Компьютерлік желілер пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған



Pdf көрінісі
бет11/36
Дата15.02.2024
өлшемі0.7 Mb.
#491896
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
№5 зертханалық жұмыс
Физикалық интерфейс. Желілік адаптерлер.
Сабақтың мақсаты: 
желілік адаптердің желі
платасының рөлін түсіну; желілік адаптердің плата
конфигурациясының өлшемдерін меңгеру, желілік плата
драйверлерінің қызметі мен міндеті туралы түсінік алу;
драйверлерді орнатып және жоюды меңгеру. 
Теориялық мәліметтер
1. Желілік адаптер платасының тағайындалуы
Желілік адаптер платасы компьютерлер мен желілік
кабельдер арасындағы қосылу немесе физикалық интерфейс
ретінде рөл атқарады. 
Компьютерлер мен желі арасында тиісті айыру немесе
портқа физикалық қосылуды қамтамасыз ету үшін платалар
желілік кабельге қосылады. 
Желілік адаптер платасының тағайындалуы: 
-
компьютерден түсетін мәліметтерді желілік кабель
бойынша беруге дайындау;
-
мәліметтерді басқа компьютерге беру;
-
компьютермен кабелдік жүйе арасындағы мәліметтер
ағымын басқару.
Сонымен қатар, желілк адаптер платасы кабельден
мәліметтерді қабылдайды және оларды компьютердің
орталық процессорына түсіінкті түріне ауыстырады.
Желілік адаптер платасы ПЗУ жазылған, кіріктірілген
бағдарламалар мен аппатарттық бөліктен тұрады.
1.1. Мәліметтерді дайындау.
Мәліметтерді желіге жіберудің алдында желілік
адаптердің платасы оларды компьютерге түсінікті түрден
желілік кабель бойынша бере алатын түрге ауыстыруы
қажет.
Компьютер ішінде мәліметтер шина бойынша –
параллельді беріледі. Желілік кабельде мәліметтер биттер
ағымы түрінде жылжып отыруы тиіс.
Желілік адаптер платасы параллельді мәліметтерді
қабылдайды және оларды ары қарай жөнелтуді
ұйымдастырады. Бұл үрдіс компьютердің сандық
мәліметтерін желілік кабельдер бойынша берілетін электрлік
және оптикалық сигналдарға ауысуымен аяқталады.
Бұған трансивердің өзгеруі жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет