Referer – осы ресурске ауысқан URL.
Host – сұралатын ресурс орналасқан хостттың атауы.
Егер серверде бірнеше виртуальды серверлердің бір ІР
адресінде бар болуы пайдалы. Осы жағдайда виртуальды
сервердің аты осы өріс бойынша анықталады.
Accept-Language – сүйенетін тіл. Бір құжатты бірнеше
тілдік нұсқаларда бере алады, сервер үшін маңызды.
2.3. HTTP жауабының құрылымы НТТР жауабының форматы НТТР сұратуының форматына
өте ұқсайды: оның бос жолмен бөлінетін тақырыбы және
денесі болады. Тақырып та негізгі жолдардан және
параметрлер жолдарынан тұрады. Сұратудың негізгі
жолдары бос орындармен бөлінген үш өрістен тұрады:
хаттаманың нұсқасы, қатенің коды (сұратуды орындалуының
«успешности» кодтық белгісі) және қатенің сөздік суреттелуі.
2хх коды сұратудың сәтті аяқталуын, 3хх – қайта
бағыттаудың қандайда болмасын формасына сәйкестігін, 4хх
– клиенттің кінәсінен болған қатені білдіреді, 5хх – серверде
немесе сценарийдегі қатені білдіреді.
НТТР жауабының жиі қолданылатын параметрлері:
Date – сұратудың өңделу күні.
Server –веб-сервердің атауы.
ETag – статистикалық құжаттар үшін ресурсды белгілеу.
Ол әдетте бақылау суммасына немесе файлдың
қолтаңбасына ұқсайды.
X-Powered-By – динамикалық құжаттар үшін
құжаттарды қалыптастырған қосымша. Үлгі: X-Powered-By:
PHP/5.0.3
Connection – сұратудың параметрге сәйкестігіне ұқсас.
Content-Type ("тип содержимого") – жауапты құрайтын
типтің белгісі. Content-Type мағынасына байланысты браузер
жауапты дискіде немесе тағыда басқа ретінде сақтауды
қажет ететін HTML-бет ретінде, gif немесе jpeg суретін файл
ретінде қабылдайды және керекті әрекеттерді қолданады.
Кейбір типтер text/html форматындағы мәтін (веб-бет)
қарапайым мәтін; JPEG форматындағы сурет; image/gif - GIF
форматында, application/octet-stream – дискке жазылатын
мәліметтер ағымы. Content-Type параметрінде жиі нүкте, үтір
арқылы құжыттың кодталуы көрсетіледі. Мысалы:
Content-Type: text/html; charset=windows-1251