеген атысып ойнайтын ойындар бар, бұл баланы қатыгездікке үйретеді.

Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн.


Компьютердің мониторындағы кескіндер адамның көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Мұны барлығы біледі десек, артық айтқандық болмас.


Компьютердің алдында телміріп көп уақыт тапжылмай отырып, денеміздегі бұлшықеттерді қажытамыз, мойынымыз бен иығымыз талып кетеді және ең қауіптісі, омыртқамызға зиян болады.


Монитор қосулы тұрған кезде оның айналасында электростатикалық өріс пайда болады. Ол айналадағы шаң-тозаңдарды адамның қолдары мен бетіне қондырады. Ал ол денсаулық үшін пайдалы болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет