Компьютерлік желілер пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған



Pdf көрінісі
бет6/36
Дата15.02.2024
өлшемі0.7 Mb.
#491896
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
№3 зертханалық жұмыс
Физикалық интерфейс. Бұралған жұп. UTP кабелін
қосуға арналған жабдық. 
Сабақтың мақсаттары: негізгі желілі кабельдермен
кабельдер мінездемесін суреттеуде қолданылатын
терминдер туралы түсінік алу; тар жолақты және кең
жолақты хабар туралы түсінік алу; нақты желілік
ортаға арналған оптималды кабель типін анықтай алуға
үйрену
Теориялық бөлім
Бұралған жұп
Қарапайым бұралған жұп (twisted pair) – бұл бір бірін
айнала оралған екі оқшауланған мыс өткізгіш. Кабельдің екі
типі бар (сурет 8): экрандалмаған бұралған жұп (UTP)
(unshielded) және экрандалған бұралған жұп (shielded) (STP). 


Сурет 8. Экрандалмаған және экрандалған бұралған жұптар 
Бірнеше бұралған жұптарды бір қорғау орамына жиі
орналастырады. Мұндай кабельдер олардың саны әртүрлі
болуы мүмкін. Өткізгіштердің бұралуы көрші жұпатр мен
және басқа да көздерден, мысалы, қозғаыш, релье және
трансформаторлардан туындайтын электрлік кедергілерден
құтылуға жол береді. 
Егер: 
-
ЛВС ұйымдастыру кезінде ақша қаражатына шектеулер
болса;
-
компьютерлерді қосу қиын емес операция кезінде
қарапайым орнату қажет болған кезде бұралған жұпты
пайдаланған жөн.
-
Егер жоғары жылдамдықта беріліп жатқан
мәліметтердің тұтастығына абсолютті сенімді болу
керек болса, бұрлған жұпты пайдалануға болмайды.
Экрандалмаған бұралған жұп
Экрандалмаған бұралған жұп () ЛВС кезінде кең
қолданылады, максималды ұзындығы 100 м (328 фут)
құрайды.
Экрандалмаған бұралған жұп екі оқшауланған
мысөткізгіштерден тұрады (9 сурет). Кабельдің
тағайындалуына байланысты бұралу бірлігінің санын
дұрыстайтын бірнеше өзгешелігі бар. UTP Солтүстік
Америкада телефондық желіде де қолданылады.
. 9. Неэкранированная витая пара.
Экрандалмаған бұралған жұп ерекше стандартта -
Electronic Industries Association and the Telecommunications
Industries Association (EIA/TIA) 568 Commercial Building Wiring
Standart. EIA/TIA 568 – UTP негізінде - өнімнің біркелкілігін
кепілдендіре отрып, әртүрлі жағдайларға арналған
стандарттарды орнатады. Бұл стандарттар UTP бес
категориясын енгізген.
-
Категория 1. Тек сөйлесуді ғана, мәліметті емес бере
алуға болатын дәстүрлі телефонның кабелі.
-
Категория 2. Мәліметтерді жылдамдығы 4 Мбит/с. дейін
бере алатын кабель. Төрт бұралған жұптан тұрады.


-
Категория 3. Мәліметтерді жылдамдығы 10 Мбит/с.
дейін бере алатын кабель. Метрге тоғыз бұралғышы бар
төрт бұралған жұптан тұрады.
-
Категория 4. Мәліметтерді жылдамдығы 16 Мбит/с.
дейін бере алатын кабель. Төрт бұралған жұптан
тұрады.
-
Категория 5. Мәліметтерді жылдамдығы 100 Мбит/с.
дейін бере алатын кабель. Мыс өткізгішті төрт бұралған
жұптан тұрады.
Көпшілік телефонды жүйелер экрандалмаған бұралған 
жұпты қолданады. Құрылыс кезінде көптеген 
ғимараттарда, UTP бүгінгі күннің телефондандыру 
қажеттілігі үшін орнатпайды, сонымен қатар, болашақтағы
қажеттілігін ескере отырып, артық кабельді де алдын ала 
қарастырады.Егер құрылыс кезінде орнатылған өткізгішер 
мәліметтерді беруге арналса, оларды компьютерлік желіде
де пайдалануға болады. Бірақ мұқият болу керек, өйткені 
қарапайым телефонды өткізгіштердің бұралғыштары жоқ, 
және оның электрлік мінездемелері мәліметтерді 
компьютерлер арасында сенімді және қатерсіз беру үшін 
талап етілетін мінездемелерге сай болмауы мүмкін.
Кабельдің барлық типтерінің потенциалды 
проблемаларының бірі қиылысқан бөгеуілдер болып отыр. 
(10 сурет). Қиылысқан бөгеуілдер – бұл аралас 
өткізгіштерде сигналдардан туындаған электрлік 
туралаулар. Әсіресе, экрандалмаған бұралғыш жұптар 
қиылысқан бөгеуілдерге ұшырайды. Олардың әсерін 
азайту үшін экран қолданылады.
Сурет 10.Қиылысқан бөгеуілдер – бұл көрші сызықтар 
жағындағы электрлік туралаулар.
Экрандалған бұралғыш жұптар
Бұралғыш жұптармен экрандалған кабельдің (STP) 
мыс орауы бар,сонымен қатар STPөткізгіштер жұбы 
фольгамен оралған (11 сурет) Нәтижесінде экрандалған 
бұралған жұптар берілетін мәліметтерді сыртқы 
бөгеуілдерден қорғайтын тамаша оқшаулауыштарға 
иеленеді.


Бұның бәрі STP UTP салыстырғанда электрлік 
бөгеуілдерге аз ұшырайды және сигналдарды жоғары 
жылдамдықпен және алыс қашықтарға бере алады.
Сурет 11. Экрандалған бұралған жұп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет