1.1.8 Растырлық бейнені құрудағы бағдарламалық құрылым
Компьютерлік екі өлшемді бейнелерді құруға арналған бағдарламалар арасындағы ең танымалы Fractal Pesign компаниясының Painter, Macromedia компаниясындағы FreeHand және Faueve Matisse. Painter пакеті сурет салудағы ең спектрлі құрылымдарды және түспен жұмысты жақсы иеленді. өзінің кезегінде FreeHand бағдарламасының соңғы нұсқасы бейнені және мәтінді редактрлеуді иеленді, сонымен қатар түспен жұмыс жасауға арналған құралдардан тұрады.
Macintosh платформасында бейнені құруға арналған бағдарламалар ортасынан растрлық бейнені редактрлеуге арналған PixelPaint пакетін ерекше атауға болады.
Silicon Graphics (SGI) графикалық станциясы үшін компьютерлік бейнелі бағдарламалыр арасынан үш өлшемді модельдегі шынайы уақыт режимында әртүрлі құралдармен жұмыс жасау мүмкіндігі бар Alser Wavefront компаниясының Studio Paint3D пакеті ерекше орын алады. Пакет бейненің шексіз қабаттарымен жұмыс жасайды және алдағы әрекеттерді ауыстырудың 30 деңгейінен тұрады.
Adobe Photoshop. Кеңейтілген түрде растрлық графиканы өңдеуде Adobe компаниясының Photoshop пакеті ерекше орын алады. Қазіргі уақытта компьютерлік графикада стандартты болып табылады.
Adobe Photoshop бағдарламасының барлық басты басқару элементтері меню жолында және саймандар понелінде орналасқан. Негізгі топты диалогтық терезе құрайды – құрал палитрасы:
қылқалам палитрасы құралдарды реттеу параметрін күйге келтіруін басқарады. Қылқаламды редактрлеу режимі палитрадағы бейнені екі рет шерткеннен кейін шығады. Ctrl батрмасын басқаннан кезде қылқалам жойылады. Палитраның бос жерін екі рет шерткен уақытта палитраға автоматты түрде қосылатын жаңа қылқаламды форматтайтын диалогтық терезе ашылады.
Параметрлер палитрасы ағымдағы құралдар қасиетін редактрлеу үшін арналған. Оны меню жолынан ғана емес, құралдар панеліндегі құрал жұлдызшасын екі рет шертіп ашуға болады. Палитраны басқару элементінің құрамы таңдалған құралға байланысты.
Инфо палитрасы ақпараттық қолдау құралын басқарады. Бұнда: ағымдағы тышан сілтеуішінің координаттары, ағымдағы белгіленген аумақтың көлемі, ьейненің түс параметрлері және басқа мәліметтер анықталады.
Навигатор палитрасы бейненің әртүрлі бөліктері қарауға және көру масштабын өзгертуге мүмкіндік береді.
Синтез палитрасы ағымдағы түстің алдыңғы фонның түстік мәнәі анықтайды.
Каталог палитрасы қолданылатын түстердің жиынтығынан тұрады. Мұндай жиынтықты жүктеуге және редактрлеуге болады. Алдыңғы фонның түсн жиынтық құрамыннан алуға болады.
Қабат (слои) палитрасы басынан бастап бейненің барлық қабатын басқаруға арналған.
Каналдар палитрасы белгілеу, құру, көшіру және каналдарды жою, олардың параметрлерін анықтау, орындарын ауыстыруға арналған.
Контурлар палитрасы құрылған барлық контурлар тізімінен тұрады.
Операций палитрасы макрокомандаларды құруға арналған. Макрокомандаларды жазуға, орындауға, редакрлеуге, жоюға, файл түрінде сақтауға болады.
Бағдарламаоық ортада бейнені өңдеуде негізгі топты Филтрлеу алады.
Достарыңызбен бөлісу: |